ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітаптар қоры бар, ғылыми жаратылыстану депозитарий функциясын (қызметін) атқарушы орын. (5,7 млн.экз.)
Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай жиынтығынан тұрады. Деректердің ауқымы өте үлкен:қолжазбалардың түпнұсқалық түрінен бастап, заманауи электронды ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аумақты қамтиды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі.
Сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері қоры - 9,9 мың дананы құрайды..
Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры – кітапхананың мақтанышы болып саналады. Мұнда революцияға дейінгі өте құнды қазақ әдебиеттері Қазақстанның басқа кітапханаларының жиынтығына қарағанда толық сақталуды. Осы бөлімшеде Ғылым академиясында қорғалған диссертациялардың толық қоры сақталады. Кітап қоры әр саланы қамтитын 7 бөлімнен тұрады.
Шығармалардың жалпы хронологиясы ХІІ, ХVІ-ХХ ғасырлар. Қолжазбалар тарихи құжаттар мен қазақ әдебиетінің жәдігерлерлері болып табылады.
Орыс тіліндегі сирек кітаптардың біразы қазақ халқының тарихын, археологиясы мен этнографиясын зерттеуші орыс ғалымдарының басылымдарынан тұрады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Республикалық маңызы бар ақпаратттық орталық.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:
- Орталық ғылыми кітапхана қорындағы ұлттық байлық және ғылыми құндылық болып табылатын ғылыми, мәдени және тарихи құжаттарды насихаттау;
- Сирек құжаттарды, қолжазбаларды және басқа да деректемелерді сандық түрге көшіру
- Ғылыми-библиографиялық және ақпараттық оқу құралдарының, академиялық ғылыми журналдардың толық мәнді деректер базасын (БД) құру
- Электрондық каталог жүргізу
- Әлемдік ақпараттық орталықтар мен баспалардың деректер базасына (БД) қол жеткізуді қамтамасыз ету
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы – халықаралық кітап алмасу орталығы, әлемнің 65 еліндегі 466 ғылыми мекемемен серіктес және Қазақстандағы 900 мыңнан аса шетелдік ғылыми әдебиетттер қорын сақтаушы.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы - Республикадағы ғылыми-библиографиялық қызмет көрсету орталығы. Бірнеше библиографиялық сериялардың зияткерлік меншік сертификатына ие:
- «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық»
- «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы»
- «Ұлы тұлғалар»
- «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері»
Қазақстан ғылымының іргелі және қолданбалы зерттеулерін библиографиялық ақпараттармен қамтамасыз ету үшін Орталық ғылыми кітапхана көптеген ғылым салалары бойынша өңірлік, проблемалық-тақырыптық, ағымдағы және ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер шығарады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы - Білім және ғылым министрлігінің іргелі және қолданбалы зерттеулеріне қатысушы және орындаушы.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы – Ғылыми-зерттеу институттары жанындағы кітапханар желісінің (или торап) орталығы:
Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты, Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Зоология және жануарлар генефонды институты, Қазақ Тағамтану академиясы, Математика институты, Ионосфера институты, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты, Ботаника және фитоинтродукция институты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы