меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Смағұлов О. Қазақ халқы және ата тегі: Кешенді физикалық антропология анықтамаларына негізделген. (ж.с. XX ғ. - ж.с.д. XX ғ. дейін).

/О.Смағұлов, А.Смағұлова. - Алматы. Агnа-b, 2020. - 472 бет.

ISBN 978-601-7846-36-7

Бұл еңбекте алғаш рет қазақ халқының Отан тарихы көпсалалы кешенді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, яғни соматологиялық (антропоскопия, антропометрия, дене пропорциялары, май бүрмелері), одонтологиялық (тұрақты тіс құрылымы), серологиялық (қан жүйелері, дәм сезімдері), дерматоглификалық (алақан мен саусақ бедерлері), краниологиялық (бас сүйек құрылымы), остеологиялық (қаңқа сүйектерінің анықтамалары) және палеоантропологиялық зерттеу нәтижелері бойынша толығымен қамтылып жазылды. Бүгінгі Қазақстан жерінде мекен еткен көне заман тұрғындарының үзіліссіз нәсіл-тек жалғастығының көрінісі бүгінгі қазақ халқының морфофизиологиялық құрылымында оның түп-тұқиянының антропологиялық ерекшеліктері байырғы Қазақ атамекенінің қола дәуірінен бастап (ж.с.д. XX ғ. ) кешегі XX ғасырға дейінгі, яғни 40 ғасыр бойы, айтарлықтай деңгейде сақталып қалғаны баян етіледі. Бұл - палеоантропологиялық пен краниологиялық  құрылымдарды өзара тоғыстыру арқылы және көпсалалы кешенді ғылыми анықтамалар бойынша айғақталады. Қазақ халкы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде тұрақты тұрып жатқаны, оның 4 мың жылдық физикалық антропологияға негізделген этномәдени, лингвистикалық және діни байланыстарының  тарихи бірлігінің барлығы бұл еңбекте ғылыми тұрғыдан толық дәлелденіп отыр. Сонымен қатар бұл монографиялық еңбекте қазақтар мен Еуразияның кейбір түркі тектес халықтарының этноантропологиялық байланыстарына да жаңадан бетбұрыс жасалды.

Байырғы Қазақ атамекені мен Қазақ Елі тұрғындарын көпсалалы антропологиялық зерттеуден алынған негізгі нәтижелер сандық және сапалық көрсеткіштерге негізделген кестелер, карталар, дендограммалар, комбинациялық полигондар, графиктер мен суреттер арқылы нақтыланып берілді.

Кітап антропологтар мен тарихшы ғалымдарға, биологтерге, дәрігерлерге, генетиктерге, археологтар мен этнограф-этнологтарға және лингвистерге, сонымен қатар қазақ халқының биология мен этномәдени тарихын жан-жақты білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақтың Қалдарбегі

/Құраст.:Бақыт Сарбалаұлы.

/Алматы: «АRNА-В» баспасы, 2020. - 368 бет.

ISBN 978-601-7846-35-0

Қазақтың көрнекті қаламгері һәм қоғам қайраткері Қалдарбек Найманбаев – өнегелі өмір сүрген Адам, Азамат. Туған әдебиетіміздің қазынасын толықтырған прозалық шығармалары оқырман жүрегіне жарқын жол тартса, Қазақстан Жазушылар одағын бірнеше жыл басқаруымен, өмірінің соңғы күндеріне дейін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына жақсы жетекшілік жасауымен атажұрттағы алашпен бірге алыс-жақын шетелдердегі қандастарымыздың көңіл төрінен табыла білді. Сырттағы қазақтардың тарихи Отанымен тығыз қарым-қатынас орнатып, оралуына үлкен үлес қосты.

Бұл жинақта қазақтың белгілі тұлғалары мен қаламдас, замандастарының Қалдарбек Найманбаев туралы жүрекжарды естеліктері, мақалалары мен эсселері топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.

"Күрең күз"

/Болат Үсенбаев. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.–176 б.

ISBN 978-601-217-692-6

Қазақ поэзиясында өз дауысы, өз үнімен айқын дараланып, жыр сүйер қауымды өресі биік өлеңдерімен сүйсіндіріп келе жатқан Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Болат Үсенбаевтың лирикалары сезімтал сыршылдығымен, ағынан жарылған шыншылдығымен баурап алады. Ақын толғаныстарының тақырып аясы кең. Елдік пен тәуелсіз рух еркіндігі, заман тынысы, уақыт демі, адам көңіл күйіндегі сан алуан әсерлер, махаббат пен ізгілік ақынның жаңа жыр кітабында да көркем образдармен келісімін тапқан.

Шөлейт жақта: әңгіме, хикаят, сатиралық көрініс, скетч, эссе, очерк

/Қуандық Шамахайұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 360 б.

ISBN 978-601-217-683-4

 

Жинаққа жазушының соңғы жылдары жазған шығармалары енгізіліп отыр. Автордың әңгімелері мен хикаяты, бірқатар әзіл-сықақ туындылары және ғылыми-танымдық эссесі, АҚШ сапары туралы жолжазба очеркі қамтылған жинақ бүгінгі заманның шынайы бейнесі, дәуір үні іспетті. Түрлі кейіпкерлердің әрекеттері арқылы біз күнделікті өзіміз куә болған дүниелерді, таныс-біліс жандарды көркем сомдалған образдары арқылы жаңаша қырынан танимыз.

Жазушы туындысының тілі шұрайлы әрі оқиғалары қызықты да нанымды, оқырманың бірден баурап әкете алатындығымен ерекше тартымды.

Кітап талғамы биік оқырман қауымның жоғары талап үдесінен шыға алады деп білеміз.

Ақсұңқар С. "Уа, Ақсораң"  жаңа өлеңдер мен поэмалар

/Ақсұңқар Серік. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 400 б.

ISBN 978-601-217-702-2

Ақын, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқардың «Уа, Ақсораң» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған жаңа өлеңдері мен поэмалары топтастырылған. Ақынның Алашына айтар сөз, ағытар сыры мол. Ел тәуелсіздігінің көкейкесті мәселелері - ақын жырларының басты темір қазығы.

Кітап, қалың оқырман қауымға арналған.

Ысқақұлы Д. Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы

/Дандай Ысқақұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 632 б.

ISBN 978-601-217-682-7

Кітапта қазіргі жаһандану дәуірінің мәдени өміріндегі ғаламдық ауқымда жүріп жатқан тілдік құбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан шолынып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр-талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай-күйі, болашағы ғылыми түрде жан-жақты сараланады. Қазақ тілінің болашағына қызмет ететін түркі халықтарының ортақ әліпбиі, тілі, терминдері, рухани құндылықтары сияқты мәселелер төңірегінде кеңінен сөз болады. Еңбекте халқымыздың ұлттық даму, рухани жаңғыру жолындағы ұлы күресіндегі қазақ тілінің тарихи қызметі жан-жақты көрініс тапқан.

Кітап өз ұлтының болашақ тағдырына бейтарап қарамайтын саналы, ұлтжанды зиялы қауымға, ғалымдарға, бакалаврлар мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы қалың оқырманға арналған.

Смайыл Қ. Аралбай батыр - Таңсұлу Ана: роман

/Қалкен Смайыл. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. 368 б.

ISBN 978-601-217-694-0

Қалкен Смайылдың халық жадында сақталған тарихи деректер негізінде өлеңмен жазылған «Аралбай батыр - Таңсұлу Ана» атты романы мен прозалық нұсқасында казақ - қалмақ соғысының қаһарман баһадүрі Арғын Алтай Аралбай батыр Әлібекұлының ерлігі мен оның жары, ел ба- сына қаралы күн туған зобалаң заманда парасатты ұйымдастырушылық қабілетімен ел - жұртының ынтымағы мен ырысының ұйытқысы болған.

Тұтас бір дәуірді қамтыған романның тарихи шынайы желісі қазақ халқының XVIII ғасырда басынан кешкен әлеуметтік тұрмыс -тіршілігінен, ішкі - сыртқы саяси жағдайынан тың мағұлматтар береді.

Шығарманың барлық кейіпкерлері өмірде болған, бәрі де өз есімдерімен аталады. Аралбай батыр Әлібекұлы, Сайдалы Аталық Ер Нияз, тарақты Байғозы, Бәйтелі Аралбайұлы, қара тоқа Күшікбай, Нұржан шолақ батырлар, Байдалы би Бекшеұлы, Байтоқа би Аралбайұлы, Ақтайлақ би Мөңкеұлы, әрі батыр, әрі би, әйгілі қас шебер Сармантай Әлібекұлы - елінің бостандығы, жерінің бүтіндігі, Қазақ хандығының мемлекеттігі үшін жан аямай күрескен белгілі тарихи тұлғалар.

Кітапқа енген барлық поэмаларға арқау болған да халық жадындағы деректі әңгімелер мен ғылыми дәйектер.

Еңбектің тарихшылар мен этнографтарға, өлкетанушыларға, жалпы оқырман қауымға ұсынар дерегі- ұлттық рухани құндылықтарын қастерлеуге берер тағылымы мен ғибраты мол.

Ысқақұлы Д. "Мағжан - поэзия падишасы" /монография

/Дандай Ысқақұлы. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 256 б.

ISBN 978-601-217-689-6

Мағжан Жұмабаев - қазақ әдебиетін, оның ішінде ұлттық поэзияны түркілік, әлемдік деңгейге көтерген ұлы ақын. Елінің ертеңін ойлап, ойдан от болып жанған, сезімге оранып, жалынды жыр жазған Мағжанның өлең- жырлары, мұң-зары халқының жүрегіне нұр болып құйылып, ұлттық рухына айналды. Ұлыларды жасайтын оның тарихи тағдыры десек, ұлт рухынан жаралған Мағжанды ұлы қылған - ол өмір сүрген отаршылдық заманның «бұратана» халықтарды зар жылатқан тар қапасы. Кітапта Мағжанның ақындық тағдыры кеңестік кезеңнің шынайы шындығымен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылады.

Кітап әдебиет, мәдениет зерттеуші ғалымдарға, докторанттарға, магистрлерге, студенттерге, жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.

Қонысбай Ә. Жадымдағы жазбалар

/Әбіл Қонысбай. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 232 б.

ISBN 978-601-217-691-9

Белгілі айтыс ақыны Қонысбай Әбілдің бұл кітабы өзі көрген, бастан кешкен өмір тағылымдарын өзек еткен. Оқырманды бірден баурап алып, соңына дейін бас көтертпейді десек, артық айтқандық емес. Автор өзі айтқандай, Сіз де бірде жылап, бірде күліп отырып оқып шыққаныңызға еш өкінбейсіз.

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6