Хили Д.Ф. Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020,- 576 бет.
ISBN 978-601-7621-01-8
Джозеф Ф. Хилидің «Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы» еңбегі алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Қолыңыздағы оқулық ағылшын тіліндегі төртінші басылым негізінде дайындалды. Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда, дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Сонымен қатар оқулықта статистика негіздері, оның әлеуметтік ғылымдарда алатын орны мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беріледі.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика бойынша білімін арттырғысы келетін оқырман қауымға арналған.
Эндрюс Н. Азаматтық іс жүргізу: Сот өндірісі. I том: 1-кітап.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 416 бет.
ISBN 978-601-7943-81-3
Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.
Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Эндрюс Н. Келісімшарт ережелері: Ағылшын құқығына түсініктеме.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020, - 480 бет
ISBN 978-601-7943-90-5
Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюс бұл еңбегін ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арнаған. Халықаралық мәмілелер жасасатын тараптар өзара қатынастарды реттеу құралы ретінде көп жағдайда ағылшын құқығына басымдық беретіні белгілі.
Кітапта келісімшарт жасасу ережелеріне түсіндірме беріліп, оқуға қосымша әдебиеттер ұсынылған. Бұл еңбектің қалың оқырман қауымға, ортақ құқық қағидалары қолданылатын және қолданылмайтын елдердегі заңгерлер, судьялар, іскер топ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, құқықтанушы ғалымдар, студенттер мен қатардағы азаматтарға көмегі тиері анық.
Бартлетт Стив, Бертон Диана "Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе"
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 464 бет.
ISBN 978-601-7943-78-3
Соңғы жылдары білім беру ісін зерттеу жеке пән саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Ұсынылып отырған еңбекте студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында терең зерттеуді қажет ететін бірқатар жеке оқыту салалары жөнінде кеңінен баяндалған. Авторлар білім берудің түрлі аспектілері мен оған қатысы бар әлеуметтік және саяси құрылымдарды, ұлттық оқу бағдарламаларының жасақталуына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерді, экономикалық қысымдар мен саяси факторларды талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді де тілге тиек етеді. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдап және түсіндіріп береді. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.
Эндрюс Н. Азаматтық іс жүргізу: Сот өндірісі. I том: 2-кітап.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 488 бет.
ISBN 978-601-7943-82-0
Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.
Еңбек заң факультетінің студентгеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Больман Филип Әлем музыкасының тарихы. 2-бөлім.
/Алматы: «Ұлтгық аударма бюросы» коғамдык қоры ,2020. - 388 бет.
ISBN 978-601-7943-89-9
Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Онтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды.
Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған.
Гарман Е.Томас, Форг Е.Рэймонд. Жеке қаражат.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 632 бет.
ISBN 978-601-7943-99-8
Гарман Е.Томас пен Форг Е.Рэймондтың «Жеке қаражат» оқулығы – экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарын топтастырып жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.
Ақшаны тиімді жұмсаудың амалдары сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеу мен инвестициялауға, несиені басқаруға, салықты жоспарлауға, кредит картасы бойынша борышыңызды азайтуға септігін тигізіп, қаржылай тұрақты болашағыңызды қалыптастыруға көмектеседі. Сан түрлі қаржы мәселелерін қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыпты жан-жақты түсініп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықтың мақсаты - кіріс пен отбасылық бюджетті басқару, несие, инвестициялау, сақтандыру, зейнетақы жинағы мен салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке жетуді үйрету. Қазақ тіліне оқулықтың 13-басылымы аударылып, Қазақстанға бейімделіп дайындалды. Әр тарау Қазақстанға қатысты тиісті ақпаратпен, заңдармен және кейстермен толықтырылған.
Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға және қаржысын тиімді басқаруға ниетті барлық оқырманға арналған.
Микроэкономика.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2020. - 548 бет.
ISBN 978-601-7943-87-5
Микроэкономика – экономика теориясының тұлғалар мен кәсіпорындар нені таңдайтынын, ол таңдау нарықта қандай жолдармен байланысатынын және мемлекеттің оған қалай ықпал ететінін зерттейтін саласы.
Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – осы сала бойынша жазылған үздік еңбектердің бірі. Кітапта жеке адамның табысы, оның қалауы мен таңдауы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қалай ықпал ететіні, фирманың өнім шығарудағы мүмкіндіктерінің шегі, мемлекеттің экономикалық саясаты қоғамға қандай пайда келтіріп, қандай зиян шектіретіні мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Еңбекте экономикалық қатынастарды құрайтын процестердің алдымен жеке адам, содан кейін тұтас нарық деңгейіндегі әрекеті, одан келетін пайда мен залал таңданады.
Қазақ тіліне он үшінші басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алып жатқан болашақ экономист, менеджер, маркетологтарға, сондай-ақ экономикалық қатынастар қалай қалыптасатынын білгісі, түсінгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.
Бордуэлл Д., Томпсон К., Смит Д. Кино өнеріне кіріспе.
/Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020ж. -728бет.
ISBN 978-601-7943-96-7
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап – авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Еңбекте фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері мысалдар арқылы талданады. Әрі жанр идеясы ерекшелігіне қарай топ-топқа бөлініп, жан- жақты қарастырылады. Бұл кітап оқырманның фильм жөнінде өз сыни көзқарасын қалыптастыруына ықпал етеді. Еңбекте кино өнерінің тарихы туралы да кеңінен айтылады.
Туынды фильм түсіруге, кино жайлы еңбек жазуға талпынған мамандарға, осы бағытта оқитын студенттерге, оқытушыларға, әуесқой фильм түсірушілерге арналған. Қарапайым көрермен бұл кітап арқылы фильмді түсініп, оны бағалауды, ой-пікір білдіруді үйренеді.
Паркин М. Макроэкономика.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 464 бет.
ISBN 978-601-7943-94-3
Бұл кітап - макроэкономика саласындағы ең танымал мамандардың бірі Майкл Паркин дайындаған оқу құралы. Автор жалпы ішкі өнім, экономикалық өсу, бизнес-цикл, инфляция, баға деңгейі, жұмыспен қамту, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс, мемлекеттік бюджет профициті мен дефициті сияқты мәселелерді зерделейді, әрі жаһандық экономикадағы алпауыт елдерді салыстырады. Ел экономикасының бағытын анықтау мен проблемаларын шешуде үкімет пен ұлттық банктердің негізгі ролі айқындалып, ақша-несие саясаты және фискалдық саясаттың құрылымы сипатталады. Импорт пен экспорт, халықаралық сауданың экономикаға тигізер әсері мен салдарына тоқталады. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылған.
Кітап экономика, қаржы, маркетинг мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған.
Бейлис Дж., Смит С., Оуэнс П. Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020ж.-652 бет.
ISBN 978-601-7943-93-6
Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смиттің жетекшілігімен жинақталған бұл еңбекте халықаралық қатынастардың даму тарихына, негізгі теорияларына және жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады.
«Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітапта халықаралық қатынастар, жаһандану және әлемдік саясат ұғымдарына анықтама беріліп, халықаралық қатынастар жүйесіндегі акторлар мен қазіргі халықаралық тәртіптегі өзгерістер толық қамтылған. Сондай-ақ бұл еңбек халықаралық қатынастар саласындағы классикалық теориялармен қатар, жаңа теориялардың да талдануымен құнды. Кез келген тақырып теориялық тұрғыдан зерделеніп қана қоймай, тарихи мысалдармен, қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы оқиғалармен толықтырылған. Авторлар қандай да бір мәселе бойынша біржақты пікір қалыптастырмау үшін сыни немесе балама көзқарастарды қатар ұсынған.
Бұл кітаптың халықаралық қатынастар мамандығы студенттеріне, осы салаға қызығатын барша оқырманға пайдалы болары анық.
Уолф Джонатан Саясат философиясына кіріспе.
/Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2020. - 232 бет.
ISBN 978-601-7943-80-6
Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады. Сонымен қатар қазіргі қоғам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитив дискриминация және келер ұрпақтың құқықтары сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты қарастырылған.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған бұл кітаптың тілі жатық әрі мазмұны қызықты. Саясат философиясының негізгі ұғымдарын танып, ұлы ойшылдардың көзқарастарын шолып, саяси ой кеңістігін тереңдеткісі келетін студенттер мен қарапайым оқырмандарға бұл оқулықтың берері мол.
Балм Кристофер Театртану. Кіріспе.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 224 бет.
ISBN 978-601-7943-86-8
Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеушілер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен оны түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.
0'Лири Зина Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. -2020. -472 бет
ISBN 978-601-7943-98-1
Зина 0'Лиридің «Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық» кітабында зерттеу жобасын жүргізу процесі кезең-кезеңімен сипатталған. Бұл еңбекте зерттеу жобасына дайындалу, зерттеуге қатысты сұрақтар әзірлеу, зерттеудің этикалық нормаларын сақтау, әдістерді таңдау мен тәжірибеден өткізу, дерек жинау және талдау сияқты зерттеу жүргізуде қажет болатын қадамдар туралы жан- жақты сөз қозғалады.
Кітап, ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Бұл – зерттеу жұмысын жазып көргісі келетін оқырманның барлығына пайдалы кітап.
Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. Тарихи білім тарихы. Академиялық бакалавриатқа арналған оқулық 4-басылым.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 236 бет.
ISBN 978-601-7943-79-0
Кітапта архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді. Бұған қоса еңбекте өткенді қабылдаудың түрлі формалары, тәсілдері мен деңгейлері, әртүрлі дәуірлердегі тарихи ой өкілдерінің концепциялары, орыс және шетел тарихшыларының әйгілі туындылары, тарихи білімнің табиғаты, шынайылық критерийлері, ғылыми және қоғамдық мәртебесі туралы заманауи пікірталастар талданады.
Оқулық жоғары оқу орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.
Эльзессер Т., Хагенер М. "Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.-232 бет.
ISBN 978-601-7943-92-9
Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, құлақ және ми сияқты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.
Қазақстанда ұлттық кинематография қанат жайып, дамып келе жатқанда бұл еңбектің бағыт-бағдарымызды айқындауға, әлемдік үдеріске араласуға, жаңа ағым-тәсілдердің, кино жаңалықтарының бел ортасында жүруге септігін тигізері сөзсіз. Басылымда негізгі ұғымдарды түсіндіруге арналған глоссарий қоса берілген.
Кітап гуманитарлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, сала мамандарына және кино теориясына қызығатын оқырманға арналған.
Филд Сид Киносценарий. Сценарий жазу негіздері.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020,- 248 бет.
ISBN 978-601-7943-85-1
«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық. Бұл – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық. Автор шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамытып, кейіпкер қалыптастырып, кезең-кезеңімен жазу жолын көрсетеді. Сонымен қатар дайын сценарийді сату жолдарын тәптіштеп түсіндіреді. Сид Филд сценарий жазу үйренуге болатын шығармашылық процесс екенін ескерте отырып, оны кез келген сала маманы меңгере алатынына сенім білдіреді. Кітап жоғары оқу орындарында шығармашылық бағытта білім алатын студенттерге және киносценарий жазуды үйренгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.
Кром Михаил Маркович Тарихи антропология.
/Алматы:«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры,2020ж.-204 бет.
ISBN 978-601-7943-84-4
Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпады бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған. Тарихи-антропологиялық бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар, жекелеген ұлттық мектептердің (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Тарихшылар мен антропологтардың пәнаралық пікір алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.
Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған.
Борев Ю.Б. Эстетика. Оқулық.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. - 408 бет.
ISBN 978-601-7943-83-7
Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады.
Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедиялық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.
Оқулық өнертанушыларға, эстетикаға қызығатын қалың оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған.
Делөз Жил КИНО 2. Уақыт-бейне.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 - 368 бет.
ISBN 978-601-7621-00-1
Француз философы Жил Делөз «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы томда Делөз XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап түрлі бағытта дамыған модерн кино эстетикасын пайымдауда кино теориясының өзекті талқысына айналған семиотика, тіл, шындық тақырыбын қайта қарастыра отырып, кинодағы уақыт ұғымын осы шақ, өткен шақ және уақыт кристалдары арқылы түйіндеп, ой, тән киносы, ми киносы концептілерін енгізеді. Сонымен қатар дыбыссыз және дыбысты кино арасындағы өзара байланыс пен ықпалдастықты саралайды.
Бұл ебек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кеңінен қолданылды және кино теориясына да, кино сынына да зор ыкпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді. Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.
Кино 1. Қозғалыс-бейне.
/Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 - 304 бет.
ISBN 978-601-7943-97-4
Француз философы Жил Делөз (1925-1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт- бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыс-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.
Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді. Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.
Бентли Л„ Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф. Интеллектуалдық меншік құқығы. III том.
/Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2020. - 604 бет.
ISBN 978-601-7621-06-3
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон құқығы (ортақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалық одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, прецеденттік құқыққа негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап, сот шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға береді.
Бұл кітап болашақ құқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік кұқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.
Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон П. Интеллектуалдық меншік құқығы. II том.
/Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2020. - 568 бет.
ISBN 978-601-7621-05-6
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон құқығы (ортақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалық одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, прецеденттік құқыққа негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап, сот шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға береді.
Бұл кітап болашақ құқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік кұқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф. Интеллектуалдық меншік құқығы. I том.
/Алматы: Ұлттық аударма бюросы. –2020. - 512 бет.
ISBN 978-601-7621-04-9
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон құқығы (ортақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалық одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, прецеденттік құқыққа негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап, сот шешімдеріне құқықтық тұрғыдан баға береді.
Бұл кітап болашақ құқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік құқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.
Жыр арқауы – Ата Заң. Қазақ ақындарының жыр жинағы
/құраст.: Қайрат Мәми. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. –106 б.
ISBN 978-601-04-5132-2
Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Казіргі Ата Заңымыздың түп қайнары – әз Тәукенің «Жеті Жарғысы». Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституниялары да өзінің ықпалын тигізді.
Конституцияны ардақ тұтып, оған жыр арнаған ақындардың көш басында ұлы ақын Жамбыл Жабаев тұрса, соңында Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрлан Мәукенұлы, Кәдірбек Кұныпияұлы, Әлия Дәулетбаева сынды айтулы жыр шеберлері тұр.
Кітаптағы көркем туындылар қазақстандықтарды береке-бірлікке, ырыс- ынтымаққа, ел болып ұйысып, жұрт болып жұмылуға шақырады. Сондай- ақ, тілі жатық, образға бай поэзиялық шығармалар жас ұрпақты отаншылдық, елжандылық, патриоттыққа баулуды көздейді, оларды қасиетті елімізді, ұланғайыр жерімізді қадірлеуге, Тәуелсіздігімізді қорғауға үндейді.
Жаңа кітап барша қазақстандықтарға арналған.
Су Бэйхай ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫ: Ерте заманнан – ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін.
/Төрт томдық зерттеу. Таяу және қазіргі заман тарихындағы Синьцзян қазақтары. Аударма, зерттеу, факсимилие
/Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі», 2020.4-том. - 832 бет.
ISBN 978-601-7962-64-7
Төрт томнан тұратын бұл іргелі еңбек қытайлық тарихшы ғалым Су Бэйхайдың қазақ халқының ерте заманнан - XX ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі тарихын төрт үлкен кезеңге бөліп қарастырған зерттеу жұмысы (колжазба) негізінде дайындалды. Кітаптың төртінші томында 1864 жылғы шекара келісімінен кейінгі Ман-Цин империясына, кейін Қытай қоластына қарап қалған қазақтардың тарихы, шекара дағдарысы және 1916 жылғы көтеріліс кезінде қазақтардың Шығыс Түркістанға аууы, іле-шала ақ гвардияшылдардың басып кіруі, дүнген лаңы, Баркөл-Құмыл өңіріндегі қазақтардың жат жұрттарға сергелдең болып кетуі, Өр Алтайдағы көтеріліс, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс, Оспан батырдың күрестері, жалпы, Қытай қазақтарының қоғамдық жағдайы, жаратылыстық ортасы т.б. мәселелер қытайлық тарихнама принципі тұрғысынан кеңінен қарастырылған. Ендеше, бұл еңбек ең әуелі ғылыми көпшіліктің сыни көзбен оқып, зерттеу жұмысында пайдалануына арналған.
Су Бэйхай ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫ: Ерте заманнан-ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін.
/Төрт томдық зерттеу. ХV-ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ хандығы. Аударма зерттеу, факсимилие,
/Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі», 2019.3-том. - 608 бет.
ISBN 978-601-7962-43-2
Төрт томнан тұратын бұл іргелі еңбек - қытайлық тарихшы ғалым Су Бэйхайдың қазақ халқының ерте заманнан - XX ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі тарихын төрт үлкен кезеңге бөліп қарастырған зерттеу жұмысы (колжазба). Ұсынылып отырған кітаптың үшінші томында XV- XIX ғасырлар аралығындағы Қазақ хаңдығының құрылуы мен дамуы, Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы мен Ежен хандығының (Цин империясының) қатынасы, сондай-ақ, император Цяньлун, Цзяцин жылдарындағы Цин империясының қазақтарға қаратқан саясаты, екі ел арасындағы сауда байланысы, Ресейдің Қазақ даласын отарлауы қатарлы мәселелер зерттелген. Автордың ғылыми пікірлері мен жекелеген ойларына, тұжырымдарына тарихнамалық, деректанулық сараптама жасалып, баға берілген. Бұл еңбек, ең әуелі, ғылыми көпшіліктің сыни көзбен оқып, зерттеу жұмысында пайдалануына арналған.
Су Бэйхай ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫ: Ерте заманнан - ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін.
/Төрт томдық зерттеу. Қазақ ұлтының дамуы. Аударма, зерттеу, факсимилие, - Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі», 2019. 2-том. - 748 бет.
ISBN 978-601-7962-42-5
Ұсынылып отырған кітаптың екінші томында қазақ халқының ұлт ретінде дамуы мен мемлекеттілік тарихының бастаулары қарастырылған. Бұл ретте қазақ халқының арғы ата-бабалары құрған Түркеш және Қарлұқ қағанаттарының, Қара хан және Қара қидан мемлекеттерінің тарихы, XIII ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақтың іргелі тайпаларының мән-жайы, Шыңғыс әулеттерінің үстемдігі, Алтын Орда, Ақ Орда, Сібір хандығы және Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның тарихы зерттеліп, оған байланысты автордың жеке көзқарастары пайымдалған. Қолжазбаны қазақ тіліне аудару барысында аудармашы тарапынан автордың ғылыми пікірлері мен жекелеген ойларына, тұжырымдарына тарихнамалық, деректанулық сараптама жасалып, баға берілген. Бұл еңбек, ең әуелі, ғылыми көпшіліктің сыни көзбен оқып, зерттеу жұмысында пайдалануына арналған.
Су Бэйхай Қазақтың жалпы тарихы: Ерте заманнан- ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін.
/Төрт томдық зерттеу. Қазақ халқының тегі және ұлт болып қалыптасуы. Аударма, зерттеу, факсимилие
/Алматы: «Асыл кітап» баспа үйі», 2018. 1-том. – 696 бет.
ISBN 978-601-7962-19-7
Төрт томнан тұратын бұл іргелі еңбек қытайлық тарихшы ғалым Су Бэйхайдың қазақ халқының ерте заманнан -XX ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі тарихын төрт үлкен кезеңге бөліп қарастырған зерттеу жұмысы (қолжазба) негізінде дайындалды. Онда автор қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің негізін біздің дәуірімізге дейінгі Сақ, Үйсін заманынан бастайды. Түркеш қағанатын Қазақ жерін ең алғаш біріктірген қағанат (мемлекет) ретінде қарастырады. Еңбекте қазақ тарихының хронологиялық шеңбері кеңейтіліп, мазмұны барынша байытылған. Автордың Хан, Таң және Цин империяларының жаулаушылық саясатын жақтайтын қытайлық дәстүрлі тарихнамлық көзқарастарына қарамастан, бұл кітаптың Отан тарихын зерттеуге тигізер пайдасы мол. Ендеше, ол ең әуелі ғылыми көпшіліктің сыни көзбен оқып, зерттеу жұмысында пайдалануына арналған.
Х.Әбжанов, Г.Нұрымбетова Ұлы дала тұлғалары.
/Қоғам және мемлекет қайраткерлері: Ғылыми- танымдық 8-кітап
/Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2020 - 250 б.
ISBN 978-601-298-860-4
Кітапта қазақтың XX ғасырдағы қоғам және мемлекет қайраткелерінің өмірі мен қызметі тұлғатанулық тұрғыдан зерделеніп, жастарға үлгі- өнеге боларлық жасампаз тағылымдары баян етілген.
Гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, сонымен қатар, көпшілік оқырман қауымға арналады.
С.Смағұлова Ұлы дала тұлғалары
/Қазақ ойшылдары: Ғылыми-танымдық 4-кітап.
/Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2020 - 236 б.
ISBN 978-601-298-862-8
Ғылыми-танымдық еңбекте ІХ-ХХ ғасырлар аралығында қазақ жерінде өмір сүрген әл-Фараби, М.Дулати, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпеев тәрізді ғұламалардың, ойшылдардың, ағартушылардың философиялық, тарихи, ағартушылық бағыттағы еңбектеріне талданады.
Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, сонымен қатар. көпшілік оқырман қауымға арналады.
Т.Омарбеков Ұлы дала тұлғалары
/Көне түркі тұлғалары мен арғы қазақтар:Ғылыми-танымдық 1-кітап
/Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. 2020 - 276 б.
ISBN 978-601-298-861-1
Тарихи танымдық, тағылымы мол бұл кітапта Ұлы Даланың ежелгі тұлғаларының, алғашқы Ашина қағандарының, Болғар хандығын құрған Дуло (Дулу) әулетінің тұлғаларының, Шығыс түріктерінің (көк түріктердің) қайраткерлерінің мемлекеттік және қайраткерлік қызметтеріне жеке-жеке талдаулар жасалынған.
Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналады.
Т.С. Тебегенов Ұлы дала тұлғалары
/Қазақтың би-шешендері:ғылыми-танымдық 3-кітап.
/Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2020 - 190 б.
ISBN 978-601-298-859-8
Кітапта Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше тәрізді билер мен шешендердің қоғамдық-әлеуметтік қызметі мен көркемсөз үлгілері (афоризмдері, толғаулары, тұжырымдары-шешімдері) тұтастығы ықпалы тарихи-танымдық, эстетикалық-педагогикалық бағалау тұрғысында қарастырылған.
Кітап жоғары оқу орындарының білімгерлеріне (студенттерге, магистранттарға, докторанттарға), жалпы көпшілік оқырмандарға арналған.
Ұлы дала тұлғалары: Анықтамалық көрсеткіш
/Құрастырушылар: К.Н. Нәрібаев, Г.Р. Нұрымбетова, С.О. Смағұлова, Ә.М. Назаралы
/Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Ұлағат» баспасы, 2019-226 бет.
ISBN 978-601-298-767-6
Анықтамалықта көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының тарихында ерекше орын алған, өшпес із қалдырған тұлғалардың өмір жолы мен мұрасы қамтылған. Кітап тарихшыларға, саясаттанушыларға, сонымен қатар, тұлғатану тарихына қызығушылық танытатын студент-магистрант жастарға, қалың оқырманға арналған.


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com