меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Жұмат-Әлмашұлы Ж. Қазаққа айттым, қайтемін... (Ой-баян, хат-баян, өнер-баян)

/Жолтай Жұмат Әлмашұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 464 б.

ISBN 978-601-217-693-3

Кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгердің ел тәуелсіздігі жылдарында қағазға түсірген жазбалары топтастырылған. Автор ұлттың ұлы ұстанымы болып саналатын - тарих, дәстүр, тіл һәм өнер-білім жайында ой толғап, соны пікірлер білдірген.

Хат-баян бөлімі эпистолярлық жанрда жазылса, өнер адамдары жайындағы эссе-толғамдары да қызғылықты оқылады.

Бектемірова Марфуға. Таңдамалы шығармалар: 2-том, Төрттағандар, өлеңдер, әңгімелер

/Нұр-Сұлтан қаласы: «Data Times» баспасы, 2020, 408 бет.

ISBN 978-601-06-6377-0

Т.2. - 2020. - 408 б.

ISBN 978-601-06-6378-7

Бір кезде гректің ұлы философы Платон айтып кеткен Атлантида аралы туралы әңгіме қаншама ғасыр өтсе де өз құнын жоғалтар емес. Құлпырып, гүлденген, бай аралдың жер бетінен жоқ болуына адамдардың барға қанағат етпей, бақай есепсіз байлықты аңсап құнығушылығы, сөйте-сөйте ой-санасының сараңдануы, тиын көрсе жолдан таяр пенделілігі, қымырандай қыж-қыждаған қызғаныш сезім-пиғылдары себепші болған деседі.

Есімі елге белгілі ақын Марфуға Бектемірова да өмірге, қоғамға, адамгершілік қағидаларға платондық көзқараспен қарап, әр адамның жүрек түкпірінде бір-бір алып Атлантида іспетті жұмақ дүние тұнып жатыр, соны жоғалтып алмайық деген ойды терең тамырлы жыр жолдарымен түйіндеп жеткізеді.

"Таңдамалы шығармалар" 1-том, Өлеңдер мен поэмалар

Нұр-Сұлтан қаласы: «Data Times» баспасы, 2020. 400 бет.

ISBN 978-601-06-6377-0

Т.І.-2020.-400 б.

ISBN 978-601-06-6378-7

Қазақ поэзиясына тың тыныс, шалқар шабыт, тау бұлағындай таза да мөлдір сезіммен келген ақын Марфуға Бектемірованың есімі елімізге кеңінен белгілі. Оның бұл кітабына сазды да назды сезімдерден өрілген, жүректен төгілген жауһар жырлары жинақталған. Талантты ақын сүйікті Отанымыздың тәуелсіздігін жасампаз өмір салтын, туған жердің сұлу да ғажайып табиғатын, адам баласының бойына біткен асыл қасиет - мөлдір махаббат пен шексіз сезім, сүйіспеншілік, адал достық жайлы тереңнен тебірене ой толғап. шабыттана жырлайды.

Кенебай Ж.А. "Аягөз"

Тарихи роман. Жұмаш Кенебай.

/ Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020. — 576 бет.

ISBN 978-601-7461-78-2

«Аягөз» тарихи романы — арада 30 жылдан астам уақыт өткеннен кейін көп кедергілерге қарамастан жарық көріп отырған қаламгердің үшінші кітабы.

Романдағы алуан түрлі шытырман оқиғалар, XX ғасыр басындағы Қазақ еліндегі тарихи өзгерістер, ақ пен қызыл қырғыны, ашаршылық, ақ пен қызыл абақтыларындағы адам төзгісіз азаптаулар, шолақбелсенділер сатқындығы, т.б. оқиғалар романның бас кейіпкерлері: Садық Кенебайұлы, Ахмет Жұматайұлы, «Алаш» серкелері Ахан мен Жақан, Жүсіпбек және Шәкәрім сынды ұлы тұлғалар төңірегінде өрбиді.

Романның жас ұрпақ бойына туған ұлтын қалай сүю керектігін нанымды оқиғалар арқылы баяндауы оқырманын бей-жай қалдырмасы даусыз. Биыл 175 жылдығы аталып өтіп жатқан данышпан Абай айтқандай: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер» бұл роман кез келген оқырманың бірден өзіне баурап аларына сенімдіміз.

Әлімжанов Б.  Көкжиек алда

/Өлең, жыр, поэмалар/Баянғали Әлімжанов.

Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020. - 368 бет.

ISBN 978-601-7461-84-3

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың «Көкжиек алда» атты жыр кітабына кейінгі жылдары жазылған жаңа өлеңдері, поэмалары, жыр-толғаулары мен қысқа қайырымдары топтастырылған.

Бүгін мен кешегінің сырын шертетін, тақырыбы сан алуан, жазылу мәнері ерекше, тартымды, көркем жырлар поэзия сүйер қауымның көңіліне қозғау салып, ойландырады деп білеміз. Жігерлі, өмір сүйгіш өлеңдер оқыған жанның ізгі сезімдерін оятып, рухын көтереді, келешекке деген сенімін нығайта түседі

Жанапиянова Ж.  Жан мен Ар.

Әңгімелер жинағы /Жанар Жанапиянова.

/Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020. - 192 бет.

ISBN 978-601-7461-75-1

Бұл - талай жыл ел журналистикасына, баспа ісінде өндіре жұмыс істеген қаламгердің бірінші кітабы.

Кітап кейіпкерлері мына құмырсқа тірлікте күнде алдыңнан кездесетін үздіксіз ағып жатқан өмір-өзенде бір-біріне ұқсамайтын өз тіршілігімен күн кешіп жүрген белгілі, белгісіз жандар. Жалпы әңгімелер жинағының «Жан мен Ар» деп аталуы да тегін емес. Өйткені адамның өмір жолы да осы екі ұғымнан тұрады.

Автордың ерекшелігі, қысқа да нұсқа жазатыны. Мұндай қысқалық ақпарат ағыны басым бүгінгі заманда оқырманға ұнайды деген ойдамыз.

Әңгімелердің тілі жатық, қарапайым, еркін оқылады.

Кәрімхан 3.  Дүние шыр айналса...

Тарихи-танымдық мақалалар, репортаждар және сұхбаттар.

/Алматы: "Алматы Болашақ" АҚ, 2020. - 208 бет.

ISBN 978-601-7461-71-3

 

Бұл кітапқа журналист - зерттеуші, Алаштанушы Заңғар Кәрімханның туған жер, тарих, Алаш тақырыбындағы толғамдары мен белгілі руханият өкілдерімен әңгімелескен сырлы сұхбаттары топтастырылған.

Кітап тарихи-танымдық мазмұнға бай, тілі жатық әрі жеңіл оқылады.

Әлия Бөпежанова. Сахна сәулесі.

Театр туралы мақалалар. Эсселер. Портреттер.

«Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2020, 480 бет.

ISBN  978-601-7461-73-7

Белгілі сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанованың «Сахна сәулесі» атты жаңа кітабында - ұлттық театрымыздың көрнекті тұлғалары мен таланттарының өнер жолы қарастырылып-талданады. Тәуелсіздік кезеңі театрындағы көркемдік ізденіс жолдары қоғамдық даму, ұлттық рухани жаңару, әлемдік кеңістікке шығу үдерістерімен тығыз байланыста зерделенеді. Кітапқа сыншының көрнекті режиссер, актерлермен -жасаған өте мазмұнды да қызғылықгы сұхбаттары да енгізілген.

Жинақ сәулелі сахна әлеміне қызығушылық танытатын өнерсүйер қалың оқырманға, сонымен қатар мәдениет, өнер оқу орындарында білім алып жүрген жастарға арналған.

ТӨЛЕУТАЙ Е. Үкілі Ыбырай

/Ерлан Төлеутай. - Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2020. - 272 бет.

ISBN 978-601-7608-13-2

Өнертанушы, киногер, әнші Ерлан Төлеутайдың бұл кітабында ұлы композитор Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы жайында егжей-тежейлі баяндалады. Шығармада ұлы әншінің өмір жолы тұтас қамтыла зерттелген, сондай-ақ композитордың барлық әндерінің шығу тарихы нақты айғақтарға сүйене отырып, ғылыми негізде сарап- талған. Зерттеуші бұл еңбегінде Үкілі Ыбырай туралы хатқа түскен барлық деректерді мұқият саралап, өнертану ғылымы тұрғысынан тың пайымдар, соны тұжырымдар жасаған және әншінің бізге жеткен мұрасының барлығын осы еңбегіне жинастыра топтастырып, нота жазбалары бойынша жүйелеген.

Кітап көпшілік қауымға және халқымыздың музыка өнерінің негізін салушы ұлы тұлғалардың өмірі мен өнер жолын тануға ұмтылған талапкерлерге арналған.

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6