«АҚ ЖОЛ» (газеті). Көптомдық. 14 том / Құраст. X. Есенқарақызы. - Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2020.
ISBN 978-601-03-0334-8 ТІ4,- 2020. -384 б.
ISBN 978-601-06-4857-9
Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған бұл кітаптың тарихи-танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол. Әсіресе, арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгіннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы Алаш зиялыларының өткір ойлары оқыған адамды ойландырмай қоймайды.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
«АҚ ЖОЛ» (газеті). Көптомдық. 13 том / Құраст. X. Есенқарақызы. - Нұр-Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2020.
ISBN 978-601-03-0334-8 ТІЗ,- 2020. -384 б.
ISBN 978-601-06-4856-2
Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған бұл кітаптың тарихи-танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол. Әсіресе, арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгіннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы Алаш зиялыларының өткір ойлары оқыған адамды ойландырмай қоймайды.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 9-том. Поэзия.
- Алматы: «Арда+7», 2020.
ISBN978-601-7355-48-7
9-том - 600 бет.
ISBN 978-601-7355-60-9
Қазатың белгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының тоғызыншы томына әр жылдары жазылған өлеңдері мен толғаулары кірді.
Досанов Сәбит.Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 8 том. Драма. - Алматы: «Арда+7», 2020.
ISBN 971-601-7355-48-7
8-том. - 464 бет.
ISBN 978-601-7355-59-3
Қазақтың әйгілі жазушысы,ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының сегізінші томына әр жылдары жазылған драмалары берілген.
Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 7 том. Жиырмасыншы ғасыр. Роман-эпопея.
Төртінші кітап. - Алматы: «Арда+7», 2020.
ISBN 978-601-7355-48-7
7-том. - 600 бет.
ISBN 978-601-7355-58-6
Қазақтың белгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының жетінші томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының төртінші кітабы берілген.
Бектемісов, А.Тәуелсіздік тартуы. — Нұр-Сұлтан :
Фолиант, 2020. - 320 б.
ISBN 978-601-338-475-7
Автор қазақ елінің баға жетпес басты байлығы — Тәуелсіздігімізді публицистикалық туындысына арқау ете отырып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойына армандап өткен бостандықтың тәтті дәмін татқанын бақытына балайды. Тәуелсіздігіміздің арқасында Арқа төсінде әсем қала — Астанамыздың бой көтергенін, оған қарап, еліміздің өңірлеріндегі барша қалалар көш түзегенін тіліне тиек еткен. Бүгінгі таңда төрткүл дүние таңдай қағып тамсанған тамаша Елордамызды, оның авторы — көреген көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың Еліміздің алдындағы көл-көсір еңбегін ерекше шабытпен жырлаған. Ұлтымыздың мақтанышына, айбарына айналған бас қаламыздың халқымыздың рухын көтеріп, оның дамудың даңғыл жолына түскенін көркем тілмен кестелеген. Бұрынғы отаршы елдің (Патшалық Ресей, КСРО) ұлтымыз жайлы жер жүзіне жайған: «Қазақ деген халық — мал соңында жүріп, цивилизацияның оң көшінен қалып қойған қараңғы қаңғыбас халық» деген сөзін теріске шығарып, іс жүзінде қазақтардың дана халық екенін дәйекті деректермен дәлелдеп берген. Қазақ деген атаудың қалай қалыптасқанын соқырға таяқ ұстатқандай ұғындырған. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу — «Мәңгілік Ел» болу жолындағы сабақтастық екенін тебірене толғаған. Толғай отырып, Ұлы Дала елінде алдымызға қойған ұлы мақсаттарға жетудегі көзқарасымызды құбылмалы кесірткедей (хамелеон) құбылтпауға үндейді. Отанға, жерге, мәдениетке, тарихқа деген түсінігіміздің түпкілікті де тиянақты болуына және рухани жаңғыруға уағыздайды.
Сонымен қатар автор артына, кең-байтақ еліне адалдығымен өшпес өнегелі із қалдырған, қазақтың асыл перзенті, біртуар азаматы, еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Е.Н. Әуелбеков жайлы және сан қилы өмір өткелдерінен бірге өткен өрелі ел ағаларының өнегелерін сом алтындай сомдаған. Сондай-ақ өмірде кездесіп жататын келеңсіз көріністерді де назарынан тыс қалдырмаған. Жалпы қарымды қаламгердің тілі жатық әрі тартымды. Оның қаламынан шыққан әр публицистикалық туындысы мен әсерлі эсселері оқырманын жалықтырмай алға жетелеп отырады.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com