2019 жылдың 28 мамыр күні «31 мамыр – саяси-қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Жас мамандар кеңесі мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Одепқызымен «Ашаршылық қасіреті» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтар, оның шығу себебі мен салдары, аштықпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары, қазақ зиялыларының, шетелдік ұйымдардың аштықты ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты айтыл ды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубетінен халқымыздың жартысына жуығына қырылып қалу қаупі төніп, орны толмас зардап шекті. Бұл зұлматтардың шығуына табиғи-климаттық жағдайдан басқа большевиктік сұрқия билік әсер етті. Аштық халқымыздың демографиялық жағынан ақсауына алып келді. Аштық қасіретінің жантүршігерлік зардаптары миллиондаған адамдарды тағдыр тәлкегіне ұшыратты. Толықтай қаншама отбасының түтіні түтенбей, қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы ақсады, әлеуметтік жағдай толықтай төмендеді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, боса көшіп, шетел асты. Ауылдар қаңырап бос қалып, тозып өлген адамдардың сүйектері далада шашылып, жинаусыз қалды. Адам етін жеу, өз баласын жеу сияқты сұмдықтар кеңінен орын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы