Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.
2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланғаннан кейін еліміздің қозғаушы күші, болашағы жастардың ұйымдастыруымен жыл бойы Қазақстаннның барлық оқу орындары мен ұйымдарында көптеген жиындар өткізілді
2019 жылдың 28 қарашасында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарды патриоттық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және зерттеу мәтініндегі практикалық қырлары» атты жас тарихшы ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана «Ғылым ордасы» РМК «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден жастар саясатына арналған құжаттар, ғылым мен білім саласындағы жастардың әр түрлі жиындарда жасаған ғылыми баяндамалары, жетістіктері мен олардың қоғамдағы ролі туралы баяндайтын материалдар ұсынылды.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты, конференция бағдарламасы бойынша баяндамалар жасалды.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы- ғалым, «Қазақ тілі» қоғамының құрметті Президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына биыл 95 жыл толып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы