Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-00-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Барша Қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

30

📌 Әр айдың соңғы бейсенбісі (25.08.2022ж.), «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында тазалық күні. Осыған байланысты Орталық ғылыми кітапхана уақытша қызмет көрсетпейді.
Туындайтын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Үндінің атақты кітапханатанушысы Ранганатан Тагордың осы екі заңыдылығы кітапханаларда көрініс табады.
Ғалым, профессор Мұхит Сыдықназаровтың «Тарих толқынында Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты кітабы кітапханамызда оқырмандардың қызығушылығын тудырып отыр.
Жуырда кітапханаға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын Тортай Сәдуақасов келіп, бірегей басылыммен және оның беттерінде алғаш рет жарияланған карталармен танысып, еңбекті жоғары бағалады.
Кітапта 16-19 ғасырларда жанияланған 130 карта берілген, олардан Қазақ мемлекетін көре аламыз. Кітап оқырмандардың пікірінше, еліміздің мемлекеттілігінің тарихын зерделеумен қатар оның бүгіні мен болашағын түсіну үшін өте маңызды басылым.
Басылыммен танысу үшін Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеті бөліміне хабарласуларыңызға болады.

 

Clarivate компаниясы ғылыми журналдардың редакторларын қосымша вебинарларға шақырады:
1. «Нөлден бастап халықаралық ғылыми журнал шығару. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар»
15 тамыз сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
2. «Web of Science Core Collection дерекқорына кіру стратегиясын таңдау кезіндегі журнал редакторларының ТОП - 10 қателері»
16 тамыз сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
3. «Халықаралық ғылыми журналдарға сілтеме жасау мен оның сапасын арттыру бойынша әдістемелік ұсыныстар»
17 тамыз сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Дәріскер: Кенжина Инеш Ерғазықызы,
PhD, Clarivate компаниясының Орталық Азия аймағындағы елдердегі ресми өкілі, наукометрия бойынша сарапшы, радиациялық материалтану саласындағы зерттеуші.
Вебинарларға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

1QAZ

Ауданда су құбырларын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Орталық ғылыми кітапхана 2022 жылдың 9 тамызында оқырмандарға қызмет көрсетпейді.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Әкімшілік

Халықаралық жаһандық зерттеу академиясының, Халықаралық жаратылыстану академиясының, Халықаралық инженерлік және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕНГЕ арналған жинақ жарыққа шықты.

Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, оның ғылыми еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.

Толығырақ...

"Орталық ғылыми кітапхананың  Ғылыми басылымдары" атты мақала

Әли Еркежан, Сирек кітаптар қолжазбалар  және ұлттық әдебиет бөлімі

Мақаланы оқу үшін сілтемені басыңыз--> СІЛТЕМЕ

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 наурыз күні Ақжан Әл-Машанидің 115-жылдық мерейтойына арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналған, осы академияның іргетасын қалаушылардың бірі, корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылым қайраткері Ақжан Жақсыбекұлының әл-Машанидің «Табиғат - матбуғат» кітабының тұсау кесер мерекесіне шақырамыз.

Толығырақ...

2022 жылдың 15 наурыз айында «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері үшін «Су ресурстары: Ұлттық әл-ауқат қоры қорларындағы ғылыми-білім беру ресурстары» атты Ақпарат күнін өткізді. Іс-шараға 24 студент қатысты.

Іс-шараға қатысушылар кітапхана тарихымен танысып, оқу залдарын аралады. Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Абдуллаева реферативтік журналдар қорымен, кітапхана шығарған табиғи және су ресурстары бойынша библиографиялық басылымдармен таныстырды. Абонементте студенттер кітапхананы пайдалану ережелері, электронды және дәстүрлі каталогтар бойынша әдебиеттерді іздеу туралы білді. Мерзімді басылымдардың оқу залындағы ғылыми басылымдар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бас кітапханашы Мұсабекова Л. мерзімді басылымдар қоры туралы ақпарат беріп, жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, Ғылым академиялары шығаратын басылымдарға, анықтамаларға, ғылыми журналдарға шолу жасады.

Көрме барсысында, студенттерге сирек басылымдар, Қолжазбалар және Қазақ әдебиеті залында пән бейіні бойынша диссертациялардың авторефераттары, журналдар мен сирек басылымдар ұсынылды. ХХ ғасырдың басында және ортасында басылып шыққан Арал теңізі, Ақмола облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінің гидрологиялық зерттеулері бойынша әдебиеттер оқытушылар мен білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Орталық ғылыми кітапхана университет оқытушысы Галина Агаповаға іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

  

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40