Әлбозым Д.Шыңғыс-Қаған: тарихи роман. Данияр Әлбозым. - Алматы, «Ценные бумаги» баспасы, 2016. — 206-6.
ISBN 978-601-06-3897-6
Роман Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясыньң кұрметті академигі, заманымыздың ғұлама тарихшысы Тілеуберді Әбенайұлының ескі қытайшадан аударып, түпнұсқасын қалпына келтірген «Шыңғыс-Кағанның қузауыры» атты ұлы дестірдің жүлгесін негізге ала отырып жазылған.
Бүкіл Түркі дүниесін бір тұлғаландырған ұлы қолбасшьшың өмір жолы даңқты істері нанымды да, көркем бейнеленген. Тілі жатық, ойы шұрайльі терең толғаныстар мен даналық ойларға, мақал-мәтелдерге, шежіреге толы дүние. Жалпы алғанда әдебиет пен тарихқа, этнография мен ұрпақ тәрбиесіне қосылған зор үлес болары анық.
Қазіргі оқырманның қаржы мүмкіндігі мен уақытына жанашырльқпен қарап, роман барынша ықшам етіп жазылған.
Герольд Бельгердің: «Қазіргі қазақтың тарихи романдары бір-біріне егіз қозыдай ұқсас үлкен той немесе ас беріледі, ондағы күрескен балуандар міндетті түрде шынжырмен байланған күйде шығады, тарихи оқиғалардан гөрі қаптаған жекпе-жектер мен табиғатты суреттеу басым келеді», — деген ескертулері де ескерілген.
Шығарма қазақ тарихындағы Шыңғысхан туралы жазылған тұңғьш тарихи роман және оның мақсаты — тілінен барған сайын ажырап бара жатқан әзіргі қазақ, қауымын өзінің Ұлт Атасы — Әз Шыңғыс-Қағанымен қауыштыру.
Мұның сыртында ұшы-қиырсыз баяндауларға, ұзақ сонар суреттеулерге жол берілмеген, сценарий немесе пьеса жазуға қолайлы дүние екенін атап айтқымыз келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы