85 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитеті

«Ғылым ордасы» РМК

Ғылыми кітапхана

АҚПАРАТ ХАТ

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

«Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы 2016-жылдың ақпан айының 9-ы сағат 15.00-де Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізеді.

Кеш қонақтары:

  1. Нұрғожаев Жақыпжан Мұсабекұлы — журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Мұқағали» журналының бас редакторы.
  2. Қалиев Серік – Қазақстанның мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын.
  3. Дүйсенов Бағдат – ақын, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері.

Іс-шара мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу.

Қатысушылар «Ғылым ордасы» РМК, ҚР БҒМ ҒК Ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, «Ғылым ордасы» кешені базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының докторанттары мен магистранттары.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29

«Ғылым ордасы» РМК кинозалы (3-қабат)

Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:

Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы     +7 (727) 272-83-41

Момышева Әлия Сауытбекқызы            +7 (727) 300-54-20

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ