85 жыл
2014 жылы 24 қазанда «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Сейсмология институты, Жануартану институты, Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институты және Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының қызметкерлеріне арнап Ақпарат күнін өткізді.
Қазіргі заман талабында қоғамды дамытудың маңызды шарты ақпарат тарату болып табылады.
Ақпарат күніне қатысушыларға, кітап қорын жинақтаудың жай-күйі, оқырмандарға қызмет көрсетудің түрлері мен әдістері, кітапхананың ресурстары, ғылыми-библиографиялық қызмет, кітапханадағы халықаралық кітап алмасу жұмыстары және Ғылыми кітапхананың келешектегі жұмыс істеу бағыттары туралы ақпарат берілді.
Сейсмология, жануартану, топырақтану, медицина, иммунология, вирусология ғылымдарына арналған әдебиеттерден тақырыптық көрме ұйымдастырылды. «Ақпарат күніне» институттардың ғылыми қызметкерлерінен 31 адам және ғылыми зерттеу мекемелеріндегі филиалдардың кітапханшылары қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби» мұражайында 2013 жылғы 4 қарашада өткен «Музей қорындағы көне қолжазбалар мен кітаптарды, құжаттарды сақтаудың өзекті мәселелері және ғылыми зерттеудегі өзара ықпалдастық» тақырыбында өткізілген облыстық семинар – кеңеске «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасынан қолжазбалар, сирек кітаптардың кітап көрмесі қойылып, Ғылыми кітапхана сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімінің бастығы Г.М. Абикова мен Сирек кітаптар мұражайының қызметкері Т. Талғат баяндама жасады.
Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» РМК ғимаратында 2014 ж. 5 желтоқсанында «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция сағат 10.00-да басталады.
Қазақ диаспорасының мәселелеріне арналған кезекті ғылыми форумның басты мақсаты жаңа этномәдени, этнографиялық, этносоциологиялық, ескерткіштанулық және т.б. зерттеулердің нәтижелерін халыққа таныстыру болып табылады. Бұл зерттеулер ең алдымен соңғы жылдары ТЭИ Этнология бөлімінің жүргізген және басқа да Орталық Азия (Моңғолия, Қытай, РФ Алтай Республикасы) және Орта Азия өңірлеріндегі қазақ диаспорасы мәселесімен айналысатын бір топ ғалымдардың ізденістері. Халықаралық конференцияның маңызды мақсаты қазақ диаспорасының қазіргі кездегі этномәдени, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының байланыстарының кеңеюі мәнмәтінінде Орталық Азия өңірінің этномәдени құндылықтарының сақталуының маңызды және өзекті мәселесін қамту болып табылады.
Алматы қалалық кітапхана күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасында XVII-XX ғасырлардағы үлкен көлемді сирек кітаптар көрмесі ашылды. Көрмеде тарих, өнер, дін, көркем әдебиет жайындағы кітаптар және атластар мен басқа басылымдар да ұсынылады.
Жұмыс уақыты: 2014 ж. 15-17 қазан
9-00-ден 19-00 ге дейін
Фонд Научной библиотеки РГП «Ғылым ордасы» пополнился новыми изданиями Шангерея Жаныбекова:
1. «О пройденном пути и добрых попутчиках»
2. «Өнегелі өмір»
3. Учебным пособием З.Хотры, В.Вуйцика, Б.Сулейменова:
«Технология электронной техники» в 6-ти томах:
Т.1-«Выращивание монокристаллов, физика и техника вакуума»
Т.2-«Механическая и физико-химическая обработка. Процессы диффузии в полупроводниках»
Т.3-«Процессы эпитаксии и ионной имплантации. Лазерная, плазменная и электронно-лучевая обработка материалов»
Т.4-«Электронно-лучевая обработка. Технология тонких и толстых пленок»
Т.5-«Технология фото-, электронно-и рентгенолитографии»
Т.6-«Создание наноструктур. Монтаж, сборка и контроль в технологии электронной техники»
Также имеется электронная версия данного учебного пособия.
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК, Францияның Орталық Азияны зерттеу институтымен (IFEAC) бірлескен «Манускриптология және кодикология» бойынша халықаралық жазғы мектеп жұмысы жайында хабарлама.
Мектеп 2014 жылдың тамыз айының 25-29 жұлдызы аралығында ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапаханасының сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінде жұмыс істеді.
«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАДА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРАН КІТАПТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ. ЭКСПОЗИЦИЯҒА XVIII-XXI ҒҒ. ҚАЗАҚ, ПАРСЫ, АРАБ ЖӘНЕ ТАҒЫ БАСҚА ТІЛДЕРДЕГІ ҚҰРАНДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕЛЕРІ ҚОЙЫЛҒАН. КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЭКСПОНАТТАРДЫҢ ІШІНДЕ ҚОЛЖАЗБА ЖӘНЕ КІШКЕНЕ КӨЛЕМДЕГІ ҚҰРАНДАР БАР. ЕҢ КӨНЕ ҚОЛЖАЗБА ҚҰРАН 1855Ж. АРАБ ТІЛІНДЕ ШЫҚҚАН. ШЫҒЫС МҰҚАБАСЫ, КӨРКЕМ ЖАЗУ, БЕЗЕНДІРУЛЕР ҮЛКЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТУҒЫЗАДЫ. ҚҰРАНДЫ КӨШІРУ ДІНИ ІС БОЛЫП САНАЛДЫ, АЛ КӨРКЕМ ЖАЗУ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ЖОҒАРЫ ТҰРДЫ. ҚҰРАНДАР ТҮРЛІ ҚОЛ ТАҢБАМЕН, АЛ СҮРЕЛЕР АТЫ МЕН ЖИЕКТЕРІ СҰЙЫҚ АЛТЫН, ТҮРЛІ-ТҮСТІ СИЯЛАР МЕН ТУШЬТЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЙ ӘШЕКЕЙЛЕРМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ.
Сәуірдің отызыншы жұлдызында «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп «Қазақстан тарихына байланысты сирек электронды басылымдар» атты дөңгелек үстел өткізді.
1. Шараға Ұлттық кітапхана қызметкерлері, Орталық Музей, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, Кітап музейі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қайнар Университеті, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, Сирек кітаптар музейі, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мамандары аса белсенділікпен қатысты.
2. ҚР БҒМ ҒК«Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Н. Сейдін өз сөзінде Сирек кітаптар қорының құрылу тарихына, содан бері 90 мың данадан аса сирек кітаптарды, 22 мың дана қолжазбаларды, 100 мың данадан аса қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеттері, ТМД халықтары тілдеріндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды құрайтын Қазақстандағы ең ірі сирек кездесетін документтерді сақтайтын қор болып табылатындығына тоқталып өтті.
Химия институты
21-26 сәуір аралығында Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының кітапханасында кейінгі 2013-2014 жылғы химия саласы бойынша жаңа түскен 51 дана кітап 83 дана мерзімді басылымдар қойылды. Бұл көрмені институт ғалымдары, химия ғылымдарының докторы Жұмаділов Т, Ержанов Қ, Бектенов Н т.б. ғылыми қызметкерлер, доктарант, магистранттар, ж/е жоғарғы оқу орындарының химия факультетінің студентері (КБТУ, Абай атындағы қазақтың педагогикалық университеті, Мемлекеттік қыздар университеті) көріп, қызығушылық танытып, үлкен сұранысқа ие болды.
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы 15.10.2014 ж. дейін «Polpred.com БАҚ-на шолу» мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Polpred.com БАҚ-на шолу. Маңызды жарияланымдар мұрағаты қолмен жиналады. Рубрикаторы бар дерек қоры: 26 сала / 600 дерекнама / 8 РФ федералдық өңірі / 235 мемлекет және аймақтар / маңызды құжаттар/ адамдардың 5000 тұңғыш мақалалары мен сұхбаттары. Күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілінде толық мәтін, соңы 15 жыл ішіндегі ақпарат агенттігінің миллиондаған ең үздік іскер баспасөздері. Іздеу салу. Бірден Word-тағы мақалаларды экспорттау. Сала және мемлекет бойынша Интернет-сервисі. Polpred.com – кітапхананың барлық компьютерлерінен және желі ішінде кіру мүмкіндігі бар.
Интернет - зал
Факс: 261-02-60
e-mail: ,
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты