Пірәлі Г. Ж.
М.О. Әуезовтің беймәлім мұралары (баяндамалары, хаттары, оқулықтар). Монография. - Алматы: «Қоңыр» баспасы, 2021. -300 б.
ISBN 978-601-08-0807-2
Монографияда ғұлама ғалым, көрнекті суреткер М.Әуезовтің өткен дәуірде жазылса да, айтылса да құнын жоғалтпайтын асыл ойлары қазақ әдебиеті мен мәдениеті, өнері, киносы, ғылымы, сыны туралы ғылыми теориялық тұжырымдары, парасатгы пікірлері, философиялық ойлары, салиқалы сөздері, әдеби-ғылыми дискурстары, қазақ әдебиеті тарихы мәселелері өзек етілген хаттары, мектеп оқушыларына арналған оқу- лықтары бүгінгі күн талабы бойынша жаңаша сарапталады. Жазушының бұрындары ғылыми айналымға түспеген тың мәтіндері арнайы зерттеледі. М. Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымы мен көркем әдеби сыны туралы айтқан сөздері, энциклопедиялық білімі, ғылыми қағидалары ұлт әдебиетін қалыптастырып, дамытуға қосқан қомақты үлесі, қымбат қазынасы, қазақ руханиятында құнды мұра екені мәлім. Бұл материалдар жазушының елу томдық толық академиялық жинағында алғаш рет жарияланғанымен ғылыми айналымға енді ғана енген мәтіндер.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды және тың тарихи, ғылыми маңызы бар әдеби деректер көптеп кездесетін монографияны қазақ әдебиетін зерттеушілері, гуманитарлық оқу орындарының окытушылары оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com