Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында орналасқан Алматы қаласының тарихы өте терең. Алматы тарихы бойынша жазба деректер көп, алайда деректерде ақпарат көлемі аз. Бұл деректер әр замандағы географтардың, тарихшылардың, саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі: Захириддин Бабур, Шарафаддин Йезди, Мұхаммед Хайдар Дулати, Вильгельм Рубрук сонымен қатар ортағасырлық қытай жазбалары және т.б. Деректерде қала Алматы, Алмату, Алимту, Алмалық деген атауларымен кездеседі. (История города Алматы.– Алматы, 2010.) 1854 жылы Верный қаласының негізі қаланды. 1921 жылғы 5 ақпанда Верный қаласын жергілікті жердің ескі атауы бойынша Алматы-"Яблоневое"деп қайта атау туралы шешім қабылданды.
Жетпіс жылға жуық мемлекетіміздің астанасы болған Алматының тарихы мәдени шежіреге бай. Қаламыздың тамаша сәулеттік ғимараттары, көркем галереялары, әсем театрлары, концерттік залдары, тұңғыш университет, Ғылым академиясы, Көк-төбе, Медеу мұз айдыны– барлығы да Алматының құрамдас бөлігі. Асқақ Алатаудың бөктеріндегі әсем табиғат аясында үйлесім тапқан осы құндылықтарды ардақ тұтатын халқымыз Алматыны мәдени астанамыз деп әспеттейді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Верный қаласының Алматы (Алма-Ата) болып қайта аталғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден «Алматы тарихы» 1-2 том(қазақ, орыc тілдерінде), «Алматы» энциклопедиясы, сондай-ақ қала тарихының әр кезеңдерінен сыр шертетін басқа да әдебиеттермен таныса аласыздар.
Абайдың төңірегінде ғылым мен өнерге құштар шәкірттер көп болған. ол туралы Қайым Мұхамметханнан асырып зерттеген кісі жоқ. Солардың бірін Ақбылек Сабал деуге болады.
90 мыңнан астам сирек кітаптар сақталған, сирек қолжазбаларға өте бай Орталық ғылыми кітапханада Ақылбек бин Сабалдың ілгерінді-кейінді баспа көрген 13 кітабы бар. Аталған кітаптар 1902-1915 жылдар арасында Қазан және Петербруг қалаларында жарық көрген. Бұл 13 кітап деген шын мәнінде құбылыс жағдай. Абай туған топырақта туып, 39 ғана жыл ғұмыр кешкен Ақылбектің тұңғыш кітабы өзінің 20 жасында баспа көрген сияқты. Жалпақ әлемнің асты аумалы-төкпелі өткен ғасырдың басында-ақ он неше кітапты ұрпаққа аманаттап кетуі – сол кездегі қазақ білімпаз жастарының өркениетті елдерден өнеге алып, ұлы талпыныстар жасағандығын аңғартса керек. Ендеше, Ақылбек бин Сабал, Сабал Ақылбек, Сабал Ақылбек бин=صبال اقلبيك, Сабал Мулла Ақылбек бин=صبال اقلبيك қатарлы бірнеше түрлі аты-жөнмен тарихта кездесетін қуатты қалам иесі кім екен? Дерекке көз жүгіртелік:
Қазақта "Сыйлассаң сыйымды боларсың" деген сөз бар. Бүгінгі таңда кешегі Алаш мұралары қайта түгенделіп, өткен ғасыр басындағы мұралар ұрпақтар санасында қайта жаңғыра бастады. Осындай ұлы да игі шаруалардың басында алаштанушы азаматтар, тарихшы, филолог ғалымдар тұрды. Өр рухты жастар сол бастамаларды әрі қарай дамытып, кешегі көшбасшылардың мұраларын жинап-теріп, зерделеп жүр. Елдос Тоқтарбай сондай азматтардың бірі. Ғасырдан қалған қазыналарды түгендеу барысында сол ауыр жүкті көтеріп жүргендер Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан айналып өтіп кетпейтін. Бір сөзбен айтқанда, Алаш мұрасы мыңдап табылатын кітапханамыз алаштанушылардың көп келетін орындарының бірі.
"Қыр баласы" қоғамдық қорының төрағасы Елдос Тоқтарбай мырза кітапханамыздың қорына "Біздің Бейсен", "Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері", "Матай Бөрібай батыр", "Абзал әке" және "Орталық Қазақстанның тарихи тұлғасы: Мұстақым Малдыбаев" қатарлы құнды кітаптар сыйға ұсынды. Аталған кітаптардың қай-қайсысы да қазақ руханиятында алар орыны бөлек басылымдар деуге болады.
Біз халық қазынасына қосқан үлестері үшін, Елдос Тоқтарбайға ризашылық білдіреміз!
Құрметті оқырмандар назарларыңызға! Орталық ғылыми кітапхана қорына осы аптада келіп түскен жаңа әдебиеттер, журналдар топтамасын ұсынамыз! Кітап біздің рухани жан азығымыз! Кітапхана білім мекені! Білімнің қайнар бұлағы, рухани құндылығымыз сақталған кітапханамызға келіп тұрыңыздар!!!
(Шағатай тілінде жазылған жүздеген кітап бар)
Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер Әлішер Науаидың көптеген мұрасы елімізде бар. Әсіресе Орталық ғылыми кітапханада шығыс пен түгел түрікке ортақ Әлішердің көптеген шығармалары сақталған. Айталық, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында шағатай тілінде жазылған 2 дана қолжазба мен 12 дана көне кітап Әлішер Науайға тиеселі. 1800 жылдан бері баспа істері дамыған Орталық Азия елдерінің ең қымбатты қазыналарының бірі санғалған Әлішер шайырдың мұралары Өткен ғасырдың орта шеніне дейін шағатай (араб графикасы) тілінде сан қайтара басылған екен. Орталық ғылыми кітапханада сақталған шағатайша 120 кітаптың 12-сі осы ғұламаға тән жадыгер болып отыр. Ал, Ташкенде баспаның қолжазба үлгісінде жазылған нұсқаларының да көрер көз бен көңіл тоғайтар мұра екені даусыз (суреттері төменде). Оқырмандардың есінде болса, өткен бір жазбамызда кітапханамыздың қорында 320-дан астам осман тілінде (Түркия) жазылған кітаптар барын айтқанбыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы