Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауы аясында «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі сирек қорымызда бар латын әріпінде жазылған балалар кітаптарымен бастау алып, әлем балалар әдебиеті және 2021 жылы басып шығарылған қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындыларымен толықтырылған. Рухани әлемнің қайнар бұлағының бірі ол ертегілер. Ертегілер халықтың үміт-тілегінен, аңсар арманынан, ұшқыр қиялынан туған. Көрмемізде 1936, 1938 жж. латын әрпімен шыққан және 1957-1964 жж. ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институты шығарған Ертегілерден бастап, оқырман қауымның зор ықыласына ие болған А.С. Пушкин «Хан Салтан туралы ертегісі», Н.Носов «Дымбілместің Айға саяхаты», М.Алтынжанов «Алтын сақа», Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан», Ө.Тұрманжанов «Менің кітабым», «Аяз би», «Қырық өтірік» атты туындыларымен қатар ол кітапқа да, киноғда да арқау болған Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы, Алтын классика Disney сериясымен шыққан аударма топтамалары қойылды.

Құрметті оқырмандар, 2021 жыл желтоқсан айының 25 жұлдызына дейін ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізуші East View компаниясы жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми журналдарға тестілік қолжетімділікті ашады. Деректер базасына қолжетімділік Орталық ғылыми кітапхана аумағында мына сілтеме бойынша беріледі: https://dlib.eastview.com/
Ергалиев Қуаныш Асылханұлы Орталық ғылыми кітапханасының қызметімен танысып, сирек кітаптар көрмесіне қатысты. Көрмеде Құран, «Житие святого Матвея», 1974 жылы Түркістан қаласынан табылған «Таурат. Еврей қолжазбасы», «Әбу Насыр ибн Тархан Әл-Фараби. Құмдағы сәуегейлік өнеріндегі жетістіктерге жету және оның түрлерінің тізімі туралы кітап» қолжазбасының фотокөшірмесі, сонымен қоса Абайдың шығармалары: Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбасы және басқада құнды кітаптар қойылды.

Құрметті оқырмандар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітап және кітапхана» журналының 2021 жылдың №4(20) санында «Ғылыми ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметкері, тарих ғылымының докторы Смағұлова Светлана Одепқызының «Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақаланы Орталық ғылыми кітапхана қорынан оқи аласыздар.

Құрметті оқырмандар!
Ғылым комитеті 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 15:00-де CleverConsult компаниясы «Web of Scince Core Collection-да ғылыми журналдарды іріктеу барысы және сапа критерийлері» тақырыбында вебинар өткізетіндігін хабарлайды.
Вебинар барысында журналды дербес бағалау және жақсартуды талап ететін параметрлерді анықтау мәселелері қарастырады.
Дәріскер – к.ғ.к., Тихонкова Ирина, Clarivate аймақтық шешімдері бойынша кеңесші.
Вебинарға қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет: https://us02web.zoom.us/j/84350734230?pwd=RkZCM1czTFUrNjJyQzBVdDNaL0h2Zz09
Pass word: 807249

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

