Menu

2019 жылдың 15 қарашасында жоңғар қалмақтарына қарсы күресте аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Алматы облыстық әкімшілігі мен Әлмерек баба тарихи-мәдени қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген конференцияның мақсаты әулие-абыз бабаның өмір жолы, оның ұрпақтарының қазақ елінің бостандығын қорғаудағы ерен ерліктерін халыққа паш ету, олардың қоғамдағы ролі туралы жаңа деректермен таныстыру,ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру,

1754 жылы 96 жасында қайтыс болған Әлмерек абыз Алматы қаласының қазіргі Әлмерек елді мекені маңына жерленген. Ұрпақтары жиналып 1998 жылы «Әлмерек баба мәдени-тарихи қоғамдық қор» құрып, басына үлкен кесене тұрғызған. Әлмерек бабадан тарап Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай жерінде тұрып жатқан ұрпақтары қазақ халқының басынан өткен барлық тарихи оқиғаларға белсене араласып отырған.

«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы батыр бабаға арналған іс-шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ-жоңғар шапқыншылығына арналған тарихи зерттеулер, Әлмерек абыз және оның ұрпақтары туралы әңгімелер, очерктер, өлеңдер, қазақ хандығы туралы зерттеулер және батыр бабаның ұрпақтары қатысқан Ұлт-азаттық көтерілістер туралы еңбектер қойылды.

Сонымен бірге кітап көрмесіне бүгін тұсау кесері өткен Әскер Тойғанбекұлының «Қайран елім» атты 3 томдық тарихи трилогиясы мен «Әлмерек абыз және оның ұрпақтары» атты бірінші бөліміне бүгінгі конференция материалдары енген жинақ қойылды.

Бүгінгі өткен конференция жұмысына отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, ұрпақтары қатысты. Қоғам қайраткері, жазушы Н.Оразалин, Алматы облысының әкімінің орынбасары Б.Байжұманов, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған, жазушы Б.Нұржекеев, академиктер М.Қойгелдиев, Н.Мамыров, Т.Омарбеков және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, баяндамалар жасады.

    

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo