Құрметті оқырмандар! Бүгін сіздердің назарларыңызға Орталық ғылыми кітапхана қорына осы аптада келіп түскен жаңа әдебиеттер, журналдар топтамасын ұсынамыз! Күш - білімде, білім - кітапта. Кітапхана білім мен мәдениеттің орталығы, киелі ордасы.
Атақты Қазтуған жыраудың қазыналары тіпті де көп болуы мүмкін. "Халық арнасының" "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасында ақын, әріптесіміз Әділет Ахметұлы осы тақырыпта сөз қозғайды. Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған жыраулар мұраларына негізделіп, толағай ой өрбіткен бұл сұқпатта бабалар қазынасы жөніндегі көптеген құнды деректердің беті ашылады. Сұқпатты көріп, пікір білдіріп, қолдау көрсетіңіз. Өзге де көрермендердің көруі үшін, бөлісіп қойыңыздар.
Хакім Абайдың мұралары туралы сөз болғанда, ақын өзі қайтыс болған соң, бір жылдан кейін Мүрсейт Бікеұлы жазған біршама толық қолжазба алдымен аталады. Бірақ, Абайдың көзі тірісінде яғни 1897 жылы жазылып, орыс тіліне аударылған шығармалары бар екені туралы көпшілік қауым біле бермейді. ХХ ғасыр басталмай жатып-ақ, орыс жазармандары әлі кітабы шығып үлгірмеген Абайдың шығармаларын аударған. Аталған қолжазбаның қадім (араб) жазуымен жазылған түпнұсқасы аудармасымен бірге Санкт-Петербургте сақтаулы. Ал осы құнды мұраның көшірмесін 1946 жылы Әлкей Марғұлан Алматыға алып келген. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы бұл жазбаның абайтанудағы орыны ерекше деуге болады. Өлеңнің әр тармағын ыждахатпен оқыған кісі мұндағы туындылардың бүгінгі қолданыстағы Абай шығармаларына аз-кем ұқсамайтын тұстарын аңғара алады. Қалай дегенмен, ұлы ақын өлеңдерінің 27 беттен тұратын бұл қолжазбасы Абайдың көзі тірісінде қазақ және орыс зиялыларының қызықты тақырыптарына айналғанын болжауға толық негіз бар. Өлеңнің түпнұсқасында әрбір шығармаға ат (тақырып) беріліп отырған. "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да", "Өлең–сөздің патшасы", "Ішім өлген, сыртым сау", "Бүркіт(қансонарда)", т.б. оншақты туындысын аударушы К. Н. Кудашев. Ұлы ақын бұл шығармаларының аудармаларын көріп, шығармашылық ғұмырының жемісін көрген-көрмегені белгісіз. Бұл сауалға абайтанушылардан тұшымды жауап боларына сенімдіміз. Ал, Абайды туған халық тұрғысынан алғанда, осыдан 124 жыл бұрын, Абайдың ат үстіндегі 52 жасында хатқа түсіп, сол тұстағы империяның тілінде сөйлеген бұл жазба қашан да теңдессіз құнды мұра деуге болады.
Алқалы жиын, алалы топқа кіре алмай,
Емексіп көңіл егізден қалған сыңардай,
Қиыннан өсіп, қияға біткен шынардай,
Қағынан жеріп қиянға кеткен құландай
Маза кеткенде маңдайға бастым өлеңді-
Абайдан қалған тұмардай.
Белгілі жазушы, ақын, бірнеше роман және әңгімелердің, бірқатар проза және поэзия кітаптарының авторы, халықаралық "АЛАШ" сыйлығының иегері, әдебиеттанушы-ғалым кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Нұржан Қуантайұлын 50 жас мерейтойымен Орталық ғылыми кітапхана ұжымының атынан құттықтаймыз!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Осыған орай кітапханамыздың №2 оқу залында Нұржан Қуантайұлына арналған тақырыптық көрме қойылды. Көрмеден автордың қаламынан туған өлеңдері мен әңгімелері, кітаптары және мақалаларымен жақынырақ таныса аласыздар.
Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана қорына осы аптада келіп түскен жаңа әдебиеттер, журналдар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз! Кітапхана білім мен мәдениеттің орталығы, киелі орда! Білімнің қайнар көзі, рухани құндылығымыз сақталған кітапханамызға келіп тұрыңыздар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы