ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 наурыз күні Ақжан Әл-Машанидің 115-жылдық мерейтойына арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналған, осы академияның іргетасын қалаушылардың бірі, корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылым қайраткері Ақжан Жақсыбекұлының әл-Машанидің «Табиғат - матбуғат» кітабының тұсау кесер мерекесіне шақырамыз.
2022 жылдың 15 наурыз айында «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері үшін «Су ресурстары: Ұлттық әл-ауқат қоры қорларындағы ғылыми-білім беру ресурстары» атты Ақпарат күнін өткізді. Іс-шараға 24 студент қатысты.
Іс-шараға қатысушылар кітапхана тарихымен танысып, оқу залдарын аралады. Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Абдуллаева реферативтік журналдар қорымен, кітапхана шығарған табиғи және су ресурстары бойынша библиографиялық басылымдармен таныстырды. Абонементте студенттер кітапхананы пайдалану ережелері, электронды және дәстүрлі каталогтар бойынша әдебиеттерді іздеу туралы білді. Мерзімді басылымдардың оқу залындағы ғылыми басылымдар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бас кітапханашы Мұсабекова Л. мерзімді басылымдар қоры туралы ақпарат беріп, жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, Ғылым академиялары шығаратын басылымдарға, анықтамаларға, ғылыми журналдарға шолу жасады.
Көрме барсысында, студенттерге сирек басылымдар, Қолжазбалар және Қазақ әдебиеті залында пән бейіні бойынша диссертациялардың авторефераттары, журналдар мен сирек басылымдар ұсынылды. ХХ ғасырдың басында және ортасында басылып шыққан Арал теңізі, Ақмола облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінің гидрологиялық зерттеулері бойынша әдебиеттер оқытушылар мен білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Орталық ғылыми кітапхана университет оқытушысы Галина Агаповаға іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

2022 жылдың 24 ақпанында ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі музыкатанушы Сара Әділгерейқызы Күзембайдың туғанына 85 жыл толуына орай "Әсемдікті әлпештеу мәңгілік рухани құндылық" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Осы атаулы іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері және редакциясымен шыққан ғылыми кітаптар қойылды.

Құрметті оқырмандар!
Жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми-білім беру процесін ақпараттық қолдау сапасын арттыру мақсатында Орталық ғылыми кітапханасы 2022 жылы 15-наурыз бен 15-сәуір аралығында «Ғылыми ақпаратқа деген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктері» атты онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлайды.
Сауалнамаға қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, жас ғалым-зерттеушілер шақырылады.
Сауалнама нәтижелері жалпы тұтынушылардың, ғалымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыздыруға бағытталып, жинақтау саясатын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша келесі анықтамалық-ақпараттық бөлімінің электронды поштасына хабарласуға болады.
2022 жыл ақпан айының 21 және 25 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Құжаттардың реставрациясы және консервациясы» атты біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибелік күрсы өтіп жатыр.
РМК «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қызметкері Жұрманова Құралай Таңатарқызы өз біліктілігін арттыруда.
5 күнге жоспарланған біліктілікті арттыру курсында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері», «Реставрациядан кейін құжаттарды толтыру» тақырыптарында дәрістер жүргізіледі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

