меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-30 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Syiga berilgen kitaptar

Пинкер Стивен. Тіл - инстинкт. -Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 386 бет.

ISBN  978-601-7943-30-1

Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер - ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл - инстинкт» атты бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған.

Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де накты тұжырымдар жасайды.

Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.

Пек, Гай С. Рил. Медиаэтика. Жас мамандар тәжірибесінен. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2018 жыл. - 304 бет.

 ISBN  978-601-7943-18-9

Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға медиа саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекте жарнама, жаңалықтар, қоғаммен байланыс саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар баяндалады. Әр жағдаят кеңінен сипатталып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «мұндай жағдайда мен не істер едім» деген ой үстінде болады.

Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген.

Кітап — студенттердің теориялық білімін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағылымды еңбек.

Бейнбриж Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиз. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 592 бет.

ISBN 978-601-7943-45-5

«Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» - кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа саласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.

Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.

Кітаптың басты құндылығы - медиа маманы болуға талаптанған студентті немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маманы ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

Саид Эдуард Уади. Ориентализм. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 328 бет.

          ISBN  978-601-7943-35-6

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Азия мен Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады.

Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚІІІ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», — дейді автор.

Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы. - Алматы: «Ұлттық  аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл - 420 бет.

      ISBN  978-601-7943-25-7 (4-том)

Бұл - философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің өмірден озуымен аяқталатын XIX ғасырдың басты философтары қарастырылды. Қолыңыздағы төртінші томда XX ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады.

«Қазіргі заман философиясы» деп аталатын окулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған. Сонымен қоса философия іліміне қызығушылық танытқан оқырманға да лайықталып жазылған.

Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл - 412 бет.

     ISBN  978-601-7943-24-0 (3-том)

                            Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  үшінші томы «Тhe Rise оf   Моdегn Рhilosophy» - «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының  XVI  ғасырдың басынан XIX ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды.

                    Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды.

                            Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.

Уилтон Ник.НК-менеджментке кіріспе. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019 жыл. - 532 бет.

ISBN  978-601-7943-32-5

Кез келген ұйымның басты байлығы - адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару - НК-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.

Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы - психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.

Ник Уилтонның «НК-менеджментке кіріспе» (Аn Іntгоduсtiоn tо Нuman  Rеsоuгсе Маnаgеmеnt) оқулығы - осы ілімнің шымылдығын ашатын, ұйымдардағы НК-менеджердің қызметіне бағыт беріп, әр қадамын зерделейтін іргелі еңбек. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр.

Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

               Уоллейс П.Интернет психологиясы. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 356 бет.

ISBN 978-601-7943-23-3

Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді - онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.

Әдетте, адам өзіндік менін сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметтік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

Роббинс Стивен, Джадж Тимати. Ұйымдық мінез-құлық негіздері, 14-басылым. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл - 488 бет.

ISBN  978-601-7943-20-2

Ұйымның өзегі - қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы бай- ланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу - әр басшының, әсіресе НК-менеджердің міндеті.

Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру - психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал еңбегін қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.

Кітапменеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Обеспечение безопасности в формате внешней поли­тики Казахстана: угрозы, вызовы и приоритеты / Г.М. Дуйсен, Д.А. Айтжанова, З.Г. Джалилов - Алматы: Институт востоковеде­ния им. Р.Б. Сулейменова КН МОН РК, 2019. - 92с.

ISBN 978-601-332-385-5

В научном докладе представлена концептуальная модель обеспечения безопасности внешней политики Казахстана с учетом угроз, вызовов и приоритетных направлений на кратко- и средне­срочную перспективы. Работа выполнена в рамках программы целевого финансирования № ВК05236550 «Многовекторность и безопасность внешней политики Республики Казахстан и стран Центральной Азии» (). Авторами дана характери­стика основ и формирования системы обеспечения национальной экономической безопасности в условиях глобальных рисков. Про­веден анализ угроз и вызовов национальной безопасности Казах­стана, их типологизация в контексте геополитических процессов. Раскрыты научно-методологические подходы к обеспечению национальной безопасности, рассмотрены сущность и содержание основных видов безопасности. Выработаны основные рекоменда­ции по разработке механизма обеспечения экономической без­опасности РК.

Разработка данного механизма обусловлена необходимо­стью повышения государственного управления и регулирования во внешнеполитической и -экономической сферах

Научный доклад рекомендован к изданию Ученым советом Института востоковедения им. Р.Б. Сулейменова КН МОН РК

   Ащысай - Кентау тұрғындарының өміріндегі әлеуметтік-мәдени бірегейлік (1927 ж. - XXI ғ.б.). Естеліктер мен тарихи сұхбаттар жинағы. /Құрастырушылар: М.Қ. Қойгелдиев, Т. Исанский, З.Б. Мырзатаева, Т.Т. Далаева./ М.Қ. Қойгелдиев редакторлығымен. - Алматы: ИП «Балауса», 2019. - 392 б.

ISBN  978-601-7984-31-1

Жинақта Ащысай — Кентау тұрғындарынан алынған тарихи сұхбат мәтіндері және осы өңірмен кезінде еңбек жолын байланыстырған кісілердің естеліктері берілді. Бұл мәтіндердің өзекті жібі - одақ көлемінде танылған полиметалл комбинаты мен осы өндіріс орны негізінде қалыптасқан қаланың жүріп өткен бай тарихи жолы, өңір тұрғындарының күнделікті өмірі. Жергілікті тұрғындардан тарихи сұхбат арнайы ұйымдастырылған экспедициялық сапарлар барысында алынды.

«Айтылған тарих» ҒЗО «Польша Республикасының Быстшица-Клодзка қаласындағы  репрессия құрбандары мен жер аударылған поляк азаматтарын еске алу Қоғамымен» байланыс орнатып, соның нәтижесінде кезінде Ащысайға депортациялық жолмен келген (1940-1946) азаматтар мен олардың ұрпақтарының естелік материалдары жинақталды. Естелік материалдар қысқартылған нұсқа түрінде берілді.

Жинақ мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының білім алушыларына, докторанттарына және отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналады.

        Менің ғылымдағы өмірім. Қазақстанның ғылыми мектептері. Геология: Ұжымдық монография / М.Қойгелдиевтің редакторлығымен - Алматы: «Балауса» баспасы, 2019. - 504 бет.

ISBN  978-601-291-440-5

Кітапта елімізде геология ғылымы мен геолог мамандардың қалыптасуы, осы салада кәсіби және ұлттық бірегейліктің түрлі тарихи кезендердегі көрінісі нақты дерек көздері арқылы қарастырылады. Кітапты даярлау барысында аға-буын геолог ғалымдардан тарихи сұхбат алынды.

Кітап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы негізінде «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламасы аясында (2018 - 2020) «Қазақстандағы ғылыми мектептер ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы және трансформациясы контексінде (XX ғ. - XXI ғ.б.) тақырыбы бойынша даярланды.

Монография мамандарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.

             Исанская В. «Мои годы в казахской степи» (воспоминания спецпереселенца) / Под редак­цией академика НАН РКМ.Койгелдиева. - Алматы: Изд-во «Асаба»,2019, — 176 с.

ISBN 978-601-7191-07-8

В книге излагаются воспоминания о жизни польской семьи Глуховских, де­портированной в Туркестанский район во время сталинских репрессий. Автор воспоминаний, Ванда  Исанская (Глуховская), в годы ссылки была ещё несовер­шеннолетней.

В своих записях Ванда делится с читателями воспоминаниями о жизни Глу­ховских в казахских аулах Ачисай, Шолаккорган, Хантаги и других. Время, когда происходят события — это период войны с 1941 по 1945 год. Изложенные в кни­ге материалы позволяют глубже понять положение казахского аула в те трудные годы.

        Книга расчитана на ученых-историков, преподавателей, студентов, а    также на широкий круг читателей, интересующихся отечественной историей.

С польского на русский язык перевел Тадеуш Исанский.

Жубанов А.К., Садыков Т.С., Сиразитдинов З.А. Синтез тюркской словоформы. - Алматы: Лингвострановедческий инновационный центр КИЕ, 2019. - 248 с.

ISBN  978-602-05-1768-9

      В коллективной монографии, которая посвящена 70-летнему

юбилею Т.С. Садыкова, рассматривается опыт синтеза тюркской словоформы в родственных языках, накопленный исследователями по прикладной лингвистике в республиках Казахстан, Кыргызстан и

Башкортостан.

Книга предназначена как для программистов, так и для лингвистов, работающих в области внедрения информационных технологий в естественно-языковую среду, докторантов, аспирантов, магистрантов и студентов, специализирующихся в области компьютерной обработки естественных языков.

Жаһандану және Қазақстанның заманауи мәдениеті: ұжымдық монография / Т.Х. Ғабитов, А.Ш. Алимжанова, А. Омирбекова, Е. Осербаев, Р. Зейнуллин. - Алматы: Қазақ университеті, 2019.

- 332 б.

ISBN 978-601-04-3988-7

Жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалып- тастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани- адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда осы тақырыптың алатын орны ерекше.

Кітап студенттер, магистранттар мен докторанттарға және жаһандану мәселесі қызықтыратын оқырман қауымға арналған.

Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық  және қазақ сөзінің құдіреті / Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2019. - 428 бет.

ISBN  978-601-332-415-9

Бұл жинақта ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Ғ.Сыздықтың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары енген. Жинаққа енген материалдар ЖОО ұстаздары мен ҒЗИ қызметкерлеріне, РhD докторлары мен магистранттарына арналып, филологиялық ғылым бағытындағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Казенас В.Л., Есенбекова П.А. Қазақстанныц қауіпті жануарлары. Алматы,

Альманахъ, 2019. 357 б. 207 сурет.

ISBN 978-601-7945-67-1

Бұл кітапта адамдарды шағатын, тістейтін, оларды өз уларымен уландыратын, әртүрлі аурулар тудыратын және ауруларды тасымалдайтын, ал кейде тіпті өлтіретін де Қазақстан жануарлары жайлы айтылады. Мұнда сонымен қатар осындай жануарлардан қалай қорғану керектігі және олардың тудыратын ауруларының алдын алу шаралары жайлы айтылған. Кітап жалпы кең көлемдегі оқырман қауымға, әсіресе оқушылар, студенттер, саяхатшылар және ауыл тұрғындарына арналған.

БАЙҒАБЫЛОВ Нариман. Өткен тарих беттерінен. Нариман Байғабылов.-Алматы, 2019.

ISBN  978-601-06-5655-0

Бұл жинаққа Қазақстанда XX ғасырдың бірінші ширегінде болған ұлт - азаттық қозғалыс, Ақпан, Қазан төңкерістері, қанқұйлы азамат соғысы ол уақыйғалардың Қазақстанға әсері, Советтер Одағының Қытай Халық Республикасы мен Азия, Африка елдерімен қарым қатынасы, тарихи тақырыптарға жазылған қолжазбалар мен жарық көрген шығармаларға арналған сын пікірлер және т.б. тақырыптарға жазылған мақалалар енді. Кітап, тарихшыларға, студенттерге, еліміздің тарихын білуге құштар оқырмандарға арналған.

     Ильмалиев Ж. Б., Кенжалиев О. Б., Таяуова Г. Ж., Алибекова Г. Ж., Дьяченко О. Г.

            Проблемы коммерциализации в системе: образование, наука, производство в Республике Казахстан: Монография. - Алматы, 2019,- 164 с.

ISBN 978-601-323-201-0

В монографии приведен процесс взаимодействия образовательно­го, научного и производственного секторов экономики, направленный на коммерциализацию научных разработок в Республике Казахстан, а также действующие нормативно-технические документы, регулирующие этот процесс. Обосновывается, что реформирование общественных отношений в системе: образование, наука, производство, должно стать отправной точ­кой для нового вектора развития науки, трансфера и коммерциализации, поскольку требуется разработать и интегрировать в инновационную систе­му Республики Казахстан основополагающие постулаты и рекомендации с учетом действующей правовой системы и народного менталитета.

Разработка проблемных вопросов проводилась с учетом современного состояния фундаментальных и прикладных научных исследований в этой области и тенденций развития инновационной деятельности в мире.

Книга рассчитана на представителей казахстанской науки и образования, которые разрабатывают и внедряют инновации в производство, а также всех, кто интересуется вопросами инновационного развития образования, науки и производства.

Карабаев Ж. А. Приятные беседы Рая! - Алматы, 2019,- 115 с.

ISBN978-601-06-5891-2

В книгу вошли отдельные стихи, рассказы, сказки для детей, духовный мир которых только-только начинает формироваться. Рассказы, думается, окажут влияние на восприятие нравственных ценностей жизни на пути достижения успехов, на способность видеть семь цветов радуги и будут направлены на постулаты духовности, развития потенциала добра, трудо- любия, гуманизма, любви.

Тоқтарбай Е.Барлыбек туралы бірер сөз. Б.Сырттанұлының өмірі мен қызметі туралы тарихи толғам. - Алматы: «Баянжүрек», 2019. - 174 б.

 ISBN 978-601-7532-79-6

Кітапта Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Барлыбек Сырттанұлының өмір жолы мен қызметі, ататегі және отбасы, ұрпақтары туралы сөз болады. Сонымен қатар кітапқа Барлыбек Сырттанұлының тұлғасына, отбасына, ұрпақтарына қатысты бұрын-соңды жарияланбаған архивтік құжаттар мен суреттер енген.

Кітап ұлт тарихын қызыға оқитын оқырманға арналған.

Тоқтарбайұлы Е. Сөз-сәуле. Портреттік эсселер мен толғаныстар. - Талдықорған қ., "7Su- Соmраny" баспасы, 2019.-178бет.

ISBN  978-601-06-5784-7

Жетісу өлкесінің тумасы,қазіргі қазақ әдебиетіндегі болашағынан мол үміт күттіретін жас әдебиетшілердің бірегейі, балалар жазушысы Елдос Тоқтарбайұлының «Сөз-сәуле» кітабына танымал руханият, әдебиет қайраткерлері туралы портреттік эсселері мен толғаныстары енген. Кітаптың тілі көркем, жеңіл әрі әсерлі оқылады.

Кітап әдебиет сүйер оқырманға арналған.

Бияров Т. Өнегелі өмір / ред. басқ. Ғ.М. Мұтанов. - Алматы: Қазақ уни­верситеті, 2019. Ш. 188. - 356 б., сур.

ISBN 978-601-04-3823-1

Бұл кітап ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техни­ка ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Бияровтың 70 жылдық мерейтойына орай шықты. Оған қазақстандық кибернетика мектебінқалыптастырған ғалымның сүбелі зерттеулері, жүрегін жарып шыққан жырлары, мұрағат құжаттары мен фотосуреттеріенгізілді. Сонымен қатар абзал азаматтың отандықбілім мен ғылымға қосқан үлесін, адами болмыс-бітімін танытатын әріптестері мен шәкірттерінің, дос-жарандары мен жақындарының жүрекжарды лебіздері жинақталды.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бектуров Е.А. и др. Полимеры в нанотехнологии / Е.А.Бектуров, С.Е. Кудайбергенов, Ж.Е. Ибраева, - Алматы: Типография «Центр оперативной полиграфии», 2019.- 388 с.; библиогр. 1008 назв., Ил. 176, Табл.17.

ISBN978-601-323199-0

В монографии рассмотрены современное состояние и перспективы развития полимерных нанообъектов применительно к различным аспектам нанотехнологии. Сделан обзор работ последнего времени по способам получения и свойствам наноструктур, существующих в одном (поверхности, пленки), двух (нановолокна, нанопалочки) и трех (нанокластеры) измерениях. Представлены полимерные нанокомпозиты, включая конструкционные, функциональные, мультислойные и жидкокристаллические материалы, полимерные пленки и мембраны.

Наряду с фундаментальными аспектами полимерных нанообъектов, представлены пути практического применения их в медицине, биотехнологии, нанотехнологии, катализе, нефтяной отрасли, экологии и т.д. Значительное место в монографии занимают собственные результаты авторов. Книга предназначена для студентов, магистрантов, докторантов и преподавателей вузов, специализирующихся в области химии.

Ергожин Е.Е., Чалов Т.К., Мельников Е.А. Состояние и перспективы мировой нефтеперерабатывающей промышленно­сти. - Алматы, 2019. - 562 е.; Библ.: 336 назв.

      ISBN978-601-80738-9-2

В монографии раскрыта общая тенденция развития нефтяной отрасли в Казахстане, странах СНГ и мире в целом, дана ее характеристика как одной из основных экономик нефтедобывающих стран. Обобщены литературные данные по становлению мировой нефтеперерабатывающей промышленности и ее современное состояние. Показано, что общемировой тенденцией в этой отрасли является уменьшение разведанных запасов легкой нефти ипоявление альтернативных источников энергии. В связи с этим даль­нейшее развитие нефтеперерабатывающей промышленности направлено на повышение глубины переработки нефти и нефтяных остатков. Поиск новых технологий и катали­заторов, стойких к высокому содержанию серы, металлоорганики, парафинов и других примесей, является основной задачей ближайшего будущего.

В монографии показано, что нефтеперерабатывающие заводы имеют высочайший уровень водопотребления, который предполагает разработку и внедрение эффективных способов обессоливания сточных вод с целью сокращения их сброса и возвращения части воды в технологический цикл.

Авторами показаны собственные разработки технологий очистки промышленных сточных вод Казахстанских нефтеперерабатывающих заводов и внедрение оборотного водоснабжения на этих предприятиях.

Книга предназначена для научных и инженерно-технических сотрудников, занятых в области разведки, добычи и переработки нефти и газа, очистки промышленных сточ­ных вод и охраны окружающей среды, а также для преподавателей, РШ докторантов, магистрантов и студентов профильных высших учебных заведений.

        «Профилактикаэкстремизма. Успехи и трудности»: Материалы международиой научно-практической конференции (г. Нур-Султан, 4 апреля 2019 г.) / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. — Нур-Султан: КИСИ при Президенте РК, 2019. — 208 с.

               ISBN 978-601-7972-17-2

Международная научно-практическая конференция «Профилактика экстремизма. Успехи и трудности» (г. Нур-Султан, 4 апреля 2019 г.) была организована Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан совместно с Исследовательским институтом «Диалог цивилизаций» (г. Москва, РФ).

Сборник материалов состоит из докладов и выступлений участников конференции, посвященных теоретическим и практическим аспектам противодействия и профилактики экстремизма в странах Центральной Азии и в России, в том числе природе и специфике этого явления в вышеуказанных государствах, влияющим факторам, государственным мерам, принимаемым в данной области, проблемам и перспективам предотвращения насильственного экстремизма.

Издание предназначено для политологов, религиоведов, государственных служащих, а также широкого круга читателей, интересующихся вопросами профилактики экстремизма.

Тюрко-монгольский мир: история и культура. Материалы международной научной конференции, посвященной 90-летию со дня рождения С.Г.Кляшторного / отв. ред. и сост. Т.Д. Скрынникова; Ин-т восточных рукописей (Азиатский Музей) РАН. — М. : Наука-Вост. лит., 2019. — 239 с. — ISBN 978-5-02-039842-9

Сборник включает материалы конференции, посвященной 90-летию со дня рождения Сергея Григорьевича Кляшторного (1928-2014), видного российского тюрколога, профессора ряда российских и зарубежных университетов, внесшего значительный вклад в изучение истории и культуры тюркских и монгольских народов. В статьях обсуждаются актуальные проблемы истории, литературы, языков тюркских и монгольских народов, которые входили в круг интересов С.Г. Кляшторного. Охваты- вается широкий круг вопросов: от философии истории до конкретных аспектов многостороннего изучения жизни тюркских и монгольских народов, показаны различные методы исследования и подходы к рассмотрению актуальных проблем современности.

Хафизова К.Ш. Степные властители и их дипломатия в XVIII—XIX веках. Монография. - Нур-Султан: КИСИ при Президенте РК, 2019. - 480 с.

ISBN 978-601-7972-15-8

Монография посвящена истории дипломатии Казахского ханства (XVIIІ-ХІХ вв.). Через жизнеописание трех поколений казахских правителей раскрывается их дипломатия на протяжении двух столетий. На сложном фоне международных отношений показаны их неустанные усилия по сохранению казахской государственности, территориальной целостности и национального единства, но большей частью после упразднения Россией ханства. Одновременно вносятся коррективы в биографии известных политических деятелей, открываются новые имена и новые страницы истории. Большое внимание уделено роли батыров и других старшин в дипломатической деятельности ханства. Привлечены архивные материалы и документы России, КНР, Тайваня (впервые в казахстанской историографии), а также казахские исторические предания и родословные - шежире.

Книга предназначена для ученых, преподавателей, студентов и всех интересующихся историей Казахстана, а также международными отношениями в регионе Центральной Азии.

 Лаумулин М.Т. Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан: Шетелдік шығыстанудағы қазақтардың тарихын, мәдениетін және этнографиясын зерттеу. - Нұр-Сұлтан: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2019. — 472 б.

ISBN 978-601-7972-16-5

«Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған) бұл ғылыми жұмыс - IV томдық монографияның кеңірек қамтылып, толықтырылып, қайта басылған, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, этнографиясын және тіл білімін «батыс шығыстануындағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеу» мақсатында жазылған өзектілігі жоғары еңбек.

Кітапта Орталық Азия және Ішкі Еуразияны зерттеу контексіндегі шығыстану мектептерінің қалыптасу мәселелері мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, Орталық Азия тарихы бойынша ежелгі және ортағасырлық дереккөздер талданған, олар - Орталық Азия халықтары туралы ежелгі авторлардың деректері, автохтонды, ортағасырлық дереккөздер, мұсылмандық тарихнама, сонымен қатар, маңызды қытай дереккөздері. Еңбекте аймақтағы ортағасырлық тарихтың негізгі бағыттары айқындалып, номадизмнің тұжырымдамасы мен көшпенділердің мәдениеттануы, түркітану, алтайтану және аймақтағы көне, әрі ортағасырлық тарихтың тіл білімі, ең бірінші кезекте қыпшақтану (куманология) сияқты бағыттарды қосады.

Әсіресе батыстық шығыстанудағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерделеуге ерекше назар аударылады. Мұнда кеңінен қарастырылған мәселелер: көне замандағы дереккөздер мен Жаңа дәуірдің қазақтары туралы деректер; еуропалық жиһанкездердің жане ғалымдардың қазақтар мен Қазақстан туралы жазбалары мен аймақта ғылыми жұмыс жүргізгендегі бақылау мәліметтері. Монография қазақ номадизмінің феноменін географиялық фактор және табиғи орта, әлеуметтік құрылым, саяси жүйе және қазақтардың көшпелі мәдениеті сияқты ғылыми мәселелер контексінде қарастырады.

Еңбекте Орталық Азияны зерттеу контексіндегі шығыстану мен саясаттанудың өзара байланысы мен сабақтастығы ұтымды көрсетіліп, Шығыс және Батыс елдерінде тарихи отанынан жырақта жүрген қазақтар туралы адебиеттер ұсынылған.

Кітап тарих, тарихнама және шығыстану, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясаттану сынды бірқатар мамандықтарға арналған. Сондай-ақ, бұл монография шығыстану, тарих, саясаттану, халықаралық қатынастар факультеттері мен кафедраларына оқу құралы ретінде пайдалануға да ұсынылады.

    25 лет идеи евразийской интеграции Н.А. Назарбаева (в оценках зкспертов КИСИ при Президенте РК).

     - Нур-Султан:  Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2019. - 296 с.

ISBN 978-601-7972-14-1

Книга посвящена 25-летию идеи евразийской интеграции, озвученной Первым Президентом Республики Казахстан - Елбасы Н.А. Назарбаевым в стенах Московского государственного университета имени М.В. Ломоносова 29 марта 1994 года и 5-летию подписания Договора о создании Евразийского экономического союза 29 мая 2014 года.

В сборник вошли кпючевые выступления Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Н.А. Назарбаева, статьи, интервью директоров и сотрудников КИСИ, опубликованные ранее в научных изданиях и СМИ, а также библиографический список литературы и исспедований казахстанских, российских и зарубежных авторов по евразийской интеграции. Издание адресовано широкому кругу читателей.

Баймуканов А.Б., Баймуканов Д.А., Семенов В.Г. Межвидовая гибридизация верблюдов // Моиография.- Чебоксары: ООО «Крона-2», 2019.-195 с.

ISBN 978-5-904025-31-1

В монографии впервые представлены данные авторов по межвидовой гибридизации верблюдов породы казахский бактриан, дромедар породы Арвана и казахский дромедар, разводимых в условиях Юго-Западного региона Казахстана. Представлен обширный научный материал по ведению межвидовой гибридизации верблюдов, с использованием двухпородного и трехпорсідного ротационного межвидового скрещивания.

Монография предназначена для студентов и аспирантов, научных деятелей и преподавателей по агротехническим и биологическим специальностям.

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

 

 

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 567 8 9

  

      

    

      

     

      

      

      

      

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 5 6 7 8 9

       

      

     

     

    

     

     

 

1 2 Картинки по запросу "icon 2020"1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - ЕЛБАСЫ

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

10 приоритетов развития Казахстана


 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

NEW1

 

меню

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR glavnaya


 ПОЛНОТЕКСТОВЫЕ ЭЛЕКТРОННЫЕ РЕСУРСЫ

ЦЕНТРАЛЬНОЙ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ


 ЭЛЕКТРОННЫЙ КАТАЛОГ

ЦЕНТРАЛЬНОЙ НАУЧНОЙ БИБЛИОТЕКИ

5 ElektronnaiaBiblioteka


  ЭЛЕКТРОННЫЕ НАУЧНЫЕ

РЕСУРСЫ ПО ПРИОРИТЕТНЫМ

НАПРАВЛЕНИЯМ РАЗВИТИЯ

НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ


  ЭЛЕКТРОННЫЕ НАУЧНЫЕ

РЕСУРСЫ ОТКРЫТОГО ДОСТУПА


 


 


БАННЕРЫ


ЭЛЕКТРОННАЯ ДОСТАВКА ДОКУМЕНТОВ


 

ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВОЧНАЯ СЛУЖБА