Мелдешов Ғ. Журналист жолға шықты
/Ғалымжан Мелдешов. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 192 б.
ISBN 978-601-217-686-5
Өмірінің едәуір бөлігін журналистика саласына арнаған автор өзінің азды-көпті тәжірибесін ортаға салады. Кітаптың тілі жатық, жеңіл оқылады.
Ахметұлы Д. Бүлдірген қалың шыққан:
Хикаяттар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер
/Дәнеш Ахметұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 180 б.
ISBN 978-601-217-678-0
Дәнеш Ахметұлы есімі әдеби ортаға бұрыннан таныс. Оның әр жылдары жарық көрген «Адал ас», «Нан мен тұз», «Ұшатын сандықша», «Шапағат шұғыласы», «Қыран жанарындағы ғұмыр», «Райымбек батыр», «Өшпейтін оттың жарығы», «Дәнеш ағайдың ертегілері» т.б. кітаптары өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген.
Жазушының «Бүлдірген қалың шыққан» деп аталатын бұл жинағында бүгінгі бала тірлігінің әр қилы жақтары сөз болады. Баланың жан дүниесі, өмірге деген көзқарасы түрлі сипатта көрініс береді. «Ақдидар» хикаяты балалар мен жас өспірімдерге арналған халықаралық жабық «Дарабоз - 2013» бәйгесінде жүлде алған.
Әңгімелер мен мысалдардың басым көпшілігі мерзімді баспа бетінде жарық көрген. Ертегілерден жаңашылдық, жасампаздық нышаны аңғарылады.
Жинақтың тілі кестелі, ойы тұнық. Кітап дүйім оқырманға арналған.
Яшүкірқызы Ө.
Жіп тұзақ: Детективті әңгімелер жинағы
/Өріс Яшүкірқызы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 208 б.
ISBN 978-601-217-681-0
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өріс Яшүкірқызы бірнеше кітаптың авторы. Жазушының адалдық пен әділдікті, ізгілік пен бауырмалдылықты, шынайы сүйіспеншілік пен махаббатты, батылдық пен тапқырлықты арқау еткен «Боямасыз өмір», «Шенеунікше тактика», «Ескі қоныстағы ел» тағы да басқа бірнеше көркем әдебиеттері оқырмандар көңілінен шығып, орыс тіліне де аударылды.
Ұсынылып отырған бұл детективті жинақ тұтасымен қазақ қыздарының қылмыстары туралы. Нәзік жан иелерінің тұрмыстық жағдайлардағы, қызметтегі ары мен намысына жасалатын әртүрлі үстемдіктер, олардың ерікті және еріксіз түрде қылмыстық іске баруға мәжібүрліктері шытырман оқиғалармен шынайы суреттеледі.
Кітап, жалпы оқырмандарға арналады.
Найманбай А.
Көркемдік көкжиегі: Тілдік-әдеби ойтолғам, ғылыми эссе, зерттеулер
/Айнұр Найманбай. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 160 б.
ISBN 978-601-217-675-9
Бұл еңбекте қазақ әдебиетінің негізін салушы алыптар тобының өкілі, дарынды жазушы Ғ.Мұстафин шығармаларының тілдік құрылымы мен қаламгердің қазақ әдеби тілін дамытудағы орны, шеберлік қырлары, сонымен бірге тәуелсіздік жылдарындағы қазақ қаламгері Ж.Әлмашұлының тіл өрнегі мен сөз саптау ерекшеліктері, жаңашылдығы туралы ізденістер жасалған. Сондай-ақ, тақырыпқа арқау болған көркем әдебиет тілі мен стилистикасы, кейіпкер бейнесін ашудағы қарама-қарсы ұғымдар мен тіл ғылымындағы антонимдердің сипаты, тілдік-көркемдік амалдар туралы ойтолғамдар мен талдаулар топтастырылған.
Кітап тіл, әдебиет саласын зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, жалпы оқырман қауымға арналады.
Кумисбаев Ш. Қылмыскер құтылмайды...:
Шытырман оқиғалы шығармалар
/Шакен Кумисбаев. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 280 б.
ISBN 978-601-217-688-9
Бұл кітапқа белгілі жазушы Шакен Кумисбаевтің шытырман оқиғалы хикаяттары мен әңгімелері енді.
Әдеби көштен кеш қалып келе жатқан бұл жанрға, қазіргі қылмыс пен жемқорлық өрлеп тұрған шақта, автордың қалам тартуы көңілге қонарлық жай. Шығармалардың тілі шұрайлы, жатық, оқиғалары тосын, әрі қызықты.
Тілекқабыл Боранғалиұлы ЖӘҢГІР ХАН
/Алматы. «Абзал-Ай» баспасы, 2020. 448 бет.
ISBN 978-601-7172-92-3
Тарихнамадағы тұғырлы да таласты тұлға Жәңгір Бөкеевтің қазақ қоғамындағы алар орны негізінен өмірінің тек бір тұсымен - Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісімен байланысты айтылып-жазылады. Ал 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері назардан шет қалады.
Кітапта өз ордасының іргесін бекемдеудегі Жәңгірдің жеке-дара күресі, Ресей патшаларымен, губернаторлармен қарым-қатынасы белгілі де беймәлім деректер арқылы ашып көрсетіледі. Жәңгір ханның ұлты үшін сіңірген еңбегі - тұңғыш мектеп ашу, жастарды Ресейде оқыту, астана салу, дәстүрлі заң ережелерін жазу оқиғалары тартымды әңгімеленеді.
Кітаптың құрылымы ғұмырнамалық тізбе емес, оқиғалық қатарға негізделген. Әбілқайыр - Нұралы - Бөкей - Жәңгір әулеттік жалғасы, отбасының, ұл-қызының тағдыры туралы сыр шертеді. I Александр, I Николай патшалармен, Гумбольдт, Қазымбек, Гебель сынды әйгілілермен таныстығы қызықты хикаялармен өрбиді. Тұлғаны соны қырынан танытуды мақсат еткен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституция Республики Казахстан
The Constitution of the Republic of Kazakhstan.
/Нұр-Сұлтан: Регис-СТ Полиграф, 2020. - 420 б. -
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
ISBN978-601-338-536-5
Конституция - Қазақстан Республикасының Heгiзгi Заңы. Биыл оны қабылдағанымызға жиырма бес жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының осы басылымы айтулы күнге орай шығарылды. Kiтaп-альбом тамаша суреттермен безендіріліп, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген барлық бап кірді.
Көпшілік оқырманға арналған.
Конституция - Основной Закон Республики Казахстан. В этом году исполняется двадцать пять лет со дня ее принятия. Настоящее издание Конституции Республики Казахстан посвящено этой знаменательной дате. Книга-альбом содержит все статьи с изменениями и дополнениями и проиллюстрирована замечательными фотографиями.
Предназначено широкому кругу читателей.
The Constitution is the Basic Law of the Republic of Kazakhstan. This year marks the twenty-fifth anniversary of its adoption. This edition of the Constitution is dedicated to this important date. The book-album contains all the articles with changes and additions, and it is illustrated with great photos.
Intended for a wide audience.
Саки К.
Юрта на вершине пирамиды
/ К. Саки. — Нур-Султан : Фолиант, 2020. — 160 с.
ISBN978-601-338-487-0
Книга состоит из научно-популярных глав, повествующих о различных аспектах деятельности кипчаков-мамлюков Египта, попавших в эти страны в качестве невольников, но сумевших во главе с легендарным Байбарсом создать одно из могущественных тюркских государств в колыбели мировых цивилизаций и религий.
Книга предназначена широкой читательской аудитории. Она формирует более верные и глубокие представления о кипчаках-мамлюках и их блистательной истории.
Балғабаев С.
Ауыл мен Алматы: Үш томдық шығармалар жинағы
/Сұлтанәлі Балғабаев. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.
ISBN978-601-7828-14-1
Т.З: Әңгімелер, повестер, өлеңдер. — 384 б.
ISBN 978-601-7828-94-3
Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақ ПЕН-клубы сыйлықтарының лауреаты Сұлтанәлі Балғабаевтың прозалық таңдамалы туындыларының 1-2-томдары 2016-2017 жылдары жарық көрген болатын. Ал биылғы жылы 3-томы («Ауыл мен Алматы») ұсынылып отыр.
Бұл жинақтағы шығармаларында қаламгер өзі туып-өскен ауылы мен ұзақ жыл тұрып келе жатқан Алматы қаласының адамдарының тағдыр- талайы туралы сыр шертеді. Сондай-ақ, адамзат бойындағы ең асыл сезім — махаббат туралы терең толғаныстарымен оқырмандарымен ой бөліседі.
Жинаққа енген шығармаларының тілі құнарлы, көркем сөздерге, оралымды ой-тіркестерге бай, оқырманның тұщынып та, түсініп те оқуына жеңіл.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com