
Шестова О.
30 Нобелевских премий: Открытия, изменившие медицину / Ольга Шестова, Лев Иноземцев. — М.: Альпина нон-фикшн, 2020. — 214 с.
ISBN 978-5-00139-181-4
Самая известная и почетная в мире премия — Нобелевская — ежегодно присуждается за выдающиеся научные исследования, революционные изобретения, крупный вклад в культуру или развитие общества. В этой книге пойдет речь о лауреатах премии по физиологии или медицине. На момент написания книги вручено 210 премий 219 лауреатам. Из них мы отобрали 30 — тех, чьи работы широко используются, значение которых известно каждому, а суть понятна любому человеку без специального образования — небезразличному к медицине и собственному здоровью.
Открытия объединены по темам и собраны в шести главах, посвященных физиологии, генетике, патогенам, медицинским методам, фармакологии. Чтение можно начать с любой главы — с той темы, которая вам кажется самой интересной.
Доспанбетов Ұ.
Қызыл жолбарыс: Тарихи роман. 2-кітап. Ұзақбай Доспанбетов. - Алматы: ИП "Немцев". 2020,-456 бет.
ISBN 978-601-298-44-2
Ұзақбай Доспанбетовтың «Қызыл жолбарыс» атты тарихи романы екі кітаптан тұрады. Романның бас кейіпкерлері Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау (Қабылиса) Асанұлы - XVIII ғасырда Жетісу өлкесіндегі жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қанды оқиғалардың бәріне бастан-аяқ қатысқан тарихи тұлғалар.
Жазушы өз шығармашылығында ел аузында сақталған қыруар аңыздар- ды жинаумен қатар Алматы, Талдықорған, Шымкент, Ташкент, Мәскеу қалаларындағы архивтерде сан салалы үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сондықтан да «Қызыл жолбарыс» өз оқушысын табары сөзсіз.
Доспанбетов Ұ.
Қызыл жолбарыс: Тарихи роман. 1 - кітап. / Ұзақбай Доспанбетов. - Алматы: ИП "Немцев". 2020. - 528 бет.
ISBN 978-601-298-44-1
Ұзақбай Доспанбетовтың «Қызыл жолбарыс» атты тарихи романы екі кітаптан тұрады. Романның бас кейіпкерлері Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау (Қабылиса) Асанұлы - XVIII ғасырда Жетісу өлкесіндегі жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қанды оқиғалардың бәріне бастан-аяқ қатысқан тарихи тұлғалар.
Жазушы өз шығармашылығында ел аузында сақталған қыруар аңыздар- ды жинаумен қатар Алматы, Талдықорған, Шымкент, Ташкент, Мәскеу қалаларындағы архивтерде сан салалы үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сондықтан да «Қызыл жолбарыс» өз оқушысын табары сөзсіз.
В России, как и в других, индустриально развитых цивилизованных странах, сегодня на каждые сто заключенных супружеских браков приходится 60 бракоразводных процессов со скандалами и взаимными обвинениями бывших супругов.
В Москве и Питере, где граждане более просвещенные и живут более зажиточно, этих разводов еще больше, приближаясь к числу вновь заключенных.
Способны ли сегодня ученые по семейным вопросам своими работами помочь укреплению семьи?
Сегодня во всех индустриально развитых цивилизационных богатых странах каждый третий взрослый гражданин не может обходиться без постоянного употребления снотворных и антидепрессантных таблеток. По утверждению работников аптечной сети цивилизованных стран, снотворное и антидепрессанты на сегодня — самые покупаемые лекарства. С этим связано и употребление спиртного для расслабления.
По утверждению современных медиков, большинство болезней нашего времени - это образно выражаясь «от нервов», т.е. от конфликтов, часто происходящих от недостатка знаний, от неумения найти общий язык и уживаться, которые накапливаясь, служат спусковым крючком для заболевания органов тела. В календаре даже введена специальная дата — 10 октября — День психического здоровья.
В свете этого, достаточно ли хорошо мы сегодня пониманием самих себя и своих окружающих?
А достаточно ли хорошо мы сегодня понимаем наше социальное жизнеустройство? В чем недостатки государства и как их можно устра-
нить ?
Есть в истории личности, судьба которых удивительным образом отражает характер эпохи. Жизнь Кунанбая Ускенбаева, отца казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева, деда философа и поэта Шакарима Кудай- бердиева, опосредует казахскую историю всего XIX века, поскольку олицетворяет собой родовую структуру управления в традиционном обществе в переломный для всех казахов период перехода от родовых, общинных отношений к зависимому состоянию в структуре Российской империи. Но не менее значимо и то, что он жил в гуще людей, мечтал об их счастье, был всегда рядом с ними во всех важных событиях, касавшихся жителей казахской степи. Во всех его мыслях, волнениях, деяниях, свершениях отражались узловые проблемы и события эпохи, необратимо повлиявшие на судьбу народа.
Книга известного историка Ерлана Сыдыкова представляет собой наиболее полное и достоверное жизнеописание самобытного и яркого деятеля казахской истории и адресована широкому кругу читателей как в Казахстане, так и за его пределами.
Қазақстан Республикасында тіркелген офтальмологияда қол- данылатын дәрілік заттардың маркетингтік шолуы, патенттелмеген және саудалық атауы, олардың қолданылу әдістері, дәрілік препараттарды тағайындау реті, мөлшері, қай елден шығарылғаны көрсетілген. Жиі кездесетін көз ауруларына қысқаша шолу, оларды емдеудегі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінде бекітілген хаттамалар, Қазақстандық ұлттық формуляр жүйесіне енгізілген препараттардың сипаттамасы, сонымен қатар рецептпен және рецептсіз берілетін дәрілер тізімі, сұрақтар мен жауаптар берілген.
«Офтальмофармакология» еңбегі дәрігерлерге, провизорларға және медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, бакалавр, резиденттер мен магистранттарға, РhD докторанттарға қазіргі кезде қазақ тілінде оқу құралдарының тапшылығын ескере отырып ұсынамыз.
Қазіргі заман талабына сай білім дәрежесін бағалауда тесттер жиі қолданылады. Осы оқу құралында берілген тесттік тапсырмалар мен сұрақ-жауаптар алынған білімді шыңдай түсері сөзсіз.
Бұл еңбек 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде клиникалық фармакологияның жалпы сұрақтары: фармакодинамика, фармако- кинетика, фармакобақылау тақырыптары қамтылған.
Екінші бөлімінде әрбір мамандық бойынша (терапия, акушерия және гинекология, анестезиология, реанимация, оторинолорингология, офтальмология, эндокринология) клиникалық фармакологиясынан тесттері, сұрақтар мен жауаптар түрінде көрсетілген.
Клиникалық фармакология бойынша тесттер, сұрақтар мен жауаптар түрінде дәрігерлерге, провизорларға және медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, бакалавр, резиденттер мен магистранттарға, РhD докторанттарға қазіргі кезде қазақ тілінде оқу құралдарының тапшылығын ескере отырып ұсынамыз.

Хилл Чарльз, Халт Томас. Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. 12-басылым. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2019. - 720 бет.
ISBN 978-601-7943-44-8
«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл - «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы.
Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады.
Бұл - болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.

Данн Росс Е.Panorama: Дүниежүзі тарихы, 2-кітап. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 492 бет.
ISBN 978-601-7943-49-3
ISBN 978-601-7943-50-9
Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы, 2-кітап» («Panorama a World History Book2 ») деп аталады. Кітапта XVI ғасырдан бастап, бүгінгі күнге дейін тарих толық қамтылады.
Екінші кітап үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Жаңа заман және қазіргі заман тарихынан бүгінгі күнге дейінгі адам баласы жүріп келе жатқан жол осы кітапта жан-жақты және бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.
Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихн оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.
Кітап - ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.

Данн Росс Е.Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 532 бет.
ISBN 978-601-7943-49-3
ISBN 978-601-7943-51-6
Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап» («Panorama a World History Book1 ») деп аталады. Кітап Ното sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, XVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған.
Бірінші кітап төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.
Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихн оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.
Кітап - ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.

Котлер Филип, Армстронг Гари. Маркетинг негіздері. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 736 бет.
ISBN 978-601-7943-39-4
Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Principles of Marketing» - «Маркетинг негіздері» оқулығы - бұған дейін түрлі саланың құрамдас бөліктері болып келген ақпаратты топтастырып, жүйелеу арқылы маркетингті өз алдына дербес білім саласына бөліп шығарған түбегейлі еңбек. Кітап қазіргі маркетинг аясындағы барлық түсініктер мен процестерге жан-жақты шолу жасай отырып, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне аударылған 17-басылым - бұл оқулықтың 40 жылдық даму тарихының синтезі.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің тұрақты клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, ортадағы өзгерістерге ілесіп, икемделе білу секілді маркетинг міндеттері нақты мысалдар, кейстермен бекітіліп сипатталады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Әдебиет теорияеы: Антология. 4-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 452 бет.
ISBN 978-601-7943-53-0
ISBN 978-601-7943-57-8
Бұл оқулықта XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырып, аффект теориясы (С.Томкинс, И.Седжуик, Л.Берлант, Б.Массуми, С.Ахмед), нарративті эмпатия теориясы (С.Кин), когнитивті метафора теориясы (Дж.Лейкофф, М.Джонсон), когнитивті поэтика (Р.Цур, М.Тернер, Э.Сполски, Э.Харт), эволюциялық әдебиет теориясы (Дж.Кэрролл, Б.Бойд, Н.Истерлин, Дж.Готтшолл), репрезентативті емес теория (Н.Трифт), әрекетшіл желі теориясы (Б.Латур), киберфеминизм мен «жаңа материализм» теориясы (Д.Харауэй, Дж.Агамбен) жөнінде кеңінен сөз етеді.
Антологияға енген мақалалар жиынтығы көркем әдебиеттің мазмұны мен құрылымын, жанрлық сипатын, көркем шығармаларды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін қайтадан пайымдауға, билік пен идеология табиғатын, этносаралық қарым-қатынастарды, халықаралық байланыс саласындағы жаңа тұжырымдарды, әлемдегі постотарлық ахуалды тыңнан зерделеуге жол ашады.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: Антология. 3-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2019. - 440 бет
ISBN 978-601-7943-53-0
ISBN 978-601-7943-56-1
«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларға бөлінген. Атап айтқанда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Уилиям Шекспир, Елизабет Бишоп, Макс Жакоб, Джон Галт, Элис Манро сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары жаңаша пайымдалады. Зерттеу еңбегіне арқау болған тың теориялық ұғымдар аталмыш оқулықтың құндылығын арттыратыны сөзсіз.
Окулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: Антология. 2-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 372 бет.
ISBN 978-601-7943-53-0
ISBN 978-601-7943-55-4
Джули Ривкин мен Майкл Райан құрастырған «Әдебиет теориясы» антологиясының екінші томы «Постструктурализм», «Психоанализ және психология» деп аталатын екі ауқымды бөлімнен тұрады.
Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен арақатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгреесиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен қозғалады.
Әр бөлім жеке бір әдеби шығарманы талдауға арналған қос тараумен тиянақталады. Жан-Жак Руссодан бастап Нобель сыйлығының лауреаты Элис Манроға дейінгі бірсыпыра жазушылардың шығармашылығына қатысты сан алуан қызғылықты пікірлер айтылған. Жекелеген зерттеушілердің эсселері, ғылыми мақалалары өзгеше тың ой-тұжырымдарымен кітаптың құндылығын арттыра түседі.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: Антология. 1-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 568 бет.
ISBN 978-601-7943-53-0
ISBN 978-601-7943-54-7
Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.
Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға. жалпы оқырман қауымға арналған.

Элен Битэм, Рона Шарп.Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. - 2019 жыл. — 328 бет.
ISBN 978-601-7943-29-5
Бұл оқулықта XXI ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын I бөлімінде білім алуға және оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе, II бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжірибе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы III бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.
Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

Лотман Юрий. Семиосфера. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 640 бет.
ISBN 978-601-7943-34-9
«Семиосфера» - Ю.М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін жетінші еңбегі. Бұл кітап оны Мәскеу—Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.
Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіреді. Семиосфераның ішкі құрылымы және зандылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.
Кітаптағы монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), әр жылдары жарық көрген мақалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін бағалы дүниеге айналды. «Семиосфера» студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер қауымына арналған.

Янсон Торе.Тіл тарихы: Кіріспе - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 244 бет.
Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих - бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл еңбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көп- шілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған.
Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихы мен сыр-сипатына да қанық болады.
Бұл еңбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқулық ретінде арнайы жазылған.

Шо Малколм Н.Халықаралық құқық. 2-кітап. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2019.-624 бет.
ISBN 978-601-7943-47-9
Бұл кітап - халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері жан-жақты сипатталатын, халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылым саласына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналады.

Шо Малколм Н.Халықаралық құқық. 1-кітап. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.-584 бет.
ISBN 978-601-7943-19-6
Бұл кітап - халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді. Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.
ISBN 978-601-7943-22-6
Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми- зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақ бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.
Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

Трагер Роберт. Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2019. - 256 бет.
ISBN 978-601-7943-28-8
Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны - «құпия дипломатия» және оның механизмдері. Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.
Эсенбекова 3. Э, Алипбекова А. С. Курс лекций по нормальной физиологии и физиологии челюстно-лицевой области: учебное пособие для студентов-стоматологов медицинских ВУЗов/ - 3-е изд. доп. и пе- рераб. -Б: 2019-365 с.
ISBN 978-9967-447-57-8
В данном учебном пособии изложены базовые материалы по функциям основных систем организма: крови, кровообращения, дыхания, пищеварения, выделения, центральной нервной системы, вегетативной нервной системы, высшей нервной деятельности. Дана физиология возбудимых структур, физиология анализаторов, физиология эндокринной системы, репродуктивной системы, физиология обмена веществ и энергии, питания и теплового обмена. Кроме этого, с целью профилизации факультета в данное пособие включены и вопросы физиологии челюстно- лицевой области, даны функции ее костного и мышечного аппарата, функции зубов и тканей зубов, периодонта и пародонта, приводятся виды физиологического прикуса, виды контрфорсов и их функции, а также в разделе «Анализаторы» более углубленно раскрыта сенсорная функция ротовой полости.
Учебное пособие предназначено студентам-стоматологам, ординаторам, аспирантам, магистрантам, молодым преподавателям, биологам и врачам.

Эсенбекова З.Э., Наумова Т.Н., Алипбекова А.С. Курс лекций по нормальной физиологии: учеб. пособие для cтуд. мед. ВУЗов/ - 3-е изд. доп. и перераб. - Б: 2019 –
365 с.
ISBN 978-9967-447-56-1
В данном учебном пособии изложены базовые материалы по функциям основных систем организма: крови, кровообращения, дыхания, пищеварения, выделения, центральной нервной системы, вегетативной нервной системы, высшей нервной деятельности. Дана физиология возбудимых структур, физиология эндокринной системы, репродуктивной системы, физиология обмена веществ и энергии, питания и теплового обмена. Учебное пособие предназначено студентам, ординаторам, аспирантам, магистрантам, молодым преподавателям, биологам и врачам.

Биография диалектической мысли. (К юбилею казахстанской академической философии) / Составитель С. Ю. Колчигин. - Алматы, Казахстанский философский конгресс 2019. - 310 с.
ISBN 978-601-304-100-1
Материалы сборника посвящены 60-летию Института философии и права Академии наук Казахской ССР (ныне - Института философии, политологии и религиеведения КН МОН РК).
В разнообразных жанровых формах (интервью, аналитический обзор, воспоминания, фотографии) отражены основные этапы становления академической философии (в первую очередь диалектической логики) в Республике, раскрыта роль её основателей и лидеров. Намечены перспективы дальнейшего развития философии в Казахстане.
Адресуется не только специалистам, но и всем, кто интересуется вопросами философии и социально- гуманитарной науки.

ҚАЙЫРКЕН Т.З.ҚЫТАЙ ТАРИХЫ: Жаңа және қазіргі заман. Оқу құралы / Тұрсынхан Законұлы Қайыркен. - Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі. 2019. 2-том. - 328 б.
ISBN 978-601-7962-50-0
Оқу құралы - Қытайдың 1644 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықтағы жаңа және қазіргі заман тарихын қамтиды. Яғни, манчжурлардың ірге кеңейтуі, сол негізде Қытайдың да оның құрамдас бөлігіне айналуы, елдегі «жабық есік саясаты», апиын соғысы және оның нәтижесінде Қытайдың манчжурлардың және шетелдіктердің қос қабат отарына айналуы, Цинхай төңкерісі және оның нәтижесінде орын алған ірі оқиғалар, елдегі саяси партиялардың күресі және одан туындаған азаматтық соғыс, ҚХР-дың құрылуы және ел басшылығының саяси шешімдері, реформа, ашық есік саясаты кезіндегі елдің дамуы және қазіргі дүп келіп отырған сын-тегеуіріндер сөз болады. Оқу құралының алғашқы бөлімдерін жазуда Цзян Боцзан, Люй Сымянь қатарлы әйгілі тарихшылардың еңбектері және Су Бэйхай т.б. қазіргі заман зерттеушілерінің Қытайдағы қазақ тарихына қатысты жұмыстары пайдаланылды. Қазіргі заман бөлімін жазуда соңғы деректер мен ақпараттар негізге алынды.
Оқу құралы Жоғары оқу орындарының білім алушыларына, Қытай тарихына қызығатын жалпы көпшілік қауымға арналған.

ҚАЙЫРКЕН Т.З.ҚЫТАЙ ТАРИХЫ: Ежелгі заман және ортағасырлар. Оқу құралы I Тұрсынхан Законұлы Қайыркен. - Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі. 2019. 1-том. -328 бет.
ISBN 978-601-7962-49-4
ҚР БҒМ Ғылым комитеті № АР 05133970 «Қытай тіліндегі Қазақстан тарихына қатысты қолжазбаларды жинақтау, жүйелеу және зерттеу: Су Бэйхай «Қазақтың жалпы тарихы» (4 томдық қолжазба)» жобасы аясында дайындалған бұл оқу құралы - Цзян Боцзан, Люй Сымянь қатарлы әйгілі тарихшылар мен Су Бэйхай т.б. қазіргі заман зерттеушілерінің еңбектері негізінде Қытайдың ерте және ортағасырлар кезіндегі тарихы, мемлекеттілігі мен ғылым-мәдениетінің дамуы, көрші этностармен байланысы, сондай- ақ көшпенді этностардың Қытай тарихы мен мәдениетіне, мемлекеттілігіне жасаған әсері оқырманның есінде қалардай жан-жақтылы, қызықты материалдармен жазылған. Оқулық Қазақстандағы жоғары оқу орындарының тарих, шығыстану, аймақтану және халықаралық қатынастар мамандығының студенттері мен магистранттарына, Қытай тарихына қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.

ҚАЙЫРКЕН Т.З.КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ: Тарихи-деректанулық талдау: Монография / Тұрсынхан Законұлы Қайыркен.. - Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі. -2019. -312 бет.
ISBN 978-601-7962-48-7
Елімізде Күлтегін ескерткішін тарихи тұрғыдан қарастырған бұл еңбекте, автор алдымен Күлтегін өмір сүрген дәуірді және Күлтегіннің тарих сахнасына қалай шыққанын, істеген істері мен артында қалған мұрасын, Күлтегін ескерткішінің өзін арнайы зерттейді.
Қазақ ғылымында алғаш рет зерттеліп, оқырманға ұсынылып отырған еңбектің басты жаңалығы - Күлтегін ескерткішіндегі көне түрікше және қытайша мәтіндердің мазмұнын тарихи-деректанулық тұрғыдан зерттеп, ондағы әр сөз бен сөйлемнің тарихи астарын, мән-мағынасын, деректік құндылығы мен әлеуетін, шынайылығын ашып беруі. Түркология әлеміне белгілі көптеген зерттеушілердің еңбектерін және қытай тілді көне деректерді пайдалана отырып жазылған бұл күрделі зерттеу - Су Бэйхай секілді Қытай ғалымдарының қазақ этногенезі мен мемлекеттілік дәстүріне көне түркілердің қатысы болмаған дейтін концепциясын терістеуге қызмет етеді.

«Ақынжанов оқулары-2019» атты көрнекті археолог - Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың 80 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық археологиялық конференциясының жинағы. 16-17 қазан 2019 ж. /Ред. Б.Ә. Байтанаев/ - Алматы: Хикари, 2019 - 192 б.
ISBN 978-601-7312-80-0
С.М. Ақынжановтың 80 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық археологиялық конференциясының материалдар жинағына Қазақстанның археологиясы мен музеологиясының бүгінгі күнгі өзекті мәселелеріне арналған зерттеулер енген. Материалдар жинағы археологтарға, тарихшыларға және көпшіліке арналған.

Ди Маттео Ларри. Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019 жыл. - 680 бет.
ISBN 978-601-7943-31-8
Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады.
Сондай-ақ бұл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі тәуекелдері (валюталық, құқықтық, қаржылық т.б.) мен стратегиялары (делдалдардың қызметін пайдалану, халықаралық банктермен бірлесе жұмыс істей білу, тікелей шетелдік инвестиция, контрсауда және халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын жасау т.б.) кәсіби һәм ғылыми тұрғыдан сараланып, екшеп көрсетіліп, деректер де молынан келтіріледі.
Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы.
«Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық прициптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.

Бове Куртланд, Тилл Джон. Қазіргі бизнес-коммуникация. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 736 бет.
ISBN 978-601-7943-46-2
Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы нақты оқыту мақсаттары студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Сондай-ақ онлайн режимдегі қызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіріп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткізуді, қобалжу сезімін жеңуді үйренгісі келетіндер үшін авторлардың берер кеңесі мол.

Шиллинг Мелисса А.Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 380 бет.
ISBN 978-601-7943-48-6
«Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент» оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады.
Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады.
Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің коғам үшін тың дүние екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, оқулықтың құндылығы айқын көрінеді. Кітап қазіргі сұранысқа сай жазылған. Мәтіндер мазмұнды мысалдармен, тақырыптар кесте, сызбалармен толықтырылған.
Оқулық бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

Райан Майкл. Әдебиет теориясы: Кіріспе. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019.-292 бет.
ISBN 978-601-7943-37-0
Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын - орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.
Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. XX ғасырдың 50-60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері - М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Гомбрих Э.Өнер тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2019 жыл. - 680 бет.
ISBN 978-601-7943-33-2
Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» - оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек.


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com