85 жыл

ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдығы, Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасының 85 жылдығына орай 2017 жылы 16 наурызда сағат 10.00-де «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің тұсаукесер рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

 

                                        

Алқалы жиынға еліміздің жетекші ғалымдары, ҚР ҰҒА академиктері – Қожахметов С.М., Пралиев Қ.Ж., Сабден О.С., Пак И.Т., ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері – Әбжанов Х.М., Ермуратов С.Е., Дуйсен Ғ.М., Абенов М.М., Абусеитова М.К., Мұхамеджанов М.А., Жармухамедов Н., және т.б. жас ғалымдар мен  кітапхана мамандары қатысты.

Көрсеткіш толықтырылып шығарылған анықтамалық басылым болып табылады. Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтің және республиканың қалыптасуының ең маңызды кезеңдері хронологиялық жүйелілікте ұсынылған, 100-жылға жуық кезеңді қамтиды.  Ғылым Академиясының қызметіне  тікелей қатысы бар, еліміздің  жалпы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін құратын  республиканың ғылыми және білім беру мекемелерінің ұйымдастырылған күндері көрсетілген. 

Аталған еңбек тарихшыларға, ғалымдарға, ғылымды басқару саласының қызметкерлеріне, мамандарға, сондай-ақ Ғылым Академиясының қалыптасу тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға арналған.

Іс шараға арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің бірінші бөліміне 1946 ж. ҚазақССР ҒА ашылуына байланысты Қ.И. Сәтбаевтың редакциясымен шығарылған басылымнан бастап ҒА сессияларының материалдары және осы академияның тұңғыш Президенті Қ.И. Сәтбаевтың еңбектері қойылды. Келесі бөлімде Орталық ғылыми кітапханада ғылымның әр саласы бойынша әр жылдары жарық көрген библиографиялық көрсеткіштермен танысуға болады. Атап айтсақ: «Ұлы тұлғалар» сериясы, «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» сериясы, «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясы, «Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» сериясымен шыққан басылымдар. Сонымен қатар ОҒК 2012-2014 жж. гранттық жобамен сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының материалдары бойынша шығарылған басылымдар қойылды.

 

• РГП «Ғылым ордасы» бас директоры Б.Тультаевтын «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы. Оқиғалар хроникасы» көрсеткішінің тұсау кесеріндегі құттықтау сөзі

• Презентация указателя «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» (видео)

Xronika123 

  Национальная академия наук Республики Казахстан. Хроника событий 

 

 

 

 

 


Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • 2017-05-01 күнінен бастап статистика
  • Барлық қаралған: 8356
  • Барлық қолданушылар: 5983
  • Ораташа уақыт: 00:09:50
  • Парақша қолданушылары: 1
  • Барлық қолданушылар саны
    261.519