Қымбатты кітап сүйер қауым!
Кітапханамыздағы ұлттың ұлы қазынасына көптеген жаңа кітаптар келіп қосылды. Ендеше сіз бен біз асыға күткен жаңа басылымдармен таныс болайық.
"Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа қолжазбалар" атты көлемі 1300 беттен тұратын екі том; Академик Сейт Қасқабасов шығармаларының көптомдығы; Сәбит Досановтың көп томдығы; Бексұлтан Нұржекеевтің "Қазақ батырлары" еңбегі; Болат Бопайұлының "Қазақ таныған гүлдер", " Қазақ мінезі", "Қазақ жұлдызнамасы" еңбектері; Арман Ахметовтің "Абылай хан әулиеті", "Сәмеке хан әулиеті" және "Барақ хан әулиеті" атты үш кітабы; Виктор Зайбергтің "Ботай" атты үлкен альбом жинағымен бірге "Әліпби", " Латын әліпбиі", "Ана тілі" қатарлы филология, тарих және саясат ғылымдарының сан. алуан тақырыбын қамтыған 40-қа жуық кітаптар оқырманға жол тартты.
Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы – кітаптанушы, библиограф. 1951 жылы 11 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласында орта мектепті аяқтаған соң, Өскемен қаласында кітапханашы қызметін атқарды. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне кітапхана факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы үздік дипломға аяқтады. Осы жылы Орталық ғылыми кітапханада еңбек жолын қарапайым кітапханашыдан бастап, кітап толықтыру бөлімінде, аға кітапханашы (1976), сектор меңгерушісі (1978), ғылыми хатшы (1982), ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, 1987–2011жж. - кітапхана директоры.
Күлжихан Күлшәріпқызының ұстаздары халықаралық академия кітапханалары, Ресейдің ғылыми академиясының кітапханасы, жаратылыстану ғылыми кітапханасының ірі ғылыми-әдістемелік орталықтарынан және Қазақстандық кітапхана ардагерлері Н.Б. Ахмедова, Н.К. Дәулетова, У.Х: Субханбердина сынды білімді, зиялы тәлімгерлерден тәжірибе жинақтаған.
Өз еңбек жолын кітапхана ісіне арнаған Күлжихан Күлшәріпқызының 60-тан астам ғылыми мақалалары мен баяндамалары Қазақстан және ТМД елдеріндегі кәсіби басылымдарға жарияланды. Сонымен бірге, кітапханада шығарылған 300-ге жуық библиографиялық басылымдардың жауапты редакторы.
Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002) атағын иеленген. «Еңбек ардагері» (1992) «Ерен еңбегі үшін» (2011), ҚР-ның Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.
Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы 70 жылдық мерейтойына орай "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден Күлжихан Күлшәріпқызының мақалалары, жауапты редактор болған библиографиялық көрсеткіштерімен таныса аласыздар.
Мұқағали Мақатаев – 9 ақпан 1931 жылы Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында туған. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н. Тілендиев ән шығарған.
1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағы жылдың ең жақсы жас ақынына арнап Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. «Атамұра» баспасы шығарған «Аманат» жыр кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алматы қаласында ақынның есімімен аталатын көше бар, 2002 жылы ақынның ескерткіші қойылған.
Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Мұқағали Мақатаевтың еңбектері, жыр жинақтары, замандастарының естеліктері және ақын, жазушылардың арнаулары ұсынылып отыр.
2021 жылдың 8-ақпан күні Алматыдағы Ғылым ордасының концерт залында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған позиялық әсем сазды кеш өтті. Заңғар ақынның өмірге келген күнінің қарсаңында өткен айтулы шараны ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхананың «Жас мамандар кеңесі» ұйымдастырған болатын.
Ақын шығармашылығына арналған бұл кештің оқырмандарға берген әсері мол болды. Кешке ақын-жазушылар, әнші-күйші өнерпаздар, ғылыми институттардың қызметкерлерімен қоса кітапхана оқырмандары, студенттер қатысты. Кешті Әділет Ахметұлы жүргізді. Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын Бауыржан Жақып пен «Ғылым ордасы» РМК директорының орынбасары Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы құттықтау сөз және алып ақын туралы естеліктер айтып кеш шымылдығын ашты. Қазақтың белгілі әнші-күйшілері Еркін Шүкімән мен Аршын Кәсімбайұлы ән-күйден шашу шашса, ақиық ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, сағынышқа толы сазды лирикалары оқылды. Орталық ғылыми кітапхананың жастары оқыған ақынның «Алтай-Атырау» поэмасын жұрт сүйіне тыңдады.
Мұқағали Мақатевтің Орталық ғылыми кітапханада бар жүздеген мұраларынан көрме қойылды. Ақын шығармашылығын өрнектеген бейнебаяндар көрермендерге ұсынылды.
Керім кештің соңында Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қарлығаш Ескендірқызы той салтанатын асырған өнерпаздарға және құрметті қонақтарға алғыс хат табыстады.
Ғаламды жайлаған індетке байланысты кең отырып тамашалайтын рухани кештерді сағынып қалған жырсүйер әлеумет дән риза көңілмен тарасты.
Sample gallery images
kon_1.jpg
kon_2.jpg
kon_3.jpg
kon_4.jpg
kon_5.jpg
kon_6.jpg
kon_11.jpg
kon_9.jpg
kon_8.jpg
kon_7.jpg
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК
ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
АҚПАРАТ ХАТ
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының «Жас мамандар кеңесі» 2021 жылдың 8 ақпанында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай сағат 15.00-де «МАХАМБЕТТІҢ САРҚЫТЫ» атты поэзиялық-сазды кеш өткізеді.
Іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. М. Мақатаевтың поэзиясы оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.
Кеш қонақтары: Қазақстан Жазушылар одағының ақын-жазушылары,Құрманғазы атындағы Ұлттық консероваториясының өнерпаздары, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері.
Айтулы кеште белгілі дәстүрлі әнші, өнер жұлдызы Еркін Шүкімән, айтыскер ақын, әнші Бағдат Дүйсен, күйші Аршын Кәсімбайұлы және т.б өнерпаздардың өнерін тамашалап, ақынның «Атырау-Алтай» поэмасынан үзіндіні Орталық ғылыми кітапхананың жастарының орындауына тыңдай аласыздар.
Ескерту: Кеш қонақтарынан санитарлық талаптарды сақтап, бетперде тағып, арақашықтық сақтауды өтінеміз.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29.
Өтетін орны: «Ғылым ордасы» РМК Концерт залы
Уақыты: сағ. 15.00
Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 261-02-70
+7 (727) 261-02-39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы