меню

Уважаемые читатели! Центральная научная библиотека обслуживает читателей ежедневно, с понедельника по пятницу с 09-00 до 18-00 и в субботу с 10-00 до 17-00, кроме выходных и праздничных дней. Последний четверг месяца — санитарный день. Библиотека читателей не обслуживает.

Дейл Карнеги "Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері"

/Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2020. - 312 бет.

ISBN 978-601-06-621 7-9

Төңірекпен тіл табысудың қыр-сырын насихаттаған педагог, лектор, қаламгер, психолог Дейл Карнеги жарық көрген 1937 жылдан бермен қарай 15 миллионнан астам данамен таралған өзінің аңызға айналған кітабында адамдармен тіл табыса білудің негізгі қағидаттары, адамға ұнаудың алты амалы, ойыңызбен келісуге адамдарды қалай көндіруге, ренжітіп алмай адамдарды қалай өзгертуге болатынын жазады.

Қазақ тілі. Жоғары деңгей С1 оқулық

/З.С. Күзекова, - Нұр-Сұлтан. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2020. - 153 бет.

ISBN 978-601-7822-45-3

Қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасының ажырамас компонентінің бірі - қазақ тілін арнайы мақсатта оқытуды регламенттейтін кәсіби модульдер. Бұл деңгейді меңгеру студенттерге оқу саласында, оқу ғылыми салада және кәсіби салада сөйлеу мен тілдік құзіреттің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Ұсынылып отырған оқу құралы тіл үйренушілерді іскери әлемге қатысты материалдармен таныстыра отырып, үлкен іспен айналысуға, әлемді өзгерте алуға көмектесетін іспен айналысуға мотивация береді. Оқулық экономистерге арналған қазақ тілі оқу құралының (1998,1999,2009,2011), толықтырылған, өзгертілген, іскери әлемге арналған нұсқасы болып табылады.Ұсынылып отырған оқулық барлық мамандықтарға арналады.

Ғарифолла Есім "Дүниетаным баяны"

/Ғарифолла Есім. - Алматы: «Дәуір» баспасы, 2020. 400 б.

ISBN  978-601-217-707-7

Кітап мұсылмандық дүниетаным баянына арналған. Фәлсафаның негізін қалаушы IX ғасырда өмір сүрген араб ғұламасы Әл-Киндиден бастап, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, хакім Абай, Шәкәрім және т.б. ғұламалардың еңбектеріне шолу-талдау жасалған. Дүниетаным баяны төрт кезеңге топтастырылып, сол замандар ойшылдарының еңбектерінен үзінді-мәтіндер келтіріліп, оларға авторлық пайымдаулар жасалған.

Кітап фәлсафа тарихын, мұсылмандық дүниетаным мәселелерімен шұғылданатын зерттеушілерге, магистранттарға, PhD докторларына, жалпы зиялы қауымға арналған.

Камелов Д.Т. "Хайретдин Болганбаев - свет неугасимой звезды"

/Под общей ред. докт. филол. н., проф, академика НАН РК Д. Камзабекулы. - Алматы: ТОО РПИК «Дәуір». - 288 с.

ISBN 978-601-217-704-6

Монография посвящена одному из лидеров Алашского движения и партии «Алаш», яркому и талантливому государственному и общественному деятелю, активно участвовавшему в создании Туркестанской автономии и воссоединении казахских земель, публицисту и просветителю Хайретдину Абдрахмановичу Болганбаеву (1894-1937). На его долю выпали муки и гонения, он дважды подвергался арестам и провел в лагерях ГУЛАГа в общей сложности шесть лет, но достойно вынес все испытания, сохранив жизненную стойкость, душевный свет и человеческое благородство.

Монография интересна тем, что базируется на многочисленных  малоизвестных источниках: архивных материалах НКВД СССР, статьях. На ее страницах - живая панорама суровой эпохи, совместно пережитых всем народом Казахстана страданий в недавнем историческом прошлом.

Адресуется широкому кругу читателей, интересующихся историей Казахстана и казахского народа, его великих личностей.

Бейбіт Қойшыбаев Ұлттық қозғалыс сарбазы.

/Б.Қойшыбаев - Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 320 б.

ISBN 978-601-217-705-3

Жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Ұлттық қозғалыс сарбазы» атты рисәләсінің басты кейіпкері - XX ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев. Бұл тарихи туындыда оның және күрескерлік жолда халыққа қатар қызмет еткен үзеңгілестерінің ел мүддесін көздеген іс-әрекеттері, заман талабына сай қоғамдық-саяси ойды дамытудағы үлестері суреттелген.

Рисәлә үш бөлімнен тұрады. «Сөз басында» кейіпкерлердің өмір жолдары баяндалады. «Қилы кезең этюдтері» деп аталған негізгі бөлімде Бақытжан Қаратаев пен оның серіктерінің Алаш қозғалысының бастауында, ұлт-азаттық көтеріліс уақытында, 17-ші жылғы екі революция мен совет дәуірінде атқарған істері суреттеледі. Қайраткерлердің  көзқарастарындағы қайшылықтар, алауыздықтар сыры сөз болады. «Сөз соңында» ұлттық қозғалыс тағдыры, Қаратаевтың өмір жолының тағылымы, бүгінгі күн көзқарасымен қарастырылады.

Бұл кітап, Алаш қозғалысының тарихымен әуестенетін жастарға, студенттер мен оқушыларға, зерттеушілерге, тарихшыларға, барлық Отан тарихымен әуестенетіндерге, жұртшылыққа арналады.

Амангелді Кеңшілікұлы Шеберлік пен шындық.

/А. Кеңшілікұлы - Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 352 б.

ISBN 978-601-217-706-0

Бұл кітапқа белгілі сыншының ұлттық әдебиетіміздегі ірі суреткерлердің шығармашылық шеберлігін саралаған эсселері мен зерттеулері енді. Сыншы өз еңбектерінде халыққа танымал тұлғалардың туындыларын әлем әдебиетінің контексінде қарастырып, ізгіліктің адамзатқа ортақ концепциясын іздейді. Ал, бүгінгі қоғамның ащы шындығына үңілген публицистикалық сарындағы еңбектерінде халқының келешегіне алаңдап ой толғайды.

Бөпежанова Ә. Мұнара. Әдеби көркем сын кітабы

/Әлия Бөпежанова. —Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 328 б.

ISBN 978-601-217-696-4

Белгілі сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанованың «Мұнара» атты жаңа кітабында - көркем әдебиетіміздің көрнекті тұлғалары мен талантты жас буынының шығармашылықтары қарастырылады.

Өнердің өнерлік міндеті қоғамның рухани-эстетикалық дамуы, жаңа заман талаптарымен тығыз байланыста сөз болатын мақалалар, ой-толғаулар, сұхбаттарда тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетіміздегі ұлттық рухани жаңару процестері зерделенеді.

Сарай Ә. Ару Алматы. Пьесалар жинағы

/Әнес Сарай. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 280 бет.

ISBN 978-601-217-697-1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қаламгерлік жолында өз үні, өз қолтаңбасы айқын көрнекті жазушы, драматург Әнес Сарайдың бұл жинағына кейінгі жылдары жазылған сегіз пьессасы іріктелінді. («Ару Алматы», «Балуан Шолақ», «Қапырық», «Қоқсық», «Шөлдегі айқас», «Мұңым менің», «Тотиып қалды», «Қу Тазша».)

«Мұңым менің» – Алматы жастар театрында, «Балуан Шолақ» – Астананың  Қ.Куанышбаев атындағы театрында, «Тойтиып қалды» – Қарағанды, «Қу Тазша» – Қызылорда театрлары сахналарында қойылды. Ал, «Ару Алматы» қойылымы Мәдениет министрлігінің жүлдесіне ие болды.

Жинақ құрамындағы пьесалар тұңғыш рет кітап болып жарыққа шығып отыр.

Есенқарақызы X. Эсселер. 

/Ханбибі Есенқарақызы. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір»,2020.-288 бет.

ISBN 978-601-217-699-5

Өлең өлкесіндегі өзіндік орны айрықша, жаны, жүрегі, ойы, санасы әдебиет дейтін әлемге ессіз байланған, осы жолда алған бетінен таймай, ақты- ақ, қараны - қара деп жіктей білетін, асау жырларымен оқырмандарына «Хан қызындай Ханбибі» атанған ақын Ханбибі Есенқарақызының эсселер жинағы белгілі тұлғалардың бітім-болмысын тұтастай көз алдыңызға әкеледі.

Ал қаламгердің өзгешелігі сол — жазуынан мінезін, мінезінен жазуын тайға таңба басқандай көрсете білуінде. Естеліктердің шынайылығы жинақтың құнын асырмаса кемітпес.

Кітап кез келген оқырман үшін оқуға да, түсінуге де жеңіл.

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - ЕЛБАСЫ

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


 

Генеральный директор РГП на ПХВ "Ғылым ордасы" КН МОН РК

Абубакирова Лейла Пернебаевна


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Новости

  • Абай Кунанбаев - 175 лет

       Виртуальная тематическая выставка   

    Read More
  • Духовное достояние

    Вместе со всей страной и международным сообществом Алматы впервые в истории отметил День Абая    

    Read More
  • Виртуальная выставка новых поступлений научных изданий

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6