меню

Memlekettik tapsyrys

Жүнісбек Ә.Қазақ тіл білімінің мәселелері-Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2018.-368 бет.

ISBN  978-601-7172-75-6

Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек ұзақ жылдардан бері қазақ тіл білімінің фонетика саласымен: тіліміздегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесі, сингармонизм заңы, орфография мен орфоэпия және т.б. кешенді түрде айналысып келеді. Сонымен бірге ғалым - бүгінгі таңда ең өзекті болып отырған мәселе - төл жазуымызды  латын қарпіне көшіру ісін алғашқы күннен бастап қолға алып, осы салаға теориялық әрі практикалық тұрғыдан белсенді үлес қосып келе жатқан бірден-бір жетекші маман. Сондықтан да қолдарыңыздағы жинаққа автордың  қазақ фонетикасы мен фонологиялық жүйесін және латын қарпіне көшудің өзекті мәселелерін сөз еткен басты-басты еңбектері енгізіліп отыр.Кітап қазақ тіл білімі және түркітану мәселелерімен айналысып жүрген филолог мамандарға арналған.

Архитектура Астаны / Составитель Б. Мамырбаева. - Астана: Фолиант, 2018. -304 с.

ISBN 978-601-338-024-7

За последние годы Астана изменилась, разрослась, особенно на левобережье. Ведущие архитекторы мира и местные таланты,вдыхая жизнь в безмолвный камень, создают стильный и современный мегаполис. Вместе с тем бережно сохраняются памятники архитектуры в старом городе, которые ничуть не уступают новостройкам в функциональности. И еслилюбуясь новыми зданиями, мы знако­мимся с текущими тенденциями развития архитектурной мысли, то прогуливаясь по улицам исторических кварталов, ощущаем дыхание эпох.Адресуется широкому кругу читателей.

Әшімбаев С.Шығармалары. Құраст: Ш.Бейсенова - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2018, - 400 бет.

ISBN 978-601-7967-02-4

3-кітап.-2018.-400 б.

Өмірден ерте кетсе де артында мол рухани мұра қалдырған белгілі әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына негізінен 45 дәптерден тұратын күнделіктерінен алынған жүректен шыққан жазбалары мен саңлақ сөздері және сыншы шығармашылығы жайындағы мақалалар, естеліктер мен эсселер топтастырылған.

Астана: монументы и скульптуры./Составитель Б. Болатулы.Астана: Фолиант, 2018. - 208 с.

15ВМ 978-601-338-020-9

Современная Астана удивляет разнообразием своих архитектурных и скульптурных форм. Строгие монументы, заставляющие задуматься о прошлом и будущем... Знаковые сооружения, напоминающие о вехах развития государства. Легкие фигуры декоративной скульптуры, оживляющие урбанистический ландшафт. Каждый найдет в этом городе что-то близкое для себя, что заставит его вернуться сюда.

БАҚТЫГЕРЕЕВА Ақұштап.ПАРАСАТ СӨЗІ.

/Бактыгереева А.- Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2018- 152 бет.

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның бұл жинағына қоғам өмірінің өзекті мәселелеріне, адамгершілік, шығармашылық, әдебиет пен мәдениет жайлы өзекжарды толғақты толғаныс-толғамдары еніп отыр.Автордың ой-орамдары, парасатты пікірлері оқырманға ой салады.

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню