меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Оразбаева Ф.Ш. ОЙ ӨРНЕГІ - СӨЗ.

/Фаузия Оразбаева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN 978-601-7828-99-8

Т.1: Зерттеулер. — 516 6.

ISBN 978-601-7599-00-3

Қазақ тіл білімінде коммуникативтік теория мен әдістеменің қалып- тасуына және қазақ тілін деңгейлік оқытудың жүйелі түрде жүзеге асуына елеулі үлес қосып келе жатқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық Педагогикалық білім беру Академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының шығармалар жинағының «Ой өрнегі — сөз» атты бірінші томына 70-80 жылдардағы алғашқы ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілді.

Кітапта ғалымның ерте дәуір жәдігерлерінің бірі — «Оғыз-нама» дастаны туралы зерттеуі, дастанның қазіргі тілімізге жақындатылған тәржімасы, сондай-ақ қазақ тіл ғылымындағы сын есімдер синонимдері хақындағы көлемді зерттеу монографиясы (қазақ, орыс тілдерінде) жарияланып отыр.

Кітап ұстаздар мен ғалымдарға, студенттер мен ізденушілерге, тіл және әдебиет тарихымен, тіл теориясымен айналысатын көпшілік қауымға арналады.

 Құрманғалиқызы Ә.

 Сын түзелмей. Сын-сараптамалар

/Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020. — 384 б.

ISBN  978-601-7599-05-8

Бұған дейін оқырманға «Біз де қайттық өмірдің базарынан» эссе- естеліктер жинағы, «Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын» роман- шежіре, «Әулет пен нәубет» тарихи романы, «Жарығым-ай» өлеңдер жинағы, «Сатира – сынның жиені» атты сатиралық топтамасымен таныс автордың бұл кітабына соңғы жылдары әдебиет әлемін елең еткізген сын- сараптамалары еніп отыр.

Сын жанрын таптаурын болған сарізділіктен, жалаң мақтаулар мен үстірт шолулардан, дерексіз, дәйексіз жалпыламалықтан арылтып, нақтылыққа және қаламгердің ешкімде қайталанбайтын даралығын ашуға негізделген.

«Сын түзелмей...» кітабы өз қадірі мен сөз қадірін білетін оқырманға қажет болары сөзсіз.

Абдраман Ш.

Екі томдық шығармалар жинағы

(құраст.: Шарбану Алманбетова)

/ Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN 978-601-7828-90-5

Т.2: - 488 б.

ISBN  978-601-7828-93-6

Бүкіл ғалами кеңістікте тарыдай шашылып жатқан жұлдыздар әлемнің бір түкпіріндегі Күн жүйесінде саналы тіршілік мекеніне айналған Жер планетасының миллиондаған жылдарға жіктелетін даму тарихы әлі толық игерілмеген геология ілімінің, әрі бүтін космос кұпиясының кілтін беретін басты пәні болып қала береді. Демек, Жердің жер болып қалыптасу дәуірлерінде небір қастерлі шытырман кезеңдердің куәсі болған кітап кейіпкерлерінің іс-әрекеттері оқушыларын бейжай қалдырмайды, жаратылыс ғылымын игеруге ынталандыратындай көркем шығарманың танымдық құдыретіне айналады.

Алғашқыда А.Машанидің «Жер сырына» арналып, кейін «Жер астына саяхат» көркем шығармаға өзек болған дүние, ұстаз ұйғарымына сай шәкіртінің соңғы ғылыми жетістіктерімен жаңғыртып толықтырылған, адамзат бесігінің жаралымдық хикаяттары «Таста түйілген тарих» төл тақырыбымен оқырманға ұсынылып отыр.

"Алғашқы қоңырау". Жанарбек Әшімжан.

- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020. — 256 б.

ISBN  978-601-7599-09-6

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы, ақын Жанарбек Әшімжанның «Алғашқы қоңырау» атты жинағына лирикалық және азаматтық сарындағы өлең- жырлары топтастырылып отыр.

Екі бөлімнен тұратын жинақтың алғашқы бөлімі поэзия жанрын қамтиды. Мұнда ақын жырлары өзіндік көркем бояуымен, кестелі тілімен, ой астарындағы ащы әлеуметтік жанайқаймен өз оқырманын сүйсіндіреді.Қаламгердің әкеге деген сағыныш, анаға деген шексіз құрмет, балаға деген мейірімге толы өлеңдерін жүрек тебіренбей оқу мүмкін емес.

Ал «Қысқа толқындағы ойлар» атты екінші бөлімде қоғам, өмір, жеке тұлғалар туралы қаламгерлік ой- пайымдары берілген.

Кітап көпшілік жырсүйер қауымға арналған.

Рәш М. МҰРЖА МҰРЫН.

/Мыңбай Рәш. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

ISBN  978-601-7599-06-5

Т.2: Сатиралық шығармалар. — 520 б.

ISBN  978-601-7599-08-9

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс.

Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сондықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

Автордың бес томдық шығармалар жинағының «Мұржа мұрын» атты екінші томына сатиралық туындылары еніп отыр. Қаламгер қай тақырыпқа қалам тартса да өзекті, көкейтесті мәселелерді өрнектейді.

Оқырман қауым үшін сықақтары ықшам да тартымды.

     Рәш М. ЖАДЫМДА ҚАЛҒАН ЖАЙСАҢДАР.       

     /Мыңбай Рәш. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020.

     ISBN  978-601-7599-06-5

     Т.1: Естеліктер. — 520 б.

     ISBN  978-601-7599-07-2

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс.

Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сон- дықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше.

Автор бес томдық шығармалар жинағының «Жадымда қалған жайсаңдар» атты бірінші томында көптеген тарихи тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет майталмандары, өнер саңлақтары хақында нақты деректер арқылы өз көзімен көріп, ғибратты сөздеріне куә болғанын тілге тиек етеді.

Естеліктер қара дүрсін жалпылама баяндалмай, көркем тілмен қызықты да мазмұнды етіп әңгімеленеді.

Атамекен «сиқырлы елінің аңыздары. - The legends of Atameken Fairyland. - Легенды волшебной страны Атамекен. - Шымкент «Shugylakitap», 2020 . - 200 бет. - қазақша, ағылшынша, орысша.

Ciз білесіз бе? Бөрітастаған, Толағай, Шұбарата таулары, Мыңжылқы, Шомқалған аңғарлары немесе Баянауыл, Бурабай жерлері неліктен солай аталған? Зеренді, Марқакөл көлдерінің атаулары қайдан шыққан, Үркердің жеті жұлдызы неге аспаннан кетпейді аспан шырақтары Ай мен Күн қалай пайда болды? Ал қоянның кұйрығы неге қысқа, ат неге дірілдейді немесе сұртышқандар қайдан шықты? Қораз бен күн неге аймен ренжісіп қалды, бұл сізге мәлім бе? Осы және осы сияқты көптеген сауалдардың жауабын ciз «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» штабынан табасыз. Оған енген аңыздар Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тeгi жөнінде әңгімелейді.

тілде - қазақша, ағылшынша және орысша шығарылған, жақсы безендірілген бұл кітап біздің, республикамыздың, жас оқырмандарын қазақ халкының, бай мәдени мұрасымен таныстырады. Кітап мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кiшi балаларға, сонымен қатар тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.

Do you know why the Bori - Tastagan, Tolagai, Shubarat mountains, the natural boubdary Myn - Zhilki, Shomkalgan or the Bayanaul area got such name? What is the origin of the names of the Zerenda and Marakakol lakes? Why the seven stars of Urken don't descend the sky and the Sun and the Moon never meet each other? Why a rabbit has got a short tail, a horse trembles and where the badgers came from? Do you know the reason of a quarrel between the Rooster, the Sun and the Moon?

You will find out answers to these and many other questions in the book "The legends of Atameken Fairyland". The stories collect in this book tell us about the origin of namesrivers, lakes, mountains, valleys, stars and animals in Kazakhstan.

The well illustrated book published in three languages - Kazakh, English and Russian - introduces the rich cultural heritage of the Kazakh people. The book has been conceived with pre-school and junior scholl age children in mind as well as teachers and parents.

Знаете ли вы, за что горы Бори-Тастаган, Толагай, Шубарат, урочище Мын-жилки, Шомкалган или местности Баянаул, Бурабай получили такие названия? Откуда происходит название озер Зеренды, Маракаколь, почему семь звезд Уркера не сходят с неба, как появились небесные светила Луна и Солнце. А почему у зайца хвост короткий, а лошадь дрожит или откуда произошли сурки? Известно ли вам из-за чего поссорились петух и солнце с луной? На эти и многие другие вопросы вы найдете ответы в книге «Легенды волшебной страны Атамекен». Предания, включенные в нее, рассказывают об истории появления и происхождении названий рек и озер, гор, долин Казахстана, небесных светил и животных.

Хорошо иллюстрированная книга, изданная на трех языках - казахском, английском и русском, познакомит юных читателей нашей республики с богатым культурным наследием казахского народа. Книга рассчитана на детей дошкольного и младшего школьного возраста, а также на воспитателей, учителей и родителей.


Андерсен Г.Х. Ертегілер. - H.Ch. Andersen. Tales. - Андерсен Г.Х. Сказки. - Шымкент: «Shugylakitap» ЖШС, 2020 - 480 бет. - қазақша, ағылшынша, орысша.

ISBN 978-601-7507-98-5

Түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген кітапта Г.Х.Андерсеннің әлемдік мәдени мұра болып табылатын ең атақты ертегілері қазақ тіліне аударылып берілген. Бүкіл дүние жүзі балаларының сан буыны осы ертегілерді оқып өсті.

In this bright coloured book you can meet the most well-known fairy-tales, written by H.C.Andersen, which are the example of wotks cultural heritage. Education of many current generations was based on these tales.

В красочно иллюстрированной книге переведены на казахский язык самые знаменитые сказки Г.Х.Андерсена, являющиеся мировым культурным наследием. На этих сказках выросли многие поколения детей всего мира.

         Көшбасшылық. Оқуға тиіс 10 кітап: Мазмұндама/ Ш.Мұқан, - Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, - 2020. - 300 б.

         ISBN  978-601-06-5738-0

         «Мазмұндама» жобасы танымдық маңызы зор кітаптарды қысқа да нұсқа форматта мазмұндап, құнды идеяларды оқырмандарға жеткізу мақсатында «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясын назарыңызға ұсынады.

         Бұл жинаққа көшбасшылық тақырыбын зерттеген айтулы ғалымдардың таңдамалы он кітабы еніп отыр. Олардың барлығы уақыт сынынан өтіп, адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы туындылар.

 


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6