Menu

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметін 

ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Орталық ғылыми кітапхана  қызметін пайдаланудың осы Ережесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарына, ҚР-ның кітапхана ісі жөніндегі заңнамалық актілеріне, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2 Орталық ғылыми кітапхана ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК құрылыстық бөлімшесі.

1.3 Орталық ғылыми кітапхана ғылыми-ақпараттық, мәдениет және білім беру мекемесі, жаратылыстану ғылымы саласындагы әдебиеттердің республикалық депозитары болып табылады.

1.4  Орталық ғылыми кітапхана баршаға ортақ кітапхана. Қазақстан Республикасы және басқа елдердің азаматтарына жеке абонементте, оқу залдарында, кітапханааралық абонементте, сонымен катар оқшауланған арналар арқылы өз кітап қорын пайдалануға береді.

1.5 Орталық ғылыми кітапханада кітапханалық - библиографиялық жэне анықтамалық - ақпараттық қызметтер тегін көрсетіледі. Кітапхананың қосымша ақы қызметінің тізімі, төлем құнының шамасы ақылы қызмет көрсету бойынша комиссиясында қаралып, Уәкілетті органның келісімімен ОҒК ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК бас директоры бекітеді.

2. ОРТАЛЫҚ ҒЫЛ​ЫМИ КІТАПХАНА  ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

2.1 ОҒК қызметінің негізгі міндеттері:
- ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейтін гылыми мекемелерді кітапханалық-библиографиялык және ақпараттық хабарлармен қамтамасыз ету;
- ғылым, мәдениет, білім және қоғам өміріндегі әр түрлі салалардың дамуына көмектесу, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, республиканың ғылыми қуатының нәтижесін колдану;
- кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың ғылыми сипаттамасын беру, кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- кітапхана қорын сақтауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.

3.  ОҚЫРМАННЫҢ КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

3.1 ОҒК оқырмандары:
- кітапхана қорынан құжаттарды уақытша пайдалануга;
- дәстүрлі және де  электрондық каталог пен картотека жүйесі, сонымен қатар кітапхананың ақпарат таратуының басқа да көздері арқылы кітапхана қорының қүрамы және қорда нақты құжаттардың болуы жөнінде толық ақпарат алуға:
- ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кітапхана мамандарынан кеңес алуға;
- кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілетін оқырман конференциялары мен баска да көпшілік шараларға қатысуға;
- қосымша ақыға жиынтық қызмет алуға, олардың тізімін абонементте, кітапхана бөлімдерінде  танысуға болады;
- кітапхана қызметін жақсарту үшін өзінің пікірін білдіруге.

                       4. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

4.1 Кітапхана окырманы міндетті :
- кітапхана қызметін пайдалану Ережесін сақтауға;
- кітапхана қызметкерлері және басқа да оқырмандармен сыпайы қарым-қатынаста болуға;
- кітапхана қорындағы кітаптарға және басқа да басылымдарға ұқыптылықпен қарауға;
- кітапханаға кіргенде, тапсырыс алғанда,  кітапхана қызметкерлерінің сұранысы бойынша міндетті түрде оқырман билетін көрсетуге;
- оқырман билетін жоғалтып алған жағдайда тіркеу бөліміне хабарлауға.


4.2 Кітапхана қызметін пайдаланғанда:
- оқырман билеті мен тіркеу қагазын басқа біреудің пайдалануына беруге;
- әр түрлі көлемдегі сөмкелер, аудио-видео, кино-фото құралдарын, және т.б. заттарды кіргізуге, қызмет көрсету зоналарына кітапхананың мүлкіне жатпайтын кітаптар, журналдар, газеттер әкелуге болмайды;

Видеоаппаратурамен түсірілім түсіруге, кітаптарды, газеттер мен журналдарды фотоаппарат пен ұялы телефонға түсіруге болмайды;

- қызмет көрсету зоналарына сыртқы киіммен кіруге;

- азық-түлік немесе сусындар алып келуге;
- кезекші кітапханашының рұқсатысыз және тіркеу қағазындағы арнайы белгісіз оқырман залынан немесе бөлімдерден кітапхана құжаттарын алып кетуге рұқсат етілмейді;
Кітапхана құжаттарын өз бетінше алып кету ұрлыққа жатады;
- кітапхана ішінде тыныштықты бұзуға, ұялы телефонды қолдануға;
- кітапхана гимараты ішінде темекі шегуге;
- әкімшіліктің рүқсатысыз жарнамалы-коммерциялық негіздегі мағлұмат ілуге;
- ұсақ-түйек саудамен, коммерциялық немесе үгітшілік қызметпен айналысуға;
- каталогтардан немесе картотекалардан карточкаларды суырып алуға;
- оқырман залындағы ашық қордағы кітаптардың орналасу ретін бұзуға;
- кітаптардың парақтарына белгі қоюға, бүктеп немесе қиып алуға, бүлдіруге, көшіріп басу қагаздарын қолдануға тыйым салынады.

4.3 Кітапхананың гардеробына  көлемі үлкен азық-түлік салынған шаруашылық сөмке,  жеңіл тұтанатын заттар, ілгексіз сырт киімдер, бағалы  бұйымдар мен ақшалар қабылданбайды.

4.4 Кітапхана кызметкері мен оқырман арасындағы келіспеушілікті бөлім меңгерушісі, қажет болған жағдайда ОҒК  меңгерушісі шешеді.

4.5 Оқырмандар «Орталық ғылыми  кітапхана  қызметін пайдалану Ережесін» бұзған жағдайда, ҚР заңдары бойынша, осы Ережесі мен «Ғылым ордасы» РМК Жарғысына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, кітапханаға шығын келтірген кезде, белгіленген ретімен  орнын толтыру міндетті.

4.6 Кастықпен бүлдірген, кітапхана құжаттары мен құралдарын ұрлаған, немесе кітапхана Ережесін бірнеше рет бұзған  оқырмандар кітапхана қызметін пайдалану қүқығынан айырылады.

5. ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ. КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

5.1 Кітапхана оқырмандарға «Ғылым ордасы» РМК Жарғысы мен қызметін пайдалану Ережесі және ҚР-ның колданыстағы заңнамаларына сәйкес қызмет көрсетеді.

5.2 Кітапхана жеке оқырмандар жөнінде мәлімет бермейді және таратпайды.

5.3 Кітапхана міндеті:
- жоғары мәдениетті қызмет қамсыздандыру;
- оқырмандарға кітапханалық қызметтің барлық түрлері, соның ішінде ақылы қызмет жөнінде мәлімет беруге;
- кітапіханада жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға;
- оқырмандардың сұранысын зерттеп және  сапалы, жедел, толық орындап, қанағаттандыру;
- кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
- оқырмандарға кажетті құжаттарын іздеп-табуға көмектесу, анықтама-іздестіру құралдарымен (каталог, картотека) таныстыру, библиографиялық басылымдар мен электрондық құралдардың қызметін ұсыну және тақырыптық көрмелер мен жаңа түскен кітаптар көрмелерін үйымдастыру;
- ҚР-ның ағымдағы заңнамаларына, «Ғылым ордасы» РМК Жарғысы мен  Орталық ғылыми кітапхана қызметін пайдалану Ережесіне сәйкес кітапхана құжаттарына есеп жүргізу, сақтау, қолдану.

5.4 Шығын құнын өтеу үшін  келіп түскен  ақшалай қаржы  кітапхана қорын толықтыруға, қордағы құжаттарды және басқа  мүліктерді қалпына келтіруге жұмсалады.

5.5 Кітапхана қызметкерлері оқырмандармен ұкыпты және сыпайы болуға, кітапхана қызметін пайдалану Ережесін орындауға, тазалық пен тәртіп сақтауға, кітапхананың кітап қорына, басқа да мүліктеріне ұқыптылықпен қарауға міндетті.

6. КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ

6.1 Жазылу, хаттау мен  оқырман билеттерін беру Кітапхана абонементінде  жүргізіледі.

6.2 Жазылу кезінде жеке абонементтің және оқырман залдарының қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін оқырман билеті беріледі. Оқырман билеті тегін  беріледі.

6.3 Алматы қаласында тұрақты тұратын, ғылыми дәрежесі бар мамандар жеке абонементті пайдалануына құқығы бар.

6.4 Жеке абонементке жазылу үшін төмендегі құжаттар қажет:

- ҚР азаматының жеке куәлігі;
- жұмыс орнынан анықтама;
- ғылыми атағы жөіндегі диплом (көшірме)
- 3х4 көлемдегі фотосурет.

6.5 Оқырман залына жазылуға қажет:
- жеке куәлік немесе төл құжат;
- студенттік билет немесе сынақ кітапшасы;

6.6 Оқырман тіркелу кезінде:
- ОҒК қызметін пайдалану Ережесімен танысады;
- тіркеу кітапшасы мен оқырман формулярын толтырады;
- «ОҒК қызметін пайдалану Ережесін» орындау міндеттемесін растаған қолын қояды.

6.7 Оқырманға пайдалану мерзімі көрсетілген оқырман билеті беріледі.

6.8 Кітапхана оқырмандарының  қайта тіркеуі екі жылда бір рет белгіленген мерзімде өткізіледі. Қайта тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
- жеке куәлік немесе төл құжат;
- жұмыс орнынан анықтама;
- оқырман билеті;
- студенттік билет немесе сынақ кітапшасы ( студенттері үшін);
сонымен бірге жеке абонементтен бұрын алған барлық әдебиеттерді қайтаруға міндетті.

6.9 Оқырман билеті мен кітапханаға кірген кезде берілетін тіркеу қағазы, абонемент пен оқырман залын пайдалану құқығын беретін негізгі құжат болып табылады.

7. ОҒК ҚОРЫНАН ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

7.1 Кітапханаға кірген кезде оқырман күзетші қызметкерге оқырман билетін көрсетіп, бақылау қағазын алады, онда оқырманның фамилиясы, билетінің нөмірі көрсетіледі.

7.2 Оқырман залына немесе кітапхана бөліміне кірген кезде, оқырман билеті мен бақылау  қағазын кезекші кітапханашыға откізеді.

7.3 Оқырман кітапханадан шыққан кезде арнайы белгі қойылған бақылау қағазын күзетші қызметкерге міндетті түрде қайтарады.

7.4 Бақылау қағазы кітапханаға келушілердің барлығына беріледі.

7.5 ОҒК қорынан құжаттар алу үшін оқырман белгіленген үлгідегі балнкке тапсырысты толтырады. Талап ету қағазы дұрыс толтырылмай, қосымша толықтыруды қажет етсе, оқырман сұранысы орындауға қабылданбайды.

7.6 Бір мезгілде 10 дана сұраныс қабылданады.

7.7 Абонемент пен оқырман залында құжаттар оқырман билеті мен бақылау  қагазы көрсетілген соң беріледі.

7.8 Жеке абонементке берілмейді:
- сирек кездесетін және аса құнды басылымдар;
- кітапханада тек бір данасы сақталған басылымдар;
- үлкен көлемді басылымдар;
- электронды кұралдардағы ақпарат басылымдар;
- газеттер, карталар, альбомдар;
- диссертациялар мен авторефераттар;
- энциклопедиялық басылымдар;
- оқырман залының қосымша қорындағы басылымдар.


7.9 Оқырмандарға  кітап беру пункітінде (бронеполка)  қалдыратын басылымдар саны 10 данадан  аспайды.

7.10 Кітапты пайдалану мерзімі - 1 ай, журналдар үшін - 10 күн. Егер басқа оқырманнан сұраныс түспесе, әдебиетті пайдалану мерзімін  оқырманның 2 рет ұзартуға құқығы бар. Оқырман кітапхананың талап етуімен сұратылған әдебиетті қайтаруға міндетті. Жеке абонемент бойынша мезгілінде қайтарылмаған құжат үшін айыппұл  төлетіп алынады.

7.11 Тапсырыс беріліп, талап етілмеген әдебиеттер кітап беру пункітінде (бронеполка) 10 күн сақталады.

7.12 Оқырман кітапхана құжаттарын алғанда, оларды мұқият қарап, әлдеқандай кемістігі болса кезекші кітапханашыға хабарлауға міндетті.

8.  КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Кітапхана күн сайын caғ. 9-дан  19-ға дейін жұмыс істейді
Демалыс күндері        жексенбі және мереке күндері
Тазалық күні - әр айдың соңғы бейсенбісі.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo