27 қаңтар Кеңес одағы тарихында Ленинградтың қоршаудан азат етілген күні болып белгіленген (8.09.1941-27.01.1944 жж.) Биыл осы атаулы датаға - 75 жыл. 900 күнге созылған қанды қырғында неміс басқыншыларына қарсы соғысқан Кеңес одағы әскері көзсіз ерлік көрсетті. Ленинград шайқасының саяси және стратегиялық маңызы зор болды. Фашистердің Шығыс майдандағы 1/5-не жуығы Ленинград бағытында шоғырланды. Қала үшін ұрыста дұшпанның 50-ге тарта дивизиясы талқандалды.

Қаланы жау қоршауынан азат етуге Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар да қатысып, асқан ерліктер көрсетті. Соған дәлел ретінде кеудесімен жау дзотын жапқан қазақ жауынгері Сұлтан Баймағамбетовты мақтанышпен айта аламыз. Тарихи деректерге сүйенсек Балтық флотының "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық жауынгердің болғандығы айтылады. Қазақстан халқы ел басына төнген ауыр күндері қоршаудағыларға азық-түлік және моральдық тұрғыдан да көмектесіп отырды. Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев өзінің "Ленинградтық өренім" атты жалынды жырымен жауынгерлер мен қоршаудағы қала халқын жігерлендіруге үлесін қосты. 1965 жылы фашистік германияға қарсы болған соғыс жеңісінің 20 жылдығына орай Ленинградқа "Батыр қала" атағы берілді.

Осы айтулы күнге арнап Орталық ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Жамбылдың "Ленинград батырлары, 1945", "Алынбас қамал, 1943", "Болат тонды батырлар, 1941", "Майдан жыры, 1942" атты өлеңдері мен жырлары және "900 героических дней", "Подвиг Ленинграда", "Ленинград. Блокада. Подвиг", "Непокоренный Ленинград", "Оборона Ленинграда", "Казахстанцы в боях за Ленинград" және т.б. аталған тақырыпқа байланысты еңбектер қойылды.

 

                 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo