2019 жылдың 18 қазанында ҚР БҒМ ҒК Экономика институты «Ғылым, экономика және қоғамның әлеуметтік жаңғыруы: шындық және перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның негізгі мақсаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айтылған идеяларды жүзеге асырудың бағыттары мен шараларын ғылыми түрде түсіндіруге, негіздеуге арналды.
Конференцияның жұмыс бағдарламасында халықаралық бәсекелестің күшеюі, әлемдік экономикалық жүйенің дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, индустриялық және инфрақұрылымдық даму, «Жасыл экономиканы» қалыптастыру, цифрландыру проблемалары талқыланды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға байланысты Экономика институты ғалымдарының ғылыми зерттеу еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге институттың белгілі ғалымдары А.Қ.Қошанов, О.Сәбден, С.Б.Бәйішев, Т.Әшімбаев, С.Е.Толыбеков.Б.Кенжегузин, Н.К.Нұрланова, А.А.Сатыбалдин және «Ғылыми қазына» бағдарламасы бойынша жарық көрген монографиялық және институт ғалымдарының ұжымдық еңбектері қойылды.
Конференция жұмысына ғылым, білім және бизнес өкілдері, мемлекеттік билік органдарынан келген қонақтар және отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, жұмыс бағдарламасы бойынша баяндамалар жасалды.
State of the Nation Address by President of Kazakhstan
"The Scientific Center" State Scientific Library
Electronic Resources
Electronic Scientific Resources of Open Access