Бақытбек Бәмішұлы.Алтын Аралдың Арғымақтары. Еркіндіктің ақырғы нүктесі: Өлең-роман. Алматы: «Арыс», 2018. - 320 бет.

ISBN  978-601-291-386-6

«Алтын Аралдың Арғымактары» өлең-романында Алтай тауының акыры. арысы Аратөрік. Баркөл өңірін мекендеген қазақтардың бір бөлшегінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басқы ширегінде басынан көшкен келешегі күдік пен күмәнға толған тағдыр талайы, зорлық-зомбылықтан тартқан тауқы- метті гұмыры суреттеледі. Өзіндік биліксіз, ішкі бірліксіз, басқаның боданын- дағы елдің басына күн туған екіталай алмағайып заманда караңғы, қанды. қатал қапастан тура жол тауып шығу. адастырмас шешім шығарып бір байламға тоқтау, барар бағытын, қонысын анықтау, болашағын болжау, ішкі бірлікті, ұлттық тұтастықты сақтау сияқты салмақты сауалдар ат үстіндегі ел бастаған азаматтардың басына түскен үлкен сын еді. Осы жағдайлар сол заманда ел аузына іліккен шаңия Шудабай би Майлыбайұлы Топайдың айналасында өрбіп, өлеңмен өрілген көркем шығармаға айналған.

NEW1

  • Stats on: 2019-04-01
  • Total visited pages: 3796
  • Total visitors: 3148
  • Average time: 00:06:36
  • Page per user: 1
  • Visitors counter
    504.589