85 жыл

2017 жылдың наурыз айының 29-да Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жарық көрген кітаптардың таныстырылымы, тұсау кесер рәсімін өткізді. 2016 жылыдың 7 қыркүйегінде «Қазақстандағы және оның батыс өлкесіндегі қазақ баспасөзінің дамуын, алғышарттарын, сол кездегі қоғамда қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды, баспасөз ісі маңында жүрген тарихи тұлғалардың өмірбаянын, қоғамдық-саяси қызметін бірлесе зерттеу» мақсатында жасалған әріптестік меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум нәтижесінде бірнеше жұмыстар атқарылды, жұмыс нәтижесімен бөлісіп, ғалымдармен ақылдасу, пікір алмасу мақсатында Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі дөңгелек үстел ұйымдастырды.

                                    

 

                icon video Қазақстан

                icon video Уран фильм

Жарық көрген кітаптар:


«Ұран» газеті. 1917-1918. Жоба авторы, ұйымдастырушы Жантас Набиоллаұлы. Жинақты құрастырып, газет мәтінін араб әліпбиінен аударған Қазбек Құттымуратұлы. Орал, 2014 - 400 б.

1917 жылдың шілде айынан бастап 1918 жылдың ортасына дейін Орда қаласында шығып тұрған «Ұран» газеті туралы бұл жинақта басылымның осы кезге дейін табылған сандары қазіргі әліпбиге аударылып ұсынылып отыр. Сондай-ақ мұнда газет шығарушылары Ғ.Мұсағалиев, Н.Манаев туралы деректер, «Ұран» газеті жайлы зерттеулер, көне суреттер қоса берілген. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған зерттеуші М.Ысмағұловтың жеке қорындағы деректер осы жинақта тұңғыш рет жарияланып отыр.

 

 

 


«Хабар-Известия» 1918., «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда» 1919/ құраст. Қазбек Қуттымұратұлы. - Орал 2015-680 б.

Жоба авторы, ұйымдастырушы: Жантас Набиоллаұлы.

Газет мәтіндерін араб әліпбиінен аударып оқығандар - Ерсайын Мергенбаев, Муратбек Жахатов.

Жинақты құрастырып, алғысөзін жазған - «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы Батыс Қазақстан баспасөз тарихын зерттеу орталығының басшысы Қазбек Құттымұратұлы.

Бұл кітап қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында 1918-1919 жылдары шығып тұрған «Известия областного исполнительного комитета совета крестьянских, рабочих, киргизских, красноармейских и ловецких депутатов» - «Ішкі ордалықты басқарушы областной кіндік камитеттің Хабары» (қысқаша «Хабар-Известия») және «Киргизская правда областного исполнительного комитета советов крестьян­ских, рабочих, киргизских, красноармейских и ловецких депутатов» - «Қазақ дұрыстығы Ішкі Ордалықты басқарушы областной кіндік комитеттің хабары» (қысқаша «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда») газеттеріне арналған. Бөкей ордасына совет өкіметі орнап жатқан алмағайып кезеңде жарық көрген бұл басылымдарда сол бір қиын кездердің көрінісі, ұлт зиялыларының білім, халық ағарту жолындағы қызметтері көрінеді. Кітап қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілерге, жалпы оқырман қауымға арналған.


САФУЛЛИН Ж. «Дұрыстың жолы»: газеті. 1919 (ғылыми-танымдық жинақ) / Жантас САФУЛЛИН Орал, 2016. - 298б

Жоба авторы: Жантас Сафуллин. Жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған Қазыбек Құттымұратұлы. Газет мәтінін төте жазудан аударып оқыған - Ерсайын Мергенбаев, Т. Сафиевтің араб әрпіндегі қолжазбасын аударып оқыған - Гүлмару Мырзағалиева.

1919 жылдың ақпан-шілде айларының арасында Орда қаласында шығып тұрған «Дурыстық жолы» газеті туралы бұл ғылыми-танымдық жинақта басылымның Ресей Федерациясы мемлекеттік кітапхана қорында сақталған тігіндісі қазіргі әліпбиге аударылып ұсынылып отыр. Сондай-ақ мұнда газеттің редакциялық алқа мүшелері -Ғ. Қараш, Ғ. Мұсағалиев, М. Көкебаев, X. Есенбаев, Т. Сафиев туралы деректер, көне суреттер қоса берілген. Бұған қоса Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған зерттеуші М. Ысмағұловтың жеке қорындағы Тамимдар Сафиевтің өте құнды естеліктері осы жинақта түңғыш рет жарияланып отыр.

Кітап баспасөз тарихын зерттеушілерге, журналистика факультеті студенттеріне, жалпы көпшілік оқырмандарына арналған.


Қос газеттің тарихы //История двух газет: Жоба авторы:Жантас Сафуллин: Қүрастырушылар: Есенжол Қыстаубаев, Қазбек Құттымұратұлы, Владислав Ярлов, Жаннат Тоқтарова  (Мерейтойлық жинақ - Юбилейный сборник) - Орал, 2013 - 436 б.

Тарихымыз тереңде

Бұл кітап Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдығына арналған. Алғашқы саны 1918 жылы жарық көрген бұл басылымда әр жылдары Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ахмет Мәметов, Қасым Аманжолов т.б. ұлт зиялылары қызмет еткен. Жинақта қос басылымның ғасырға жуық тарихы, газет редакторлары, редакцияда қызмет еткен журналистер туралы мәліметтер, көне суреттер барынша молынан қамтылады. Кітап қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

  


Қазақстан:Орал, 2012. - 400 + 8 бет сурет

Қолдарыңыздағы жинақ ұлтымыздың тұңғыш басылымдарыньщ бірі, 1911-1913 жылдары Астрахан жэне Орал қалаларынан шығып тұрғаи «Қазақстан» атты газетке арналған. Кітапта газеттің Ресей мұрағаттарында сақталған 16 нөмірінін түпнұсқасы жэне казіргі әліпбиге көшірілген толық нұсқасы тұңғыш рет сол күйінде беріліп отыр. Сонымен қатар «Қазақстан» газетін шығарушы азаматтар туралы мәліметтер, «Қазақстан» газетінің шығарушылары туралы зерттеген Хайыржан Бекхожин, Мустафа Ысмағұлов, Исатай Кенжэлиев, Максат Т әжімұрат секілді ғалымдардын еңбектері, баска да авторлардың газет макалалары, сондай-ақ дэл осы «Қазақстан» газетінің өз баспаха- насынан 1912 жылы Орал қаласында басылып шыққан «Ызың» атты жыр жинағындағы шығармалар топтастырылды. Жинақ көпшілік окырман қауымға арналған.


 

 

Дөңгелек үстелдің қонақтары ғылыми зерттеу институттарының директорлары, аға ғылыми қызметкерлері және осы тақырып аясында зерттеу жүргізіп жүрген зерттеушілер, жазушылар, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері,  ҚР ҰМ кітап палатасының қызметкерлері және баспасөз қызметкерлері болды.  Кіріспе сөзді Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш ханым бастап әріптестік меморандум аясында қордағы сирек газеттер мен кітаптар алмасу болғандығын, жұмыс жүргізілу барысына тоқталып өтті. «Жайық Пресс» ЖШС-нің директоры Сафуллин Жантас мырза кітаптағы деректердің жиналуын, даярлануын баяндап берді. Сонымен қатар жақын арада баспаға берілетін қолжазба кітаптары Ғұмар Қараш туралы айта келе, ғалымдардан ақыл кеңесін сұрай келгендігін жеткізіп, өмірбаяны туралы қысқаша деректі фильм тамашаланды. Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Әбжанов Хангелді мырза, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.д. Смагулова Светлана ханымдар тарихшы ретінде өз пікірлерін айтып, еңбектеріне жеміс тіледі. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкерлері ф.ғ.д. Қорабай Серікқазы, ф.ғ.д. Гүлжаһан Орда, ф.ғ.к. Айсұлу Ойсылбай, Әлібеков Тоқтар, филол.ғ.д., «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Мадиев Сансызбай және ф.ғ.д. Жұбаева Орынай сынды ғалымдарымыз еңбекті талдау жасай отырып, құнды кітап екендігін жеткізді. Ал ҚазҰУ Журналистика факультетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Мектептегі Аманқос мырза мен жазушы Қойшыбай Бейбіт мырза жасалатын жұмысқа, кітапқа қолдау білдіретіндігін, бұл жұмыстың алға басуына үлес қосуға даяр екендіктерін жеткізді. Келген қонақтардың барлығына кітаптар таратылды.

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • 2017-06-01 күнінен бастап статистика
  • Барлық қаралған: 3697
  • Барлық қолданушылар: 2637
  • Ораташа уақыт: 00:09:53
  • Парақша қолданушылары: 1
  • Барлық қолданушылар саны
    271.507