Құрметті оқырмандар! Бүгін сіздердің назарларыңызға Орталық ғылыми кітапхана қорына келіп түскен жаңа журналдар топтамасын ұсынамыз! Кітап еңбек - құралы! Кітап - адамзаттың бақыт пен болашақтың құдіретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы кереметі! Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді!!!
ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы KazNUread ЭКЖ электронды-кітапханалық жүйесін пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта KazNUread ЭКЖ-не 4200 оқулықтар атауы, оқу құралдары және оқу-әдістемелік басылымдар, монографиялар енгізілген. Сонымен қатар оқу үшін ғана емес зерттеу қызметі үшін де пайдалы болатын конференция материалдары мен мақалалар жинағын ұсынады. (журналдар жоғары аттестациялық комиссия тізіміне кіреді). KazNUread ЭКЖ контенті ай сайын жаңа электрондық басылымдармен толықтырылып отырады, бұл жылына кемінде 500 басылымды құрайды.
Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі
Электрондық ресурстар залы
Тел. 261-02-49
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Құрметті оқырмандар!!! Бүгін Орталық ғылыми кітапхана қорына келіп түскен жаңа журналдар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз! Білімнің қайнар бұлағы, рухани мол қазынамыз - кітапта! " Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық! Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі!!!
ҚазССР Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, қоғам қайраткері, геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне арналған «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі ҚР Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бастауыш класты орыс-қырғыз мектебінде оқып, білімін жаратылыстану пәнінің мұғалімдерін дайындайтын Семей семинариясында жалғастырды. Оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
1921 жылы жаз айында Баянауыл ауданына келген Томск университетінің профессоры, геолог М.А. Усовтың қазақ жерінің жер асты байлығы туралы айтқан әңгімелері білімге құштар жас Қанышқа үлкен әсер етті. Сол жылы Томскінің тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөлімшесінің студенті болып қабылданып, осылайша жер қойнауын зерттеу жолы басталды.
Қ.И. Сәтбаев кеңестік және Қазақстандағы металлогения ғылымының негізін қалаушы, әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірі – Ұлытау-Жезқазған кен орнын тұңғыш ашушы. 1946 жылы құрылған ҚазССР Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, Орталық Азия мен Қазақстан ғалымдары арасынан шыққан тұңғыш академик.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Қазақ КСР Ғылым академиясың ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтпаевқа арналған «Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Адамзат баласының ежелдің ең күнінен бергі серігі – ертегі. Әлемде елдік құрып, егемендік алмаған ұлт көп, бірақ ертегісіз ел жоқ. Ертегі – адамзаттың асыл қазынасы, дүниетанымның түпқазығы десе де болады. Фольклорлық мұралары аса бай, ауыз әдебиеті ұшан-теңіз халықтардың бірі – біздің Қазақ жұрты. Қазақтың болмысымен біте қайнасқан небір қилы, қызықты, шытырман оқиғаларға толы ақсақал жанр – ертегі.
Қазақстанда жазба мұралардың топталуы жағынан көш бастап тұрған Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған материалдардан неше жүздеген ертегінің өткен ғасыр басындағы ұлт руханиятының көшін бастаған тұлғалар жинаған төлнұсқасын кездестіруге болады. Қазақ арасында жұрт жадында жатталған, сексендегі кәріден сегіздегі балаға дейін сүйіп тыңдайтын, тамсана айтылатын ертегілердің дені – аталған қорда сақталып, кейіннен заманауи кітаптар мен құрылғылар арқылы қайтадан оқырмандарына жол тартып отырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы