Menu

100 zhyl


    2016 жылы 16 қазан күні белгілі ғалым, педагог, қоғам қайраткері, профессор, экономика ғылымдарының докторы Ахмедова Нұрхан Бәтiшқызы 101 жасқа толған шағында көз жұмды. 


Бiлiмнiң кілтi ғылым : Белгiлi ғалым, қоғам қайраткерi, профессор, экономика ғылымдарының докторы және кiтапханатанушы Ахмедова Нұрхан Бәтiшқызының өмiр жолы мен қызметi/ҚР ҰҒА. ОҒК; Құраст.: К.Қ. Қойшығарина; Библ. ред.: Л.Д.Әбенова, С.С.Ақашева, Д.Ж.Омарбекова, Т.В.Вдовухина; Бас ред.:А.К.Қошанов; Жауапты ред.:К.К.Әбуғалиева. - Алматы, 2002. - 107б. : ил.,портр. - ISBN 9965-473-21-8

 Дочь степи (К 90-летию Ахмедовой Нурхан Батишевны, докт.экон.наук, профессора)/ Гл.ред. А.К.Кошанов;Отв.ред.К.К.Абугалиева;МОН РК,ЦНБ. - Алматы, 2006. - 153с. :ил.:фото. - (Деятели науки и культуры Казахстана). Книга "Дочь степи"посвящена жизни и творчеству известного ученого, педагога, государственного деятеля, профессора, доктора экономических наук Ахмедовой Нурхан Батишевны, внесшей значительный вклад в становление и развитие Центральной научной библиотеки Академии наук Казахстана.

  Біржанов Х. Қанағатшыл, мейірбан адамдар ұзақ жасайды // Алматы ақшамы, 2015.12.21.

   Майлыбаева С. Алаш рухының аруанасы // Алматы ақшамы, 2015.10.14

 

  

Нұрхан Бәтішқызы Ахмедова 1915 жылдың 21 желтоқсанында дүниеге келген.

1938 жылы Москваның Теміржол транспорты институтын бітіріп, Түркістан-Сібір теміржол басқармасының жүк тасымалдау қызметіне инженер-экономист болып жұмысқа жіберілді.

1939-1948 жылдары Қазақстан Орталық комитеті Лениншіл Коммунистік Жастар одағының секретары болып сайланды. Еліміз үшін ең ауыр кезеңде майданға 46 ұрыс машинасын жөнелткен «Қазақстан комсомолы» танктер колоннасын құруға белсенді атсалысты.

1948-1953 жылдары Н.Б.Ахмедова Қазақстан К/б/П  Орталық комитетінде Әйелдер арасындағы жұмыс бөлімін басқарды. 

1953 ж. Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасына түсіп, 1955 жылы «Роль социалистического размещения производительных сил в экономическом развитии Казахской ССР» деген тақырыптағы  диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.

1957 ж. 1 наурызынан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының жарлығымен   Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының директоры болып тағайындалады. Бұл кітапхананың ірі ғылыми-ақпараттық мекеме болып құрылу, қалыптасу кезеңі еді. 

Н.Б.Ахмедова кітап қорының отандық және шетел әдебиеттерімен ғылыми негізде толықтырылуына мүмкіндік жасады. Кітапхана ісінің кей салаларының дамуы үшін мамандарды таңдау, оқыту, мамандарды дұрыс орналастыру, кітап қорын одақтас республикалар кітапханаларының қорларынан алынған кітаптармен толықтыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды. Кітап қорын қалыптастыру  мәселесін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзі қадағалады. Совет Одағының түкпір-түкпіріндегі ірі кітапханалардың  резервтегі қорларынан ОҒК қызметкерлері іріктеп алған кітаптар Алматыға контейнерлермен жеткізіліп отырды.

Нұрхан Бәтішқызы басқарған 30 жыл ішінде Орталық ғылыми кітапхана одақтағы академиялық кітапханалар  арасында алдыңғы орында болды. Ал, ең үлкен еңбегі – Халықаралық кітап  алмастыру жұмысын дамытуы болды.  Н.Б.Ахмедова басшылық еткен кезеңде кітапхана әлемнің 46 елінің 266 ғылыми мекемесімен, атап айтқанда, әлемнің ірі кітапханалары –  АҚШ-тың Конгресс кітапханасы, Париждің Ұлттық кітапханасы, Нью-Йорктегі көпшілік кітапхана, Пекиннің Мемлекеттік кітапханасы және т.б. кітапханалармен кітап алмастыру жұмысын жолға қойды. 80-жылдары әлемнің 61 мемлекетіндегі 870 ғылыми мекемемен кітап алмасу жұмысын жүргізіп, кітапхананың шетел ғылыми әдебиеттер қоры Орта Азия аймағындағы кітапханалар арасында ең үздігі болды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және кітап қорын сақтау мақсатында  Сирек кітаптар, қолжазбалар және қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер қоры мен кітаптарды түптеу және қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылды. Ғалымдардың ақпараттық сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында  Нұрхан Бәтішқызы Ғылыми-зерттеу институттары жанынан 21 кітапхана филиалын құру және оны жетілдіру мақсатында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесін құруға  жәрдем жасады. Сонымен бірге, кітапхана ісіндегі негізгі іздеу аппараты – каталогтарға үлкен мән беріп, кітап қорын толықтыру мен каталогтарға редакция жасау жұмысына ғалымдарды тартып, ғылыми-көмекші аппараттың сапасын көтерді. Кітап қорын насихаттауға үлкен көңіл бөлді, ғылым дамуының маңызды мәселелері жөнінде шетелдік баспалар мен фирмалар басылымдарының тақырыптық көрмелерін ұйымдастырды.

 Н.Б.Ахмедованың басшылығымен библиографиялық көрсеткіштерді құрастырудың негізгі бағыттары, кітапхананың кітап қорының негізінде зерттеу тақырыптарын тұжырымдау, Қазақ ССР ҒА ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысына сәйкес кітап қорын жинақтаудың тематикалық-типологиялық жоспарын зерттеу және құрастыру, ғылыми негізде ағымдағы және өткенді шолатын библиографиялық құралдар шығарылды.

Сол кезеңдерде, Қазақ ССР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы – елімізде алғашқылардың бірі болып есептеуіш техникалардың көмегімен жұмыс жүйесін автоматтандыру жұмысын қолға алды.

Нұрхан Бәтішқызы  қоғамдағы экономикалық ғылыми ортада беделді жан. 1972 жылы «Проблемы развития и размещения промышленности Казахстана»  атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап, кейіннен монография етіп шығарды.

1977 жылы 20 қаңтарда Ғылым академиясының Президиумының бұйрығымен  Қоғамдық ғылымдар саласында ғылыми ақпараттарды ұйымдастыру  (ОНИОН) СОПС бөліміне меңгерушілікке тағайындалды. Сонымен қатар, Орталық ғылыми кітапхана директоры қызметін де атқарды.

1987 жылдан бері құрметті еңбек демалысында.

Н.Б. Ахмедованың бүкіл көп салалықызметі үкіметтің жоғары наградаларымен марапатталған.

 

 

МҰРА: Орталық ғылыми кітапхананың 70 - жылдық мерейтойына арналған жинақ/Құрастырушылар: К.К.Әбуғалиева, Р.Т. Бірімжарова, Қ.Е. Қаймақбаева. - Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2002. - 250 б.

ISBN 9965-473-50-1        ББК 78.33

 Сіздердің назарларыңызга ұсынылып отырған "Мұра" атты жинақ Орталық ғылыми кітапхананың 70 жылдық мерейтойына және кітапхана оқырмандарына арналады.

Жинақ 3 бөлімнен тұрады. 1- ші бөлім "Кітапхана - ғылым, мәдениет және руханият орталығы" деп аталып, Ғылым академиясы ғалымдарының, әр кезеңдегі кітапхана оқырмандарының мақалалары мен сөздерін берген. "Біздің мерейтой" атты 2-ші бөлім осы кітапханаға арналған құттықтауларға арналған. "Орталық ғылыми кітапхананың алтын қорынан" атты 3-ші бөлімде Сіздер Орталық ғылыми кітапханаға сыйлық ретінде табыс етілген ғалым- дарымыздың, мәдениет, өнер кызметкерлерінің және жазушыларымыздың қолтаңбасы қойылған сирек және кұнды әдебиеттермен таныса аласыздар. Жинақ түрлі-түсті суреттермен, иллюстрациялармен безендірілген. Сонымен қатар жинақта атаулар көрсеткіші, қысқартылған сөздер және авторлар туралы мәліметтер берілген.

Бұл жинақ кітапханаларға, акпараттық орталықтарға, сондай-ақ кітапханатану ісімен айналысушы көпшілік қауымға арналған.

         Ғылыми кітапхананың тарихы 1932 жылы ССРО Ғылым академиясының   Алматыдағы  Қазақстандық  базасының алғашқы  ғылыми бастауыш ұйымының  ашылуымен басталды. Құрамында  зоологиялық және ботаникалық екі секторы болды.

Ғалымдардың сыйға тартқан  2,5 мың  дана кiтаптары  Калинин  көшесiндегi (қазiргi Қабанбай батыр көшесі) шағын ғимараттың бiрнеше бөлмелерiнде  орналастырылды.  Кiтапхана осында ширек ғасырдан астам өмір сүрді.

1938 жылы  Қазақстандық база ССРО ҒА Қазақ филиалы болып өзгертілді. Кiтапхана қорының саны  30 мың данаға жетіп, штаты 4 адамнан тұрды.

1946 жылы Қазақ ССР  Ғылым Академиясының құрылуымен кітапхана Орталық ғылыми кiтапхана статусын алды. Кітапхана  дамуының  және ғылыми деңгейінің маңыздылығын анықтаудың басында  ҚазССР Ғылым Академиясының бірінші Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұрды. Осы кезеңнен бастап Орталық  ғылыми кітапхананың қалыптасу, дамуының  жаңа және негізгі кезеңдері басталды.   

1947 жылдан бастап ғылыми-зерттеу мекемелерінің тақырыптары бойынша міндетті ақылы  басылымдар және Москва, Ленинград, Рига, Львов, Ташкенттің ірі кітапханаларының дублеттік қорларынан да кітаптар алына бастады.

ҚазССР ҒА бiрiншi  президентi Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен атақты ғалым-академиктер В.Л. Комаров, А.Д. Архангельский,  Н.С. Курнаков және  Д.К. Зелениннің  жеке кiтапханалары  алынды. Бұл  ғылыми  құнды кітапханалар  ОҒК  қоры сапасының маңыздылығын  арттырды. 1950 жылға  қарай кiтапхана қоры    152 мыңға  дейiн  жетіп, екi есе көбейді.

1946-59 жж.  зоология, химия, геология, астрофизика, металлургия, кен байыту, ботаника және т.б. ғылыми-зерттеу институттарында ОҒК алғашқы бөлімшелері   пайда бола бастады. Ғылым Академиясың алғашқы жаратылыстану секторларының құрылуы Орталық ғылыми кiтапхананың қорын жинақтау бағытын ұзаққа белгіледі.

50-ші жылдары ОҒК-ның библиографиялық қызметi    қарқынды жүре бастады. ҚазССР Ғылым Академиясы басылымдарының бес жылдық (1945-1950) алғашқы көрсеткiшi шықты.

1951 жылдан бастап  8 халықтық- демократиялық мемлекеттің ғылыми мекемелерімен , сондай-ақ Англия және Франциямен Халықаралық кітап алмасу (ХКА) орнатылды. ОҒҚ үшін Халықаралық кітап алмасудың құрылуы және дамуы халықаралық байланыстың  бір түрі – отандық ғылымды насихаттаудың әдісі , шетел әдебиетін валютасыз алудың дереккөзі болып табылады.

Осы жылдары кітапханада шетел әдебиеті бөлімі (1956)  және қазақ әдебиеті, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі (1959) ұйымдастырылды. Осы кезеңде кітапханада қазақ тіліндегі  әдебиеттер, әсіресе өткен жылдар басылымдары аз болды, ал Қазақстанның мерзімді басылымдары болмады. Бөлімдердің құрылуы шетелдік ғылыми басылымдар мен  ұлттық әдебиеттерді жинақтап, оны оқырмандар арасында  насихаттау жұмыстарын  жолға қоюға, сондай-ақ ғылым үшін үлкен құндылығы бар сирек басылымдарды сақтауды қамтамасыз ету үшін аса қажет болды.

1958 жылы  кiтапхана Академиямен бiрге  жаңа, қазiргi ғимаратқа көштi. Ғалымдар мен мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы мүмкіндік туып, 100 орындық 2 оқу залы ашылды және абонемент пен каталогтар бөлмелері кеңейтілді.

1979 жылы негізгі кітап қоймасына  жалғастырылып  тағы бір павильонның  салынуы  кітап қорын жинау, әдебиеттерді өңдеу, қорларды сақтау  және т.б. қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне де жақсы жағдай тудырды. Микрофильмдермен  мен фотокөшiрмелер жасайтын лаборатория, ағаш шеберлiгi мен кітап түптеу шеберханалары ашылды.  Кiтапхана ұжымында  148  қызметкер жұмыс жасады.

Заманымыздың 60-80 жылдары Орталық ғылыми кітапхана ҒЗЖ және ҒӘЖ үйлестірілген жоспарына сай   еліміздің ірі кітапханаларымен тығыз байланыста болды. ОҒК халықаралық, бүкілодақтық, республикалық ғылыми конференцияларға қатыса бастады. АҚШ, Канада, ҚХР, Жапония, Франция, Германия және т.б.шетелдік кітапханалармен байланысы белсенді түрде дамыды.

1983 жылдан  Орталық ғылыми кітапхана,  республикадағы  кiтапханалардың алғашқыларының бiрi болып, кiтапханалық-ақпараттық процестердi автоматизациялауды енгiзудi  қолға алды. Қазақстан Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелерінің абоненттерін автоматтандырылған  ИРИ жүйесі тәртібінде  ВИНИТИ дерек қорымен қамтамасыз етті. Кітапханада  АЖ «Ретроспективті ізденіс», АЖ «Библиография», АЖ «КАА»  жұмыс істеді.

1990 жылдар  басында ОҒК-ны комплекстік автоматизациялау мәселелері туындады. 1994 ж. кiтапхана автоматтандырылған кiтапханалық-ақпараттық (АИБС) МАRC-SQL жүйесiмен жұмыс жасай бастады. ОҒК электронды  катологты, өзiнің ақпараттық өнімдерін тақырыптық деректер базасы түрінде құруды қолға алды. 

   90 жылдары  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуына негізделген жаңа социомәдени жағдай, кiтапхананың әлеуметтiк және функционалдық шеңберiндегi қызметiн кеңейтті.   

  1996 ж. ОҒК–ТМД  Ғылым Академиясы Халықаралық Қауымдастығының және Балтия елдерінің (ҒАХҚ) мүшесі.

    1998 ж.  ОҒК– Қазақстан Республикасы Кітапханалар Қауымдастығының мүшесі.

   1999 жылы 17 шiлдеде  Қазақстан Республикасы үкiметiнiң қаулысымен  Орталық ғылыми кiтапхана Мемлекеттiк республикалық қазыналық мекеме,  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министiрлiгi “Орталық ғылыми кiтапхана” болып  аталды. ОҒК даму динамикасы  өткен дәстүрiне сүйене отырып, дамудың жаңа жолдарын iздеудi,  шаруашылықтың жаңа түрлерiн үйлестiрудi  көздедi.

    2001ж. ОҒК – Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық Консорциуымын  құрушыларының  бірі.

     2012 ж.  ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК  Ғылыми кітапханасы  болып өзгертілді.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo