Пірәлі Г. Ж.
М.О. Әуезовтің беймәлім мұралары (баяндамалары, хаттары, оқулықтар). Монография. - Алматы: «Қоңыр» баспасы, 2021. -300 б.
ISBN 978-601-08-0807-2
Монографияда ғұлама ғалым, көрнекті суреткер М.Әуезовтің өткен дәуірде жазылса да, айтылса да құнын жоғалтпайтын асыл ойлары қазақ әдебиеті мен мәдениеті, өнері, киносы, ғылымы, сыны туралы ғылыми теориялық тұжырымдары, парасатгы пікірлері, философиялық ойлары, салиқалы сөздері, әдеби-ғылыми дискурстары, қазақ әдебиеті тарихы мәселелері өзек етілген хаттары, мектеп оқушыларына арналған оқу- лықтары бүгінгі күн талабы бойынша жаңаша сарапталады. Жазушының бұрындары ғылыми айналымға түспеген тың мәтіндері арнайы зерттеледі. М. Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымы мен көркем әдеби сыны туралы айтқан сөздері, энциклопедиялық білімі, ғылыми қағидалары ұлт әдебиетін қалыптастырып, дамытуға қосқан қомақты үлесі, қымбат қазынасы, қазақ руханиятында құнды мұра екені мәлім. Бұл материалдар жазушының елу томдық толық академиялық жинағында алғаш рет жарияланғанымен ғылыми айналымға енді ғана енген мәтіндер.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды және тың тарихи, ғылыми маңызы бар әдеби деректер көптеп кездесетін монографияны қазақ әдебиетін зерттеушілері, гуманитарлық оқу орындарының окытушылары оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.
Пірәлі Г.Ж.
Қазақтың қаламгер қыздары. Шығармашылық портреттер мен зерттеулер./ Г.Ж. Пірәлі - Алматы: «Қоңыр» баспасы, 2021. - 342 бет.
ISBN 978-601-08-0806-5
Бұл жинақ «Арулар айтқан асыл сөз» сериясымен жарияланған филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы Пірәлінің «Қазақтың ғалым қыздары» атты еңбегінің жалғасы. Алғашқы жинақта еліміздің рухани құндылықтары жолында табанды еңбек етіп, өздерінің бүкіл саналы ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың аяулы қыздары Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова, Шәмшиябану Сәтбаева, Рәбиға Сыздықова, Мая Бағызбаева, Үшкілтай Субханбердина, Алма Қыраубаева, Сара Күзембаева, Асылы Османның шығармашылық өмірбаяндары зерттелсе, «Қазақтың қаламгер қыздары» атты жаңа еңбекте қазіргі ұлт әдебиетіндегі әдеби үрдіс, сөз өнеріндегі жаңа бағыттар, жанрлық, стильдік, эстетикалық ізденістер, көркем сындағы соны көзқарастар т.б. қаламгер қыздардың шығармашылықтары арқылы талданады.
Кітап әдебиет сүйер қауымға, студент жастарға, жалпы сөз өнерінің құн- дылықтарына қызығушы жұртшылыққа арналған.
Биология сабақтарында этнопедагогика элементтерін колдану:
Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2021.-134 б.
ISBN 979-601-353-007-9
Биология сабақтарында этнопедагогика элементтерін қолдану атты бұл оқу-әдістемелік құралына докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері енді. Оқу құралы орта мектептің биология пәнінің мұғалімдеріне, жоғары оқу орнының оқытушыларына және көпшілік оқырман қауымға арналады. Этникалық тәрбиенің әдістері - тарихи қалыптасқан халық тәрбиешілерінің жетілген жеке тұлғаның бойында білім, білік дағдылары мен тиісті қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен әсер ететін жолы.
Оқу-әдістемелік құралындағы кеткен кемшіліктерге айтылған сын пікірлер болса, оларды ризашылықпен қабылдаймыз.
ИНТЕГРИРОВАННОЕ УПРАВЛЕНИЕ БЫТОВЫМИ И ПРОИЗВОДСТВЕННЫМИ ОТХОДАМИ (на примере Туркестанского региона): /монография/ А.Д.Акбасова, Г.А.Саинова, О.А.Исаков. -Алматы: «Нұрлы Әлем», 2020. -240 с.
ISBN 978-601-205-648-8
В монографии рассмотрены современные методы снижения экологической нагрузки полигонов твердых бытовых и промышленных отходов на окружающую природную среду, показана возможность сокращения количеств депонируемых на полигонах отходов на основе их непосредственного использования или переработки с получением товарных продуктов различного назначения. Сделан акцент на поиск и расширение областей применения производственных отходов одного производства в качестве сырья для другого производства.
Монография предназначена для широкого круга научных, научно- педагогических работников. Может быть полезна докторантам, магистрантам и студентам вузов, изучающих вопросы охраны окружающей среды и рационального использования отходов в качестве вторичных ресурсов.
Жексебаева Б.
Аманат: Мақалалар, зерттеулер, өлеңдер, айтыстар, әңгімелер. /Б. Жексебаева. - Алматы: Шалкөде, 2021. - 164 бет.
ISBN 978-601-7262-36-5
Жинақтағы материалдары ұсынған Шығыс Түркістан қазақ әдебиетін зерттеуші, ағартушы, жазушы-ақын, ҚазССР Ағарту ісінің үздігі марқұм Тілеужан Сақаловтың сүйікті жары Бөпен Жексебаева Сақал келіні.
Кітапта Т.Сақаловтың көрнекті жазушы Сәбит Мұқановпен кездесуі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Көдек Байшығанұлы туралы әдеби зерттеуі және өзінің жеке өлеңдері, шағын әңгімелері, айтыскер ақын Ізбасардың айтысы, ақын Естеу Нүсіпбековтың өлеңдері мен естеліктері енген.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Акимбеков С.
Казахи между революцией и голодом. - Алматы: ТОО «Институт Азиатских исследований», 2021. - 584 с.
ISBN 978-601-08-0570-5
Книга посвящена периоду истории Казахстана с момента начала революции в России в феврале 1917-го и до 1936 года, когда Казахская автономная республика вошла в состав СССР в качестве союзной республики. Этот период включает в себя политические процессы в России в 1917 году, в результате которых возникло казахское политическое движение, а также приход власти большевиков с декларируемой ими национальной политикой, время гражданской войны и создание Казахской Автономной Советской Социалистической Республики в составе РСФСР. Затем в книге рассматриваются ее история в 1920-е годы и попытки проведения в СССР процессов модернизации, которые привели к тяжелейшей ситуации с голодом начала 1930-х годов. Книга предназначена для специалистов и широкой аудитории, интересующейся историей.
Мәдімарұлы С.
Тұранның тұғырлы тұлғасы. Алматы: «Үш Қиян», 2020. 272 бет.
ISBN 978-601-80803-0-2
Бұған дейін бірнеше кітаптарымен оқырман қауымға танылған Сауытбек Мәдімарұлының бұл кітабына танымдық сипаттағы шығармалар топтастырылған. Алаштың даңқты ұлы - Тұрар Рысқұловтың өміріне қатысты еңбегі де қоса беріліп отыр. Автордың бұл туындылары үлкен ізденістің, қажырлы еңбектің нәтижесі деп білеміз.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Көрнекті антрополог Оразақ Смағұловтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Оразақ Смағұлов - Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Алматы қ., 2020 жылғы 5 қараша)
/бас ред. З.Е. Қабылдинов, жауапты ред.-құраст. А.Т. Абдулина. - Алматы, 2020. - 183 б. + 27 б. жапсырма
ISBN 978-601-7342-43-2
Аталған жинақ көрнекті антрополог Оразақ Смағұловтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Оразақ Смағұлов - Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2020 жылғы 5 қараша) материалдары бойынша әзірленді. Кітапта академик О. Смағұловтың қазақ этносы генезисінің аспектілерін антропологиялық зерттеудегі үлесі жөнінде және Қазақстан антропология ғылымының дамуы, қазіргі жағдайы туралы мақалалары мен материалдары берілген. Сонымен қоса, басылымға қазіргі кезеңдегі этнология, тарих ғылымдарының өзекті мәселелеріне арналған маңызды жарияланымдар да еніп отыр. Ғылыми материалдар жинағы антрополог, этнолог, тарихшы, мәдениеттанушы мамандарына және көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ащысай - Кентау тұрғындары өміріндегі әлеуметтік-мәдени бірегейлік (1927 ж. - XXI ғ.б.). Ұжымдық монография
/Авторлары: Қойгелдиев М.. Мырзатаева 3., Далаева Т., Пазилов Е.
/М.Қойгелдиевтің редакторлығымен. - Алматы: ИП «Балауса» баспасы, 2020. - 464 б.
ISBN 978-601-7984-91-5
Советтік ірі өндіріс ошақтарының бірі болған Ащысай полиметалл комбинаты бүгінде қызметін тоқтатқан. Советтік тарихымызда ірі өнеркәсіп орындары қатарында болған ұжым мен оның негізінде қалыптасқан Кентау қаласы кезінде үйлесімді өркен жайған экономикалық-әлеуметтік кешен ретінде аталды. Кітапта міне, осы кешен тұрғындары өміріндегі (1927 ж. - XX ғ.б.) әлеуметтік-мәдени бірегейлік тарихы зерттеу тақырыбы ретінде алынған.
Зерттеуге дерек көзі ретінде ресейлік, қазақстандық және өңірлік архив қорларындағы фактілік материалдар, сондай-ақ естеліктер (мемуарлық, тарихи сұхбат арқылы алынған) дерек көзі ретінде айналымға тартылды.
Монография оқу орындарындағы шәкірттерге, магистрант, докторанттарға, отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.
Қазақстанның тарих ғылымы тарихының очерктері. (Менің ғылымдағы өмірім) Авторлары Жангуттин Б.О., Нұрман Ш.Т, Тілеубаев Ш.Б.
/Б.Жангуттиннің редакторлығымен. — Алматы: «Асаба» баспасы, 2020. — 312 6.
ISBN 978-601-7191-11-5
Кітапта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы бойынша советтік кезеңде жүргізілген тарихнамалық пікірталастар, оған қатысқан қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, зерттеушілердің, тарихшы ғалымдардың көзқарастары мен ұстанымдары, сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезендегі аталған мәселеге байланысты тарихи танымдағы өзгерістер талдауға алынады.
Сонымен қатар советтік кезеңдегі қазақстандық тарихшы ғалымдардың отандық тарих бойынша оқулықтар мен бағдарламалар даярлаудағы қызметі қарастырылады. Советтік тарихи тұжырымдаманың қалыптасуы ұлттық тарих оқулықтарын жазуға әсері және Е.Бекмахановтың, т.б. ғалымдардың Қазақстан тарихы оқулықтарын әзірлеуга сіңірген еңбектері талданады.
А.М. Панкратованың, Н.М. Дружининнің, А.П. Кучкиннің эпистолярлық мұралары сол уақыттағы өткір пікірталастардың атмосферасын қалпына келтіргендей болады, Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына ғалымдардың қосқан үлесін көрсетеді.
Кітап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы негізінде «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламасы аясында (2018-2020) «Қазақстандағы ғылыми мектептер ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы және трансформациясы контекстінде (XX ғ.-ХХІ ғ. басы)» тақырыбы бойынша даярланды.
Кітап мамандарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.
Қойгелдиев М. Қиянат анатомиясы. Менің ғылымдағы өмірім. (Қазақстанның ғылыми мектептері. Тарихтану).
/Монография. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. - 360 бет.
ISBN 978-601-291-498-6
Автор соңғы жылдары ғылыми айналымға тартылған құжаттық материалдарға сүйеніп большевиктік жаңа империялық билік жүйесінің қазақ қоғамына, оның антиколониалдық ұстанымдағы саяси басшылығына жасаған қиянатына тоқталып, оқырманды совет үкіметінің 20-30 жылдардағы псевдореформаларына фатальды қажеттіліктен туындаған шара ретінде қарастыру қателік екендігіне назар аударады. Кітапта большевизмнің жасанды түрде тап күресін өрістетуімен ауқаттылар меншігін конфискелеу шаралары іс жүзінде арандатушылық қызмет ретінде 1929-1931 жж. халық көтерілістеріне алып келгені баяндалады.
Кітап тарихшы мамандарға және XX ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазакстан тарихын білгісі келетін оқырманға арналған.
Мырзатаева 3. Ащысай-Кентау тарихынан: өлкетану курсына кіріспе.Оқу құралы
/М. Қойгелдиев редакторлығымен. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2020. – 184 б.
ISBN 978-601-291-482-5
Кітап бакалавр-студенттеріне тарихи өлкетану курстарын оқытуда көмекші құрал ретінде даярланды. Онда пәнаралық зерттеулер негізімен даярланған Ащысай-Кентау өңірі тарихынан лекция мәтіндері, сұрақтар мен тапсырмалар және өңір тарихын зерттеудің жаңа технологиялық құралдарының үлгілік нұсқалары берілді.
Оқу құралы «Педагогикалық ғылымдар» саласында «тарих» бағыты бойынша білім алушы студенттерге, өңір мұғалімдері мен мектеп оқушыларына арналады.
Латынәліпбилі қазақ жазуы: Тілтаным. Әдістаным. Ұжымдық монография
/Оразбаева Ф., Әміржанова Н., Дәулетбекова Ж., Рахметова Р., Рауандина А., Иманқұлова М., Қоқанова Ж. - Алматы, 2020. - 296 бет.
ISBN 978-601-298-900-7
Монографияда латын графикасына негізделген қазақ жазуының ғылыми- теориялық, әдіснамалық мәселелері қарастырылды. Кітапта латынграфи- калы қазақ жазуының тарихи тағылымы мен ғалымдардың концептуалды ой-тұжырымдары талданып, жаңа жазуды меңгерту әдіснамасында негізге алынатын білімдер жүйесі көрсетілді. Сонымен қатар латынәліпбиін игертудің тың әрі бірегей технологиялары ұсынылды.
Монография ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне,сондай-ақ осы саламен айналысып жүрген көпшілік қауымға арналады.
Латынәліпбилі қазақ жазуы: әдіснама мен әдістеме: Оқу құралы
/Оразбаева Ф., Дәулетбекова Ж., Әміржанова Н., Рахметова Р., Рауандина А., Иманқұлова М. - Алматы: «Таугүл- Принт», 2020. - 260 бет.
ISBN 978-601-298-903-8
Оқу құралында латын әліпбилі ұлттық жазуды меңгертудің жолдары теориялық және практикалық тұрғыдан екшеліп, оқытудың әдістемелік жүйесіне сәйкес ұсынылған.
Оқу құралы ЖОО оқытушыларына, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, мектеп мұғалімдеріне арналады.
Латынәліпбилі қазақ жазуы: әдістемелік нұсқаулық
/Ф.Ш.Оразбаева. А.Қ.Рауадина, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С."Рахметова Н.С.Әміржанова. М.А.Иманқұлова.
/Алматы: «Таугул-ІІринт». 2020 -120 бет.
ISBN 978-601-298-901-4
Әдістемелік нұсқаулықта латынәліпбиін оқытуға қатысты терминдер мен олардың түсініктемесі ұсынылып, қазақ жазуы меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары және оларды жүзеге асырудың амалдары көрсетілді. Сонымен қатар латынәліпбиін меңгерту барысында жүргізілетін сабақ үлгілері мен жоспар түрлері берілді. Әдістемелік нұсқаулық оқытушылар мен мұғалімдерге болашақ филолог мамандарға арналады.
Латынәліпбилі қазақ жазуы: педагогикалық парадигмалар. Оқу- әдістемелік құрал.
/Ф.Ш. Оразбаева, Р.С. Рахметова, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Н.С. Әміржанова., М.А. Иманқұлова, Ж.А. Қоқанова. - Алматы: Таугүл-Принт, 2020. -192 бет
ISBN 978-601-298-9021-1
Оқу-әдістемелік кұралда латынәліпбилі қазақ жазуын меңгертудің педагогикалық парадигмалары мен тенденциялары, білім беру технологиялары, оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері сөз болады.
Еңбекте латыннегізді қазақ әліпбиін меңгертуде қолданылатын жобалау, сандық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы мәлімет беріледі.
Оқу-әдістемелік құрал оқытушылар мен мұғалімдерге, ЖОО-ның студенттеріне және жалпы оқушы қауымға арналады.
Ахметова А.И., Омарбекова А.И. Әлеуметтік педагог қызметінің ғылыми-әдістемелік негіздері.
/Ахметова А.И., Омарбекова А.И. - Алматы: «Асыл кітап» баспасы, 2020.-211 с.
Әдістемелік құралды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған.
ISBN 978-001-298-920-5
Бұл әдістемелік құралда әлеуметтік педагог қызметін ұйымдастыру мәселесі жан-жақты қарастырылады. Әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларына, әлеуметтік педагогтарға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдеріне, әдіскерлеріне, білім беру жүйесінің басқа қызметкерлеріне арналады.
Научно-методические основы социализации и воспитания личности в современном социокультурном пространстве: монография. - Алматы: РГКП «Национальный научно- практический, образовательный и оздоровительный центр «Бөбек», 2020. - 319 с. /дополненное и переработанное/
ISBN 978-601-7289-17-1
В монографии в социально-педагогическом и психологическом ракурсе представлено содержание социализации личности в условиях вузовского и послевузовского образования. Рассмотрены концептуальные подходы к изучению проблем социализации личности, разработаны научно-методические рекомендации по социализации личности студента и взрослого.
Издание предназначено для обучающихся высших учебных заведений, ученых, преподавателей колледжа, ВУЗа, ИПК, а также для сотрудников других учреждений, интересующихся проблемой социализации личности.
Әбдрахман Өзкенди. Қисса-дастан Шыңғыс хан: Қолжазба факсимилесі
/ауд.: 3. Жандарбек,3.Муминова. Баспаға дайындаған: Г. Байсариева. - Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 182 б.
ISBN 978-601-04-4322-8
Қазақстанның ортағасырлар дәуірінің тарихи тұлғалары туралы ақпарат беретін қазақ жерінде түркі тілінде жазылған тарихи деректер көп емес. Солардың бірі Түркістан қаласында 1228 Ж./1813 ж. қазақ сұлтаны Әліақбар тапсырысымен жазылған «Қисса-дастан Шыңғыс хан» атты қолжазба алғаш рет жарияланып отыр. Онда Ұлы даланың аңыз- әфсаналары, тарихи шежірелер баян етіледі. Шығармада қазақ хандары туралы құнды мәліметтер кездеседі.
Еңбек тарихшы, шығыстанушы, әдебиеттанушы ғалымдарға, студенттерге, магистранттарға, жалпы оқырман қауымға арналады.
Мансұров Н.Б., Темірханов Б.Н. «Ғақлиат тасдиқат» – отыз сегізінші сөз.
/Түркістан: «Тұран» баспасы, 2020. - 126 бет.
ISBN 978-601-06-6909-3
Ұсынылған ғылыми еңбекте Абай Құнанбайұлының күрделі туындысы саналатын «Ғақлиат тасдиқат» - отыз сегізінші сөзінің мазмұндық әрі мағыналық сипаты айқындалған. Бүгінге дейін «Китаб тасдиқ» аталып келген бұл шығарманың төл атауы қайта жаңғыртылған. Ғылыми еңбекте негізінен діни терминдерге ерекше назар аударылып, олардың тілдік қолданыстағы мағынасы сараланып, барынша түсінік берілген әрі қолданыс орындары айқындалған. Бұл өз кезегінде ақынның отыз сегізінші сөзінің мазмұнын ұғуға септігін тигізеді. Ғылыми еңбек ЖОО студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға және тіл, дін, философия, әлеуметтану, т.б. салалармен айналысатын мамандарға әрі Абайды танушы қалың оқырманға арналған.
И.С.Тургенев. Бөдене/Бирүк/Шалғын.
/Алматы: «Отбасы хрестоматиясы» баспасы, 2020. - 64 б.
ISBN 978-601-06-6853-9
Кітапқа орыс жазушысы И.Тургеневтің «Бөдене», «Бирүк», «Шалғын» атты шығармалары енген. Онда адам мен табиғат арасындағы шынайы қатынас суреттеледі. Бұл әңгімелер алғаш 1936-38 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Д.Мамин-Сибиряк. Асыранды аққу.
/Алматы: Отбасы хрестоматиясы баспасы, 2020. - 64 6.
ISBN 978-601-06-6852-2
Кітапқа орыс жазушысы Дмитрий Мамин-Сибиряктың «Асыранды аққу», «Емеля аңшы», «Кім жыртқыш?», «Сұр мойын» атты шығармалары енген. Онда адам мен жабайы табиғат, жануарлар, құстар арасындағы байланыс әңгімеленеді. Бұл әңгімелер алғаш 1927-36 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Уида. НЕЛЛО МЕН ПАТРАШ
/Алматы: Отбасы хрестоматиясы баспасы, 2020. - 646.
ISBN 978-601-7558-83-3
Кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза де ла Раменің «Нелло мен Патраш» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Нелло атты жетім бала мен оның патраш атты төбетінің басынан кешкен аянышты өмірі бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Ағайынды Гриммдердің ертегілері.
/Алматы: «Отбасы хрестоматиясы»баспасы, 2021. - 94 б.
ISBN 978-601-06-7039-6
Бұл кітапта «Ағайынды Гриммдер» деген атпен таныс неміс халқының бірқатар ертегілері топтасқан. Ертегілерді XVIII ғасырда Уильгельм, Жакоб есімді екі неміс ағартушысы құрастырған. Бұл ертектер сол заманнан бері жалғасып классикалық дүниеге айналды. «Қызыл телпек», «Бремен музыканттары» сияқты ертегілер әлем балаларының сүйікті образдарына айналып үлгерді.
«Ағайынды Гриммдердің» ертегі кітабы 1934 жылы алғаш рет қазақшаға аударылып, латын әрпінде жарық көрген еді. Біз сол нұсқасын қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Байтұрсынұлы Дәулетбек «Ерлік ескірмейді» Мақалалар, сұхбаттар.
/Алматы: "Мерей" баспасы, 2021 ж. - 368 бет.
ISBN 978-601-7998-48-6
Қолыңыздағы бұл кітап ақынның отыз жыл бедеріндегі әр кезде жазып, жариялап отырған мақалалары. Жинақ сын-сарап, сыр-сұхбат, көзқарас, өнер, көлеңке деген бес бөлімнен тұрады. Алдыңғы буын ағалары мен соңғы буын іні-қарындастарының аяқ алысы, қалам қарымы туралы жазылған сын және рецензия кітаптың басты бөлігін құрайды. Қаламгер нені жазса да, дүние танымы мен руханият әлемі жарқырап көрініп отырады. Жинақ әдебиет сүйер жалпы оқырманға арналады.
KAZAKİSTAN (ALMATI) MİLLÎ KÜTÜPHANESİNDEKİ ARAP HARFLİ TÜRKÇE NADİR ESERLER KATALOĞU
Dr. Osman KABADAYI
Doç. Dr. Zubaida SHADKAM
Bu çalışma Hoca Ahmet Yesevî Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsü tarafından desteklenmiştir. Proje Kodu: ERI /2018-009 (This work was supported by Eurasian Research Institute of the Kho- ca Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University. Project code: ERI/2018-010).
Proje Yürütücüsü: Osman KABADAYI
ISBN 978-601-7805-53-1
2021, Almatı
Таймагамбетов Ж.К.
ISBN 978-601-7988-28-9
«Сведения о памятниках каменного века Восточно-Казахстанской области». Алматы - 2021 г., 36 страниц. - на русском языке.
АТЫРАУ ӨЛКЕСІНІҢ КҮЙЛЕРІ (XXғ. композиторларының шығармашылығы): Антология: екі томдық. - Т.2. / Жауапты редактор Тұрмағамбетова Б.Ж. - Атырау: «Ағатай», 2020. - 448+24 фотосуретті жапсырма бет.
ISBN 978-601-7147-90-6
Атырау өлкесінің күйлері (XX ғ. композиторларының шығармашылығы) антологиясының 2 томына XX ғ. өмір сүріп, туған өлкенің музыка мәдениетінің өркендеуіне өз шығармашылығымен үлес қосқан әуесқой композиторлардың таңдаулы күйлері еніп отыр. Бұл көпшілікке танымал болып, ел жадында сақталған күйлердің шығу тарихы мен авторлары туралы құнды мәліметтер алғаш рет жүйелі жиналып,ұсынылды. Кітап білім алушылар мен ізденушілерге, кәсіби музыканттарға және жалпы өнерсүйер қауымға арналады.
АТЫРАУ ӨЛКЕСІНІҢ ӘНДЕРІ (XXғ. композиторларының шығармашылығы):
Антология: екі томдық. - Т.1. / Жауапты редактор Тұрмағамбетова Б.Ж. - Атырау: «Ағатай», 2020. - 560+24 фотосуретті жапсырма бет.
ISBN 978-601-7147-81-5
Атырау өлкесінің әндері (XX ғ. композиторларының шығармашылығы) антологиясының 1 томына XX ғасырда өмір сүріп, туған өлкенің музыка мәдениетінің өркендеуіне өз шығармашылығымен үлес қосқан әуесқой композиторлардың таңдаулы әндері еніп отыр. Бұл көпшілікке танымал, халықтың жүрегінен орын алып, жадында сақталған әндердің шығу тарихы мен авторлары туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі жиналып, талданып ұсынылды. Кітап білім алушылар мен ізденушілерге, кәсіби музыканттарға және жалпы әнсүйерлерге арналады.
Ракишев Б. Р., Битимбаев М. Ж., Минигулов А. М. Новые технологии буровзрывных работ на рудниках ТОО «Корпорация Казахмыс»: монография
/Б. Р. Ракишев, М. Ж. Битимбаев, А. М. Минигулов. Алматы: Жибек жолы, 2020. - 380 с.
ISBN 978-601-294-322-1
В монографии отмечено, что на рудниках ТОО «Корпорация Казахмыс» практически полностью обновлен типоряд буровых установок и ассортимент промышленных взрывных веществ. Внедрены мощные перфораторы, используются дизельное самоходное оборудование, качественные простые ВВ. Автоматизированное управление буровой и зарядной техникой создало комфортные условия для производительной работы операторов.
Специалисты Корпорации совместно с сотрудниками научно-исследовательских и проектных организаций в этой сфере горного производства добились впечатляющих результатов за счет реализации инновационных технологий. В качестве примера приведены разработки ученых Казахского национального исследовательского технического университета имени К. И. Сатпаева по автоматизированному проектированию параметров БВР и прогнозированию их результатов. САПР БВР состоит из программных модулей «Гранулометрический состав естественных отдельностей в массиве пород», «Предельный радиус взрывной полости», «Размеры зон интенсивного дробления пород», «Рациональные параметры расположения зарядов в отбиваемом слое массива пород», «Гранулометрический состав взорванной горной массы». Система создает широкие возможности для эффективного проектирования, моделирования и управления процессом взрывного разрушения горных пород при различных горно-геологических и горнотехнических условиях для обеспечения высоких конечных результатов.
Монография предназначена для инженерно-технических и научных работников производства, проектных организаций, НИИ и вузов, занимающихся вопросами взрывного разрушения горных пород. Она весьма востребована при подготовке бакалавров, магистров и докторантов РШ по специальности «Горное дело».
Ксенжик Г. Картографические материалы по истории Казахстана XVIII - начало XX вв.: в контексте формирования государственных границ. Монография.
/Алматы: «Издательство N-PRESS», 2020. - 376 с.
ISBN 978-601-241-819-4
Монография является результатом научного исследования () грантового проекта с ГФ МОИ РК «Картографические материалы по истории Казахстана ХVIII-начало XX вв.: в контексте формирования государственных границ». Представленный анализ результатов междисциплинарного исследования в монографии позволяет провести визуальную демонстрацию общего контекста событий истории возникновения и формирования государственных границ Казахстана во времени и в пространстве. Детально описываются и анализируются карты, составленные в период формирования границы на местности, некоторые из которых выявлены автором впервые. Рассмотрены геополитические концепции формирования границ Казахстана в XVIII - начало XX вв. Освещаются проблемы методики использования «старых» карт и классификации. Предлагаемое исследование является одной из первых попыток подобной направленности, где автор стремится дать исследователям, использующим «старые» карты, все объективные сведения, необходимые для их историко- источникового анализа и оценки как источников. Книга предназначена для историков, так и для широкого круга научной общественности.
Аскаров Е.С. Бережливое производство. Учебное пособие
/Алматы, ТОО Издательство "Фортуна Полиграф", 2020, 136 с.
ISBN 978-601-320-136-9
Учебное пособие предназначено для изучения методологии бережливого производства. Бережливое производство (Lean Production) - это форма производства, при котором максимально сокращаются затраты времени и сил персонала на действия, которые не приносят пользу, не имеют ценности для изготовления продукции. При таком производстве проводится глубокий анализ производственного процесса, нахождения в нем этапов, где возникают незапланированные остановки производства (задержки), в действиях работников определяются действия, лишние для работы, в средствах производства и технологии определяются места, где работник затрачивает лишние движения, совершает дополнительные перемещения. Все эти паразитные компоненты, не работающие на производство продукции, но отнимающие время и энергию работников, устраняются.
Пособие предназначено для студентов и магистрантов ВУЗов, изучающих методы управления производством и сферой услуг. Оно может быть полезно практическим работникам для повышения их квалификации в области менеджмента.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com