Кітапхана - ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Ол бүгінде заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, ақын - жазушылардың, ғалымдардың, оқырманның талап-тілегіне сай кеңес беруші.
Кітапхана 1932 жылы ССРО Ғылым академиясының Қазақстандың базасы болып құрылған. 1946 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрылуына байланысты кітапхана ҚазССР Ғылым академиясы Орталық Ғылыми кітапханасы статусын алды. Осы атаулы күнге орай, "Ғылым Ордасы" РМК Орталық Ғылыми Кітапханасының библиографиялық көрсеткіштерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың гранттық жобаларынан шыққан ғылыми еңбектер, "Ұлы Тұлғалар" сериясы мен " Қазақстан және Әлемдік қауымдастық" сериясы, кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері туралы еңбектер, Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиялық көрсеткіштері қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы