Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өткізеді. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей (Қарашай-Шеркес Республикасы) мемлекеттерінің ғалымдары қатысады.
Өткізілетін орны, уақыты: 2020 жылдың 20 қазаны, сағат 15.00. ZOOM платформасы
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар 20 қазанға дейін қабылданады.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
Байланыс телефондары: ; .
Электронды пошта:
Кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Олар бүгінде заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арнап тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, оқырманның талап-тілегіне сай кеңес беруші, халық мүлкіне өмір бойы қамқор болып өтетін мамандық иелері. Осы атаулы күнге орай, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының библиографиялық көрсеткіштерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың гранттық жобаларынан шыққан ғылыми еңбектер, «Ұлы тұлғалар» сериясы мен «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» сериясы, кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері туралы еңбектер, Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиялық көрсеткіштері қойылды.
2020 жылы 15-қазан күні ҚР БҒМ ҒК Ғылым ордасы
Орталық ғылыми кітапханасында
Кітапханалар күніне орай
«Өз кітабыңды таңда» атты акция ұйымдастырылады.
КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!
Мекен жайымыз:
Алматы қаласы
Шевченко көшесі, 28 (Қонаев көшесінің қиылысы)
Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК
ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 14 қазанындаКітапхана күніне орай сағат
10.00-де «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Жандосов Ораз Қиқымұлы» атты жинақтың офлайн-онлайн тұсаукесер рәсімін өткізеді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының кітап қорында 6 миллионға жуық құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаптардың тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор. Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қордағы материалдарды сақтап, насихаттауда игілікті істер атқаруда. Солардың бірі «Ұлы тұлғалар» сериямен белгілі тұлғалардың еңбектерін жинақ ретінде шығарылуы.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Ораз Жандосовтың «ЖАНДОСОВ ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ. Құраст.: С.О.Смағұлова, Р.Е.Оразов. Жауапты ред.: Қ.Е.Қаймақбаева. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2020. – 224 б., сур. [«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия] жинағына оның ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мерзімді баспасөз беттеріне жарық көрген, бірақ жинақтарға енгізілмеген 25-тей мақалалары, туындылары мен оның қызметіне қатысты құжаттық материалдар, естеліктер және ғылыми мақалалар топтастырылып отыр.
Тұсаукесер рәсіміне белгілі ғалымдарды, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының ұрпақтары, тұлғатану саласының мамандары, баспасөз қызметкерлері қатыспақ.
Отан тарихына, тұлғатану саласына қызығушылық танытушы оқырмандарды онлайн тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.
Өткізілетін орны (офлайн): Мәжіліс залы, 3-ші қабат.
Онлайн: ZOOM платформасы, Идентификатор нөмірі: 896 4755 9100, Құпия сөз: 690097
Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/89647559100?pwd=R0IzYXlHdkpPc05FK3NwanJMb1NsUT09
Уақыты: 2020 жыл 14 қазан сағ. 10.00
Мекен жайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28
Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:
Қаймақбаева Қарлығаш
Смагулова Светлана
Игиликова Сымбат
e-mail:


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

