Menu

ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты «Информатика және қолданбалы математика» атты IV  Халықаралық ғылыми конференция өтуде.

Толығырақ...

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жазба жәдігерлер және рухани мұра ғылыми -зерттеу орталығы Кыршехир Ахи Евран университеті Түрік тілі бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған "Түркі тілдеріндегі тарихи қолжазбаларды зерттеу халықаралық симпозиумы " өтті. Осы симпозиумға орай сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмеге қойылып құрметті қонақтарға таныстырылды. Көрмені Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми - зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыз, Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі Женгиз Томар мырзаларда көрмемен танысты. Көрмеге келген қонақтар өздерінің қызығушылығын білдіріп, оң бағасын берді.

 

  

 

 

2019 жылдың 28 мамыр күні «31 мамыр – саяси-қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Жас мамандар кеңесі мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Одепқызымен «Ашаршылық қасіреті» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтар, оның шығу себебі мен салдары, аштықпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары, қазақ зиялыларының, шетелдік ұйымдардың аштықты ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты айтыл ды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубетінен халқымыздың жартысына жуығына қырылып қалу қаупі төніп, орны толмас зардап шекті. Бұл зұлматтардың шығуына табиғи-климаттық жағдайдан басқа большевиктік сұрқия билік әсер етті. Аштық халқымыздың демографиялық жағынан ақсауына алып келді. Аштық қасіретінің жантүршігерлік зардаптары миллиондаған адамдарды тағдыр тәлкегіне ұшыратты. Толықтай қаншама отбасының түтіні түтенбей, қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы ақсады, әлеуметтік жағдай толықтай төмендеді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, боса көшіп, шетел асты. Ауылдар қаңырап бос қалып, тозып  өлген адамдардың сүйектері далада шашылып, жинаусыз қалды. Адам етін жеу, өз баласын жеу сияқты сұмдықтар кеңінен орын алды. 

       

 

2019ж. 27 мамыр күні «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының 180 жылдығана арналып шығарылған «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімін ашып, алғашқы болып сөз сөйлеген М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к.Әлбеков Тоқтар Кесімұлы болды. Сонымен қатар, тұсаукесерде: зерттеуші, шежіреші, кітапты шығарушы – Саттаров Сейітомар, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы, жазушы – Елубай Смағұл Абатұлы, «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев сыйлығының иегері, ақын – Әлімұлы Аманхан,жазушыМамытбек Қалдыбай, дінтанушы ғалым – Жандарбек Зікірия Заманханұлы, М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің ғылыми қызметкері – Елесбай Нұржұма, тарих ғ.д., профессор Смағұлова Светлана Одеповна, тарихшы-ғалым Әлімғазы Дәулетхан және т.б. сөз сөйлеп, Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалар жинағы туралы өз ойларын білдірді. Жинақтың тұсаукесеріне келген қонақтар мен оқырмандар қауымы жинақ туралы оң баға берді.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Жамбыл ақын Майлықожаның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын  берген екен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан-мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы / Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.

33,5 баспа табақ .  Таралымы 100 дана.  Сандық форматта ОҒК сайтында ұсынылып отыр.

Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды.

Бұл жинақ белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша және көп жылдар жинаған қолжазбалары негізінде бірлесіп жасалған еңбек. Сейітомар Саттарұлының жинаған Майлықожа ақынға қатысты қолжазба көшірмелері Орталық ғылыми кітапхана қорына өткізілді.

                   

 

4 мамыр 2019 жылы «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында осы кітапханада көп жылдар еңбек еткен О.П.Бравачты еске алу кеші өтті. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері және бұрынғы бірге қызмет еткен әріптестері қатысты.

Бравач О.П. 1970 жылы 28 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Ключи ауылында дүниеге келген. Сол жерде мектепке барып, 10 класты бітіргеннен кейін Кемерова мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түсіп оны 1992 жылы аяқтаған. Мамандығы кітапханашы-библиограф.

Орталық ғылыми кітапханада 1995 жылдың шілде айынан бастап өмірінің соңғы күніне дейін қызмет атқарды. Азғантай ғана ғұмырында кітапханаға біраз еңбек сіңірді. Қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Негізі қызмет жолы Ғылыми библиографиялық және Анықтамалық бибиографиялық бөлімдерінде өткен.

Бравач О.П. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы сериясы бойынша шығарылған 20 ға жуық көрсеткіштің библиографиялық редакторы.

2016 жылы жарыққа шыққан «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің құрастырушысы.

«Мировая библиография по афидологии 1712-2007» көп томдық библиографиялық көрсеткішінің редакторы. Бұлардан да басқа көптеген библиографиялық көрсеткіштерге материалдар жинақтауға атсалысқан.

Өзінің негізгі міндеттерін атқара жүріп кітапхана ісіне байланысты өткізілетін іс-шараларға қатысып мақалаларын жариялап отырды. Кітапхана әлемі журналында, Ұлттық ғылым академияларының кітапханалары атты ғылыми-практикалық теориялық жинақта және әр жылдарда Москвада өткен Халықаралық ғылыми конференция материалдарында бірнеше мақалалары жарыққа шықты.

     

2019 ж. 3-5 сәуір аралығында ҚР ҒБМ ҒК Математика және математикалық моделдеу институты ҚР ҰҒА академигі Харин Станислав Николаевичтің 80 жылдық мерейтойына және ғылым күні мерекесіне орай халықаралық конференция өткізді.

Конференцияға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы академиктің еңбектерінен, монографияларынан кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмені Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан келген қонақтар мен жиынға қатысушылар мен ҒЗИ ғалымдары көріп, қызығушылық танытты.

         

 

Құрметті пайдаланушылар!

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 ж. 1–30 сәуір аралығында "ИВИС" компаниясының электрондық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

"ИВИС" компаниясы электронды ресурстар нарығында 25 жыл бойы жұмыс істейді. Ресей мен ТМД елдерінің ғылыми журналдарының электронды нұсқаларына, соның ішінде әлеуметтік ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар, биология, физика, медицина, химия, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты жарияланымдарды қоса алғанда, АҚШ, Қытай, Тайвань, Жапонияның ақпараттық ресурстарын (кітаптар, ғылыми басылымдар, статистикалық басылымдар, баспасөз) пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету,

кітап қорын насихаттау бөлімі

Электрондық ресурстар залы

e-mail:

 

 

Бүгін Орталық ғылыми кітапхананың қоры түрік тіліндегі кітап және журналдармен толықты. Avrasya Araştırma Enstitüsü Müdürü Doç. Dr. Vakur Sümer мырза кітапханамызға келіп, ғылыми-зерттеу институтынан шығатын басылымдарды сыйға тартты.

              

Қазақ CCР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин 1929 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ақтөбедегі Байғанин атындағы мұғалімдер институтының Орыс тілі мен әдебиеті факультетін және Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтты үздік бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша мұғалімдік қызмет атқарды.

1951-1954 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқып, көп ұзамай «Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Араға біраз жыл салып 1969 жылы «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғалымның отыз жылдай өмірі ҚР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шаңырағында өтті. Ол бірнеше монография мен көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 1983 жылы Қазақ CCР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Ә.Дербісәлин ғылыми ортаға, зиялы қауымға Ыбырай Алтынсарин мұрасын түбегейлі зерттеген ғалым ретінде танылды. Жазушы өмірі мен қызметін зерттеген еңбектер әр жылдары орыс, қазақ тілдерінде жарық көрді.

Ә.Ж. Дербісәлин республикалық білім беру, ғылыми кадрлар даярлау саласына да көп еңбек сіңірді. Ол көптеген ғылыми кітаптардың жауапты редакторы, 6 томдық академиялық «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінің, 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясының негізгі авторларының бірі болды.

2019 жылдың 22 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы ғалымның туғанына 90 жыл толуына арналған «Әдебиеттанушы-ғалым Әнуәр Дербісәлиннің ғылыми мұрасы рухани жаңғыру контексінде» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Осы мерейтойлық іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден ғалымның азаматтық болмысы мен ғалымдық парасаты туралы жазылған естеліктер, замандастарымен бірге түскен суреттерін, ғылыми еңбектерін көріп таныса аласыздар. Аталған іс-шараға ғалымдар, өнер қайраткерлері, Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ғалым есімімен аталатын мектептен қонақтар қатысып өз естеліктерін жеткізді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Ресейдің ИВИС компаниясының электрондық ресурстары мәліметтер базасының таныстырылымы өтті.

Компания (ИВИС) электронды ресурстар нарығында Ресей мен ТМД елдерінің ғылыми журналдарының электронды нұсқаларына, соның ішінде әлеуметтік ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар, биология, физика, медицина, химия, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты жарияланымдарды қоса алғанда, 25 жыл бойы жұмыс істейді. АҚШ, Қытай, Тайвань, Жапонияның ақпараттық ресурстарын (кітаптар, ғылыми басылымдар, статистикалық басылымдар, баспасөз) пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Таныстырылымды ИВИС компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Дмитрий Ушанов жүргізді. Іс-шараға Абай атындағы ҚҰПУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы геология институты, сейсмология, зоология, ионосфера институттары, Ө.Ө. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия институты, Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері және т.б. қатысты.

 

        

 

 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo