меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

ЕЛЕУКЕНОВ Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том

/Ш. Елеукенов. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. — 384 б.

 ISBN 978-9965-22-597-0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шериаздан Елеукеновтің бұл кітабына: ұлы оқымысты Қаныш Сәтбаев, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков, атақты ақын Ғафу Қайырбеков, академик сыншы Мұхаметжан Қаратаев сынды еліміздің даңқты перзенттерінің жарқын образын, характерін ашатын очерк, эссе, повесі топтастырылып берілді.

Кітапта сонымен қатар автордың кезінде Қазақ теледидарының «Тамаша» сериясында көрсетілген «Ат қоюдың әлегі» атты скечтің, Жамбыл және Қызылорда облыстық театрларында қойылған «Емтихан» атты сатиралық комедиясының мәтіні жарияланып отыр.

Темірбай А. Жеке батыр: Өлеңдер, балладалар, толғаулар, поэмалар

/Алмас Темірбай. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 328 б.

ISBN 978-601-217-703-9

Екі мыңыншы жылдардың басында әдебиетке келіп, топ жарған талантты ақынның бұл кітабына халықаралық, республикалық жыр-бәйгелерінде жүлделі орынға ие болған, газет-журналдарда, әлеуметтік желілерде жарияланып, халықтың ықылас-ілтипатына бөленген өлеңдері мен жарық көрмеген жаңа, тың туындылары енген.

Ақынның лирикалық философиясы да, философиялық лирикасы да оқырманды бейжай қалдырмайды деген сенімдеміз.

Кітап кемел ойлы, көркем жүректі көпшілік қауымға арналған.

Ниетқалиева Г. Жүректегі жанартау. Гулзада Ниетқалиева.

/Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 224 бет.

ISBN 978-601-217-698-8

Ақынның «Жүректегі жанартау» атты жыр жинағына лирикалық өлеңдері топтастырылып отыр.

Лирикалық кейіпкердің бір жылап, бір мұңайып, бір қуанып айтқан нәзік сырлары оқырманның жүрегінен жарып шыққан сезім сынды толқытады, терең иіріміне тартады, шынайы жеткізіледі.

Кітап өлеңсүйер қауымға арналған.

Тілеужанұлы 3. Қаңбақтың монологы: Өлеңдер, поэмалар

/Зейнолла Тілеужанұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 432 б.

ISBN 978-601-217-701-5

Қазақтың көрнекті дарынды ақыны Зейнолла Тілеужанұлының бұл кітабына оның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен поэма-дастандары енген.

Ақынның тілі шұрайлы,ұлттық колоритке бай. Оның терең де нәзік лирикасы өз оқырмандарын сезім пәктігімен баураса, өршіл пафосты жырлары азаматтық ірілікке шақырады.

Романтикалық поэзия стилінде жазылған: «Тұтқын», «Махаббат - Дастан», «От Адам», сондай-ақ, «Қаракерей Қабанбайдың соңғы соғысы», «Пушкиннің Қара теңізбен қоштасуы», «Қара бұлттар Наймандарша көшеді» т.б.поэмалары мен лирикалық  өлеңдері - жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Ақын махаббат тақырыбына да кеңінен қалам сілтеген. Сонау студент жылдарында жазылған: «Мені ұмыт дейсің ерке қыз...», «Манет аруға», «Цыған қызына»,соңғы жылдары жазылған «Қап-қара түнде, қап-қара қызды құшақтап...» атты жырлары ақынның алыста қалған жастық поэзиясының заңды жалғасы іспетті.

Мәхсәтова П. ҚИРҒАҚЛАР. Шеирлар, лирикилиқ поэма

/Патигүл Мәхсәтова. - Алматы: ЖЧЙ РПБК «Дәуір», 2020. - 288 бәт.

ISBN 978-601-217-695-7

Өзиниң ондин ошуқ шеирий топламлири билән оқурмәнләрниң қәлбигә йол тапқан шаирә Патигүл Мәхсәтованиң «Қирғақлар» китавидин талланған шеирлири орун алған. Әдәбият дуниясида өзлүк колтамғиси бар, бүгүнки дәвир нәпәси вә вақит бошлуғидики һадисиләр билән қәлбий уйғун шаирә мәзкүр топлимидики шеирлирида ана жутқа, Вәтәнгә болған муһәббәт, вақит нәпәси, туғулған йәр тәбиити, достлуқ, һаят һәққанийити, өмүрниң тепишмақ сирилири һәққидә чоңқур һиссият билән күйләйду.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 10-том. Абайдың адамгершілік мұраттары (қазақ тілінде).

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 340 б.

ISBN 978-9965-22-595-6

Мекемтас Мырзахметұлының көп жылдық зерттеулері қамтылған бұл еңбекте Абайдың адамгершілік туралы көзқарастары, ежелгі шығыс ойшылдарымен пікір сабақтастығы жайлы ғылыми деректер қорытылып, талданады. Сондай-ақ, ұлы ақын мұрасын танудағы негізгі бір сала - шығармаларының бұрынғы-соңды басылымдары, ондағы текстологиялық мәселелер, жалпы абайтанудың бүгінгі жайы сөз болады.

Бұл кітапта хакім Абайдың «Толық адам» ілімі — жаңа таным жолы ретінде қарастырылады. Автор Абай танымын қазіргі заманға сай көзқараспен саралап, соны тұжырымдар ұсынады.

Абай шығармаларының тілдік ерекшеліктерін екшелеген «Абай лұғаты» зерттеуі де осы томға енгізілді.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 9-том. Түркістан — Тараз арасы (қазақ тілінде).

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 376 б

ISBN 978-9965-22-594-9

«Түркістан — Тараз арасы» деп аталатын бұл томға абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлының ұлы Мұхтар Әуезов пен данышпан Абайдың шығармашылық мұралары төңірегіндегі ой-толғаныстары, жекелеген тарихи тұлғалардың азаматтық болмысын сипаттайтын көлемді зерттеулері, ұлттық идеологияны қалыптастыруға байланысты көзқарастарын ұсынған мақалалары топтастырылған.

Зерделі ғалымның қоғам алдындағы абырой-беделін айшықтайтын замандастары мен шәкірттерінің жүрекжарды тілек-лебіздері де осы томнан табылады.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 8-том. Түркістанда туған ойлар (қазақ тілінде).

/Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. — 392 б.

ISBN 978-9965-22-593-2

«Абайтану» сериясының 8-ші томына енген «Түркістанда туған ойлар» атты бұл еңбегінде белгілі әдебиетші-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы ежелден түркі халықтарының алтын бесігі саналған Түркістанның әлем халықтарының мәдени, ғылыми, тарихи өміріне жасаған ықпал әсері туралы кең де пайымды әңгіме қозғайды.

Шығыс пен Батыс елдерінің озық мәдени үлгілері Тұран жеріне қандай арналар арқылы таралғанын зерделеу, ел тағдырына қатысты танымдық, философиялық толғаныстар, жер тарихы, отаршылдық топонимдер, тарихи тұлғалар туралы ғалымның тың ой-пікірлері кітап мазмұнына арқау болған.

Сонымен қатар осы томға «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты тақы- рыппен ұлы Абайдың ақындық қыры мен азаматтық болмысын аша тү- сетін әдебиет алыптарының ой-пікірлері мен өлеңдері енгізілді.

Мырзахметұлы М. Абайтану, 7-том. Тараз ой-толғаныстары (қазақ тілінде).

/Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2020. — 368 б.

ISBN  978-9965-22-592-5

Заманымыздың заңғар ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы абайтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдерін ғылыми түрде жүйелеп, Абай мұрасының барынша терең әрі жан-жақты зерттелуіне зор үлес қосып келеді.

«Абайтану» сериясының 7-ші томына енгізіліп отырған «Тараз ой-толғаныстары» атты кітап автордың қоғамдағы күрделі мәселелерге қатысты өзіндік көзқарасын танытатын ойлы мақалалардан құралған.

 


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6