Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.
2019 жылдың 15 қарашасында жоңғар қалмақтарына қарсы күресте аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 жыл 28 қазан сағат 10.00-да Мұсабек Байзақұлының туылғанына 170 жыл және Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Молда Мұсаның әдеби мұрасы және Сирек қордағы ұлттық құндылықтар»атты халықаралық конференция өткізеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы