БАҚТЫГЕРЕЕВА Ақұштап.ПАРАСАТ СӨЗІ.
/Бактыгереева А.- Алматы: «Айғаным» баспа үйі, 2018- 152 бет.
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның бұл жинағына қоғам өмірінің өзекті мәселелеріне, адамгершілік, шығармашылық, әдебиет пен мәдениет жайлы өзекжарды толғақты толғаныс-толғамдары еніп отыр.Автордың ой-орамдары, парасатты пікірлері оқырманға ой салады.
ТРУСПЕКОВА Халима.Жаңа заман сәулеті.
Кітап-альбом/Халима Труспекова.: — Алматы,«Аспантау», 2018 - 200 б.
Өнерзерттеуші, ғалым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Әсіресе, еліміздің жаңа астанасы - Астана қаласында бой көтерген әкімшілік, іскерлік, мәдени, спорт нысандары әлемдік сәулет өнерінің жаңа жетістіктері мен технологияларының айқын көріністері болып табылады. Еліміздің сәулет өнерінің саласында Батыстық және Шығыстық дәстүрлер үйлесім тауып, Еуразия кеңістігінде архитектуралық жаңа концепция қалыптасты. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы - Алматы: қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы да кеңінен сөз болады.
ОРАЗҚҰЛОВА Қалдыкүл.ӨМІРДІҢ АЛУАН БОЯУЛАРЫ./ Қалдыкүл Оразқұлова - Алматы.«Аспантау» баспасы, 2018- 190 бет.
Бұл жинаққа қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы, дамуы, өткені мен бүгіні және болашағы жайлы танымдық мақалалар, фотосуреттер еніп отыр. Қазақ бейнелеу өнерінің де әлемдік көркемсурет өнерінің бір бөлшегі ретінде өзіндік мәнері, қолтаңбасы, ұлттық ерекшеліктері бар.
Бұл кітапта қазақ бейнелеу өнерінің әртүрлі буын өкілдерінің сурет салу мәнері, технпкасы, тақырыптық, композициялық ерекшеліктері жайлы сөз болады.
ӘДЕНОВА Ләззат, ҚОЖАҒҰЛОВ Тоққожа.
Зергерлік өнер нақыштары. Кітап-альбом / Әденова Ләззат, Қожағұлов Тоққожа: — Алматы, «Аспантау», 2018 — 209 б.
ISBN 978-601-03-0539-7
Бұл кітапта бастауын сонау көне замандардан, Сақ дәуірінен алатын қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ежелгі зергерлік өнерінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, қыр-сыры жайлы әңгімеленеді. Осынау ғажайып өнердің қазақ даласына кеңінен қанат жайып, салт-дәстүрімізбен қабысып, талғампаз халқымыздың әсемдік әлеміне терең бойлап эстетикалық қарым-қабілетін танытатын қолөнер шеберлерінің, ұсталардың, зергерлердің талантын, дарынын паш ететін керемет туындылары соның айғағындай.
Елубай О. Дүниені дүбірлеткен жеті дода:
Кітап-альбом. - Алматы: "Алатау" баспасы, 2018. - 368 б.
ISBN 978-601-7461-40-9
«Дүниені дүбірлеткен жеті дода» -түрлі-түсті фотоальбом жинағы, белгілі спорт журналисі «Құрмет» орденінің иегері, журналист, жазушы Оңдасын Елубайдың Жеті Олимпиада ойын дарына қатысып, көзбен көріп, санасына түйген, қатпары қалың қазақ спортының тәуелсіздік алған жылдарда қол жеткен табыстары.кейінгі толқын жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді, патриоттық сезімдерді қалыптастыратын шығарма.
Автор қазақ елі саңлақтарының соңғы жеті Олимпиадада қолжеткізген табыстары мен кемшіліктері жайлы ой бөліседі, өзі түсірген суреттерін ұсынады. Бұл жинақ, әсіресе, спорт ты серік еткен жеткіншектерге, студент жастарға, тіпті спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкештілерге пайдалы. Фотоальбом жинағында бес жүзден астам суреттер бар, автордың тілі жатық, оқуға жеңіл. Автордың тек спортты қаузап ғана қоймай, экономикасы мен мәдениеті ерекше еркендеген Австралия, Ұлыбритания, Қытай, Италия, Ресей және Оңтүстік Корея; мемлекеттерінің тарихы, жетістіктері жайлы оқырманымен ой бөлісуі де ұтымды.
Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары. /Құраст. Абылайхан Құлбаев. - Алматы: «Балауса баспасы» ЖШС, 2018. -192 бет.
ISBN 978-9965-672-99-6
«Алдаркөсе былай депті», «Әй, Алдаркөсешілеп кеттің-ау», «Өй, өзің де бір Қожанасыр екенсің ғой», «Қожанасырлығым ұстап» деген астарлы сөздердің түп төркіні, мағынасы баршамызға аян. Қос әзілкештің аңқау, алаңғасар мінездері, қиқар қылықтары, ащы тілдері, ұтқыр жауаптары, зілсіз әзіл-қалжыңдары тіпті күллі әлемге танымал.
Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізіліп отыр. Кітап жеткіншектер үшін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылды.
(құраст.: Шарбану Алманбетова) — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2018.
ISBN 978-601-7828-90-5
Т.1: Ғылыми-фантастикалық романдар, танымдық хикаят және әңгімелер. — 480 б.
Жинаққа XX ғасырдың ортасына дейін қазақ әдебиетінің балауса жанры делінетін ғылыми-фантастиканы дамытуда өз үлесімен дараланатын, уакыт талабының үдерісіне сай, оқушылардың талап тезінен сүрінбей өтіп үш мәрте басылым көрген шығармалар енгізілді.
Көлемі жағынан хикаятқа лайық, ал көтерген жүгі романға тең екі шығарманың бірі «Ақиқат формуласының» ғылыми проблемасы — адамзатқа апат әкелетінсоғыстың алдын алу, оны болдырмау. Ал, «Әл- Мисақ» романының
оқиғасы «Қағбаның» қаратасында түйілген Адам (ғ.с.) Жаратушыға берген айнымас «Әл-Мисақ» антының Түркі жұртында атамзаманнан бері бұзылмаған ислами ғибратгық негіз. Ислами ұстанымы ғылыми арқаумен ширатылады.
Әңгімелердің көтерген ғылыми идеялары бір-бірін қайталамайтын нақты фантастикалық шешімдері және шығармалардың шиыршық атқан оқиғалары окушысын әсте жалықгырмайды, «осылай болуға тиісті» дегізетіндей тұжырым түйіндетеді, әрі ғылыми озық идеялар ұлттық діл жөргегінде нанымды шынайылық үрдісінен ауытқымайды.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com