Құрметті оқырмандар!
Жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми-білім беру процесін ақпараттық қолдау сапасын арттыру мақсатында Орталық ғылыми кітапханасы 2022 жылы 15-наурыз бен 15-сәуір аралығында «Ғылыми ақпаратқа деген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктері» атты онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлайды.
Сауалнамаға қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, жас ғалым-зерттеушілер шақырылады.
Сауалнама нәтижелері жалпы тұтынушылардың, ғалымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыздыруға бағытталып, жинақтау саясатын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша келесі анықтамалық-ақпараттық бөлімінің Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына хабарласуға болады.
2022 жылдың 24 ақпанында ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі музыкатанушы Сара Әділгерейқызы Күзембайдың туғанына 85 жыл толуына орай "Әсемдікті әлпештеу мәңгілік рухани құндылық" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Осы атаулы іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері және редакциясымен шыққан ғылыми кітаптар қойылды.
2022 жыл ақпан айының 21 және 25 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Құжаттардың реставрациясы және консервациясы» атты біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибелік күрсы өтіп жатыр.
РМК «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қызметкері Жұрманова Құралай Таңатарқызы өз біліктілігін арттыруда.
5 күнге жоспарланған біліктілікті арттыру курсында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері», «Реставрациядан кейін құжаттарды толтыру» тақырыптарында дәрістер жүргізіледі.
Ғұлама ғалым өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін рим цифрымен нөмірлеп, бір парақ ақ қағазға жазып кеткен екен.
Ауыл мектебінде молдадан оқыған 7 жыл мерзімді қамтиды. Онда осы жылдарда алған білімі мен оқыған кітаптары туралы мынадай деректер келтірілген. Оны өзі араб санымен белгілеген екен:
✔️Араб әріптерінің қыр-сырын, мән-мағынасын түсініп, жақсы біліп алған.
✔️Құран Кәрімді түпнұсқадан оқи алатын дәрежеге жеткен.
✔️Араб-парсы тілдерінен хабардар болған.
Шағатай тілін жақсы меңгерген.
Осы орайда, "Ғылым Ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорынан 1959 жылы жарық көрген «Сөздің мағыналық сипаты хақында», 1959-1961 жылы басылған Түркітану тарихындағы тұңғыш сөздік – екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» кітапхана қорынан ала аласыздар.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2015 жылғы шешімімен 11 ақпан ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың Халықаралық күні деп жариялады.
Қазіргі уақытта ғылым саласында әйелдердің орны ерекше. Ағартушылық салада жаңалық ашып, өлшеусіз үлкен қосқан қыздар арамызда өте көп. Еліміздегі ғылым саласында гендірлік теңсіздік жоқ деп айтуға әбден болады. Себебі, біз кәсіби біліктілік пен біліміне баса назар аударамыз. ЮНЕСКО институтының статистикалық мәліметіне сүйенсек, әлемдегі әйел ғалымдардың үлесі 30 пайыздан асады екен.
16 ақпан күні сағат 12:00-де "ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес Wiley журналдарында мақалаларды қалай жариялауға болады" тақырыбында вебинар өтеді.
Вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Вебинар барысы
- Мақалаларды жариялау бойынша ҚР БҒМ конкурстық құжаттамаларының талаптары
- Scopus, Web of Science индикаторларына сәйкес журналдардың процентильдері мен квартильдерін түсінеміз
- Жариялау үшін WOL-да қажетті журналды қалай табуға болады
- WOL журналдарында мақала жариялау бойынша авторларға кеңес
Вебинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі
Вебинарға тіркелу үшін сілтеме: https://register.gotowebinar.com/register/847275285080174859
Сіздерді 2022 жыл 8 ақпан, сағат 10:00 - 12:30 аралығында өтетін Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға арналған «Springer Nature» виртуалды саммитіне шақырамыз. Саммит ағылшын тілінде өтеді және сізді Springer Nature стратегиясы бойынша ақпараттық сессиялар мен ашық қолжетімділік бағдарламасын жаңарту, содан кейін ғылыми жарияланымдар бойынша семинарал күтетін болады.
Саммит Zoom платформасында өтетін болады, бұл сізге сұрақтар қоюға және әріптестеріңізбен пікірталастар өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Біз барлықтарыңызды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз. https://us06web.zoom.us/.../reg.../WN_IaLgV2RsS_-neeaLsRhA0g
Құрметті оқырмандар, 2022 жыл ақпан айының соңына дейін ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізуші East View компаниясы жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми журналдарға тестілік қолжетімділікті ашады.
Деректер базасына қолжетімділік Орталық ғылыми кітапхана аумағында мына сілтеме бойынша беріледі: https://dlib.eastview.com/
15 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болып, Кәсіпорынның Орталық ғылыми кітапханасы, ғылыми мұрағаты және музейлерінің жұмысымен танысты. Министр мәдениет ошақтарымен танысу барысында, сонау ғасырлар қойнауынан сақталып келе жатқан, тарихы терең Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры, мұрағат және музей қорларының сақталу барысы, олардың бүгінгі таңда сандық қалыпқа түсірілу жұмыстарымен және зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілу сияқты іс-шаралардың барысымен кеңінен танысты. Кездесу барысында көптен бері қордаланып, шешуін таппай келе жатқан бірқатар мәселелер ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен жан-жақты қарастырылып, тарихымыз бен мәдениетіміз үшін аса құнды болып табылатын сирек кітаптар мен қолжазбаларды жылдамдатып сандық форматқа ауыстыру үшін қосымша арнайы өндірістік жылдам сканерлер алуға, тозығы жеткен құнды кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үшін реставрация жасайтын лаборатория ашуға, жалпы кітапхана, мұрағат және музей қорларының сақталуы үшін температуралық, ылғалдылық, өрт қауіпсіздігі және жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету сияқты кешенді мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар беріп, осы жұмыстарды іске асыру барысында Министрлік тарапынан қолдау көрсететілетіндігін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы