Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасының құрылғанына 85 жыл толуы қарсаңында, 2017 жылдың 8 ақпан күні Орталық ғылыми кітапханада, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша шығарылған кітаптың тұсаукесері өтті.
Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов 1932 жылғы 15 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданының (бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас ауданының) Қарлығаш ауылында дүниеге келген.
Бастауыш мектепті 1941 ж. Төңкеріс ауылында бітіреді, Фурманов (Есалы) ауылында жетіжылдық мектепте оқиды. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдайды. 1957 жылы желтоқсанда Талдықорған облыстық комсомол комитетінің комсол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары және бюро мүшесі қызметіне бекітіледі.
1962-1964 жылдары Т.Ә. Бейісқұлов Алматы облыстық партия комитетінде нұсқаушы және лекторлар тобының жетекшісі болып жұмыс істейді. Оның бұдан кейінгі он сегіз жыл өмірі радио мен телевизия саласына арналды.
Қаламгердің ғылыми-шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, нақақтан атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен хикметін зерделеу, көпшілікке жеткізу. Бұл іске 40 жылға жуық өмірін арнады. 1970 жылы журналистік зерттеуден басталған бұл жұмыс ұзаққа созылды. Міне, осы бағытта бірсыпыра жұмыстың басы қайырылды. «Б. Майлин – публицист» (1979 ж.), «Қанатты қаламгер» (1983 ж.), «Дарын даралығы» (1994 ж.), «Бейімбетті атқан кім?» (2000 ж.) еңбектері жарық көрді, «Би аға» естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің арқасында «Қилы заман азабы» (2003 ж.) кітабы шықты. 2005 жылы «Бейімбет Майлин және ұлт өнері» атты деректі-публицистикалық эссесі баспадан жарық көрді.
Т.Ә. Бейісқұлов 1997 жылы «Бейімбет Майлин – сыншыл публицист» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ол Республика Әлеуметтік ғылымдар академиясының 2001 жылғы 30 шілдедегі жалпы жиналысының шешімімен Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. 2003 жылдан әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетіндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
Аталған іс-шараға Тоқтар Әбдірахманұлының бірге қызметтес болған әріптестері, жанұясы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, К.И. Сәтбаев атындағы ҰТЗУ кітапханасы, ҚБТУ т.б. кітапханалардың қызметкерлері қатысты. Іс-шараға Т.Ә. Бейсқұловтың еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қаламгердің еңбектері, шығармашылығы туралы жазылған естеліктер, мақалалар ұсынылған. Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.
«Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша шығарылған Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған кітаптың тұсаукесері рәсімінің соңында қонақтарға кітаптар таратылды.
Көрмеге қойылған әдебиеттер:
- Арынбеков Ж.С. Тоқтар Бейісқұлов - Б.Майлин шығармаларын зерттеуші //ҚазҰУ хабаршысы, филология сериясы.-2012.-№3.-201-205 б.
- Әсіпұлы С. Бейімбеттанушы тағлымы //Ақиқат.-2010.-№10.-97-100 б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Қоштаспаймын, Махаббат!: Эпистолярлық повесть. - Алматы: Қағанат - ҚС, 1999. – 100б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Дарын даралығы. - Алматы: Қазақстан, 1994. – 136б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Қаза мен Аза: Роман-эссе. - Алматы, 2000. – 402б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Қилы заман азабы. - Алматы: Ғалым, 2003. – 320 б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Майлышат. – Алматы: Бастау, 2002. – 120 б.
- Бейiсқұлов Тоқтар. Үйгентас өңiрi. - Алматы, 2001. – 176б.
- Бейiсқұлов Тоқтар Кеудесiн оққа тосып...: Мектеп балаларына арналған. - Алматы: Жазушы, 1975. – 37б.
- БейiсқұловТоқтар. Бейiмбеттi атқан кiм?: Деректi эссе-толғау. - Алматы: Тоғанай Т, 2000. – 160б.
- БейiсқұловТоқтар. Қанатты қаламгер: Б.Майлиннiң публицистiк творчествосы туралы. - Алматы: Жазушы, 1983. – 200б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Жалған жаланың құрбандары. - Алматы: Тоғанай-Т, 2014. – 232б.
- Бейісқұлов Т. «Жетісудың» жетістіктері //Ақиқат. -2009.-№12.-48-51 б.
- Бейісқұлов Т. Азамат //Жұлдыз. -2008. -№9. -175-177 б.
- Бейісқұлов Т. Ақиқатты айту – арға жүгіну //Парасат.-2010.-№11.-24-26 б.
- Бейісқұлов Т. Ана тілімізсіз өмір тұл //Таң-Шолпан.-2010.-№5.-76-85 б.
- Бейісқұлов Т. Әсемдік әлемі. Б.Майлиннің туғанына 100 жыл толуына орай //Парасат.-1994.-№7.-8-9 б.
- Бейісқұлов Т. Бейімбет Майлин қазасының себептері //Таң-Шолпан. - 2010. - №2.-140-152 б.
- Бейісқұлов Т. Білгір тарихшы, қамқоршы //Мәдениет .-2010 .-№2. -9-14 б.
- Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары: 1986-жылғы оқиға қаһармандарына ескерткіш. - Алматы: Мерей, 1994. - 224 б.
- Бейісқұлов Т. Көзден де, көңілден де таса қалған // Ақиқат.-2004.-№9.-46-54 б.
- Бейісқұлов Т. Кім қалай жазған // Ақиқат.-2004. -№8. -60-76 б.
- Бейісқұлов Т. Қазақстан калай отарланды // Ақиқат. -2003. -№11. -60-65 б.
- Бейісқұлов Т. Қазақстан калай отарланды // Ақиқат. -2004. -№1. -55-60 б.
- Бейісқұлов Т. Қайсар да , арлы азамат //Ақиқат. -1996. -№6. -50-54 б.
- Бейісқұлов Т. Қанатты қалам иесі //Жұлдыз.-1979.-№11.-213-215 б.
- Бейісқұлов Т. Қанды қырғын құрбандарының бірі. Мәдениет қайраткері Сағыр Камаловтың қайғылы тағдыры //Мәдениет.- 2011. -№5. -38-41 б.
- Бейісқұлов Т. Қуғындалған қазақ азаматтары //Мәдениет. -2012. -№3. -36-43 б.
- Бейісқұлов Т. Құныскерей кім? // Ақиқат. -2006. -№1. -70-78 б.
- Бейісқұлов Т. Матросовтың ерлігін одан бұрын жасаған қазақ //Мәдениет.-2010.-№5.-10-12 б.
- Бейісқұлов Т. Тұңғыш киносценарист // Ақиқат. -2006. -№4. -80-84 б.
- Бейісқұлов Т. Шығарма шырайы – қазақ әндері. Бейімбет Майлиннің туындыларындағы қазақ әндері //Мәдениет.-2007.-№11.-7-9 б, 22-23 б.
- Бейісқұлов Т. Шырғалаң уақыттың шынайы сипаты // Ақиқат.-1994.-№3.-85-90 б.
- Бейісқұлов Т. Әнуар Әлімжанов туралы бірер сөз //Жұлдыз.-2010.-№8. -152-159 б.
- Бейісқұлов Т. Бейімбеттің қазасы //Жұлдыз.-№2009.-№8.-188-201 б.
- Бейісқұлов Т.Толғауы тоқсан тағдыр.-Алматы, 2000.-110 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бес томдық жинағы. Т.1: Мақалалар публицистік сараптамалар, очерктер. - Алматы: Тоғанай -Т, 2008. – 512 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бес томдық жинағы. Т.2: Қаза мен аза. Қоштаспаймын Махаббат! - Алматы: Тоғанай Т, 2008. – 456б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бейімбет Майлиннің тағдыры мен азаматтығы. Қуғын-сүргін қасіреті: сараптамалық зерттеу және талдау мақалалары. Т.6. - Алматы: Тоғанай -Т, 2013. – 492 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Туған жер мен қадірлі ана тіліміз. Т 8. - Алматы: Тоғанай -Т, 2013. – 320 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бес томдық жинағы. Т.4: Қилы заман азабы. Бейімбет Майлин және ұлттық өнер. - Алматы: Тоғанай -Т, 2008. - 392б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бес томдық жинағы. Т.5: Желтоқсан ызғары: деректі – публицистикалық зерттеу-толғау. Үйгентас өңірі және азаматтары, өз шығармашылығы туралы мақалалар. - Алматы: Тоғанай-Т, 2008. –480 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Құлагер ақынның қазасы. - Алматы: Тоғанай -Т., 2014. – 232б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Бес томдық жинағы. Т.3: Бейімбеттану белестері: зерттеу, мақалалар, монографиялар. - Алматы: Тоғанай -Т, 2008. – 448б.
- БейісқұловТоқтар. Бейімбет Майлин – публицист. – Алматы: ҚазССР «Білім», 1979. – 48 б.
- БейісқұловТоқтар. Бейімбет Майлин және ұлттық өнер. – Алматы: ТОО «Алуа ПК», 2005. – 118 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Жалған жаланың құрбандары. - Алматы: Тоғанай -Т, 2014. - 232б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Жанталас өмір. - Алматы: Арыс, 2008. – 320б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Құлагер ақынның қазасы. - Алматы: Тоғанай -Т., 2014. - 232б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Таң шолпан жарқырып туды. – Алматы: ТОО «Алуа ПК», 2002. – 128 б.
- Бейісқұлов Тоқтар. Тау түлегі. //Біздің Ануар. – Алматы, 2009. – 168-177 б.
- Бекмағамбетова С. «Қаза мен аза» туралы //Жұлдыз.-2010.-№6.-172-176 б.
- Бес томдық жинағы. Т.2: Қаза мен аза.Қоштаспаймын Махаббат! /Бейісқұлов, Тоқтар. - Алматы:Тоғанай Т, 2008. - 456б.
- Би аға: Бейiмбет Майлин туралы естелiктер /Т.Бейiсқұлов. - Алматы: Жазушы, 1991. – 304 б.
- Жазушылар репрессия жылдарында. Мұрағатты тауып, дайындаған Т.Бейісқұлов //Таң-Шолпан.-2008.-№1.-123-148 б.
- Жазушылар репрессия жылдарында. Мұрағатты тауып, дайындаған Т.Бейісқұлов //Таң-Шолпан.-2008.-№2.-142-175 б.
- Жазушылар репрессия жылдарында. Мұрағатты тауып, дайындаған Т.Бейісқұлов //Таң-Шолпан.-2009.-№3.-100-111 б.
- Жазушылар репрессия жылдарында. Алматы қаласындағы жазушылар жиналысы. Мұрағатты тауып, дайындаған Т.Бейісқұлов //Таң-Шолпан.-2008.-№5. -114-129 б.
- Жыл толды асыл жүрек тоқтағалы: Тоқтар Бейісқұловқа арналған жинақ / Құраст., жауап.ред.: К.Қамзин. - Алматы: Киізкітап, 2014. - 112б.
- Зобалаң жылдар елесі. Баспаға әзірлеген Т.Бейісқұлов //Жұлдыз.- 2003. -№12.-184-192 б.
- Қазаққа аты мәшһүр Иманжүсіп: Шығармалары, өмірбаян деректері, естеліктер
- /Құраст.: Р.Көшенова, Қ.Құрманғалиев. - Алматы: Білім, 2013. – 196б.
- Қарлығаштан шыққан қайраткер: Хикаят-ғибрат, естеліктер, арнау сөздер /Құраст. Шәкен Күмісбайұлы. - Алматы: Тоғанай Т., 2016. – 528б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Әңгімелер. Поэмалар. Т.2. - Алматы: Қазығұрт. – 2004. – 456 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Әңгімелер.Т.1. - Алматы: Қазығұрт. – 2004. –400 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Құжаттар, деректер, пікірлер. Т.11. - Алматы: Қазығұрт. – 2012. – 480 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Құжаттар, деректер, пікірлер. Т.12. - Алматы: Қазығұрт. – 2013. – 384 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Құжаттар, деректер, пікірлер. Т.13. - Алматы: Қазығұрт. – 2013. – 384 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер. Т.3. - Алматы: Қазығұрт. – 2004.– 488 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Повестер. Т.6. - Алматы: Қазығұрт. – 2006. – 416 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Пьесалар Т.4. - Алматы: Қазығұрт. – 2005. – 520 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Романдар. Т.7. - Алматы: Қазығұрт. – 2007. –392 б.
- Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Сценарийлер. Повестер. Т.5. - Алматы: Қазығұрт. – 2005. – 432 б.
- Мұқанов С. Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің классиктері. Халықаралық ғылыми конфереция материалдары. – Алматы: Арыс, 2002. – 168 б.
- Сарыарқа саңлағы: Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, драматург Б.Майлинге арналады. ҚР БҒМ ҒК.ОҒК. - Алматы, 2007. – 334б. [Ұлы тұлғалар» атты ғылыми – ғұмырламалық сер.]
- Чернихова Е. Я. География бойынша оқу экскурсиялары: Жұмыс тәжiрибесiнен/.; Ауд. Т. Бейiсқұлов. - Алматы: Мектеп, 1984. – 112б.
- І. Жансүгірұлы «Тар жол, тайғақ кешу» туралы. Әзірлеген Т.Бейісқұлов //Жұлдыз. -2006. -№1. -177-178 б.