85 жыл
Ақпан айының 9 жұлдызында ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Іс-шараның мақсаты, Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу.
Кеш қонақтары Қазақстанның мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын Серік Қалиев, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Бағдат Дүйсенов, «Самға» тобы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері Оралбек Алмас пен Елесбай Нұржұман, Алматы Университетінің студенттері Әліп Нұрахмет, Айтақын Мәрлен, Насыр Еркін,
Алматы қаласы «Зерде» мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы, Мұқағали Мақатаевқа арналған «Ғұмыр-дария» халықаралық жасөспірімдер конкурсының жеңімпазы Әзімбек Әлжан және №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының 4 «ә» сынып оқушысы Абай Акрам.
Кешке қатысқан қонақтар мен кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын оқыды.
Кеш соңында ақын шығармашылығын зерттеушілерге, оқырмандарға арнап Ғылыми кітапханада қойылған «Өзіңсің поэзия пайғамбары» атты кітап көрмесін тамашалады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты