Тасболат Е.Б. «Полимер физикасының негізі. Оптикалық аспаптар жасау техникасы. Экспериментте қолдану әдістемесі»: Оқу құралы. /Е.Б.Тасболат -Алматы: Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, 2016.- 217 бет.
ISBN 978-601-06-3676-7
Бұл оқу құралы 11 сынып физика курсы оқулығы бойынша жаратылыстану-математика бағыттарына арналған бағдарламасы негізінде жазылды. Полимер материалы негізінде жаңадан 9 оптикалық аспаптар жасалды. Осы аспаптарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы 37 демонстрациялық эксперимент, 2 фронтальды зертханалық жұмыс және 5 физикалық практикумдардың орындалу әдістемесі берілген.
Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика-техникалық, бағдарларда білім ала алады. Мақсаты жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету, мектеп шеберханасында полимер материалы негізінде жаңа оптикалық аспаптар жасап, онымен полимер физикасының оптикалық заңдылықтарын зерттеу. Бейіндік оқыту - қолданбалы курс ретінде пайдалану арқылы жаңа оптикалық эксперименттер жасау. Оптикалық аспаптар жасау негізінде бірнеше тақырыптарды "Ғылыми жоба" ретінде алып, физикалық зерттеу жұмыстарьн жүргізуге болады. Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары деңгейі оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, әлеументтенуіне, септігін тигізу. Мектеп пен кәсіби, физика-техникалық білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз етуді көзеген. Білім мазмұны география, биология, химия экология пәндері мазмұнымен байланыстырылып жазылған.
Қолданбалы курс орта мектеп физика пәні мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына, физика пәні мұғалімін даярлайтын университеттер мен педагогикалық институт студенттеріне, мұғалімдер білімін жетілдіру институты мамандарына арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы