85 жыл

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Халықаралық инженерлік академиясының және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ғылым және техника саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім Кеңес Қорының президенті Құлыбаев Асқар Алтынбекұлының 80 жасқа толу мерейтойына арналған «XXI ғасырдың жаңа құрылыс трендтері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына кітап көрмесін ұйымдастырды.

Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы 1937жылы 1 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ ауыл шаруашылық институтын, Қазақ политехникалық институты мен Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі. Өзінің еңбек жолын 1961 жылы №1 Алматы автожөндеу зауытынан, содан кейін Алматы ауыр машина жасау зауытынан бастады.

А. А. Құлыбаев мемлекеттік қызметтерді белсенді атқарды. Өндірістің жоғары білікті маманы, талантты ұйымдастырушысы, тәжірибелі басшы Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев Қазақстанның құрылыс кешенінің дамуына үлкен үлес қосқан. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының көптеген қалаларында өнеркәсіптік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы маңызды бірегей нысандар тұрғызылды. Құлыбаев А. А. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) негізін қалаушыларының бірі болып табылады.

А. А. Құлыбаевтыңеңбегі мемлекет пен және халықаралық ұйымдармен жоғары бағаланды. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Халықтар достығы», «Отан» 2 орденімен, «Үлкен Жұлдыз» әлем ордені қоғамдық марапатымен, «Барыс» орденімен, Халықаралық инженерлік академияның үлкен күміс медалімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясымен бекітілген академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы күміс медалімен, Қазақстан Республикасының білім беру «Меценат» алтын медалімен марапатталды.

Қойылған кітап көрмесінен ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материалдармен  танысуға болады.

          

Жаңалықтар

  • Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізіледі

  • РМК «Ғылым ордасында» тұрақты «Аманат» киноклубының ашылуы болды

    Байтенова Н. Ж. д-р филос. наук, профессор кафедры религиоведения и культурологии Рысбекова Ш. С. д-р филос. наук, профессор кафедры религиоведения и культурологии Нуршанов А.А. PhD

    Read More
  • Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

    Ақпан айының 9 жұлдызында ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар»

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5