Қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогияғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылым академиясының Президенті, Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолын жалғастырушы академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толып отыр. Ғалымның мерейтойына арналған конференциялар ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарында да аталып өтуде.
Шахмардан Есенов Қазақстан ғылымын көтеруге, ғылымның қара шаңырағы Ғылым академиясының өсіп-дамуына көп еңбек сіңірді, барлық күш жігерін жұмсады.Ғылым мен өндірісті тығыз байланыста ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі мен белсенді қоғам қайраткерлігі оны республика дәрежесіндегі тұлға ретінде қалыптастырады.
Республикада жүргізілген көптеген геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына жалпы басшылық етті. Соның ішінде Маңғыстаудың оңтүстігінде ашылған аса ірі мұнайлы-газды аумақ Жетібаймен Өзенмұнай орындары, олардың қысқа мерзімде барланып, іске қосылуы ғалымның аса дарындылығын көрсетті. Өз мамандығын жете меңгерген кәсіби геолог, зерделі ғалым Жезқазғанда, ұлы Ұлытау төсінде ашылған үлкен кен орнында жеті қабат жер астынан кен байлықтарын іздеуде, жер қойнауын зерттеуде жұмысты шебер ұйымдастыра білетін нағыз басшы ретінде көпке танылды. Қазақстанның геология ғылымын, оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға үлкен үлес қосты, ел игілігіне айналдырды.
ҚазССР Ғылым академиясындапрезидентболып тұрғанда ұлттық мәдениетімізді зерттеуге, әдебиетімізде ұмыт болған, тыйым салынған эпостар мен дастандарды қайта өмірге әкелуге зор ықпал жасады. Өз ісіне барынша адал ғалым Лениндік, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болды, Ленин орденімен екі рет марапатталды. Осылардың барлығы оған Қазақстандағы ең жауапты қызметтердің тапсырылуының және оны аса жауапкершілікпен жоғары деңгейде атқарғанының айғағы десе де болады.
Ғалымды еске алуға арналған іс-шараға Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Ш. Есеновтың монографиялары, ғылыми жұмыстары және замандастары жазған естеліктері қойылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты