85 жыл

2017 жылдың 8 ақпан күні «Ғылым ордасы» РМК қарасты Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша шығарылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға арнайы шақырылған Алматы қ. ірі кітапханаларының мамандары, «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері, сонымен қатар Т.Ә. Бейісқұловтың туған-туыстары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды Орталық ғылыми кітапхана меңгерушісі  Қ. Е. Қаймақбаева кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарға кітапхананың тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, өз тарабынан кітаптың көпшілік оқырманға жол тарту мәселесін қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, кітапқа байланысты қандай да болсын ұсыныс-тілектерін ескеріп, көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.

150 беттен тұратын бұл кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Таралымы – 50 дана. Құрастырушылар : Е. Бейсқұлов, А.Ж. Сақанова. жауапты. редактор  Қ.Е. Қаймақбаева,. Библиогр. ред.: Г.И. Бельгибаева. (сілтеме)

Кітап  Т. Ә. Бейісқұловтың ұлының ұсынысымен және «Ғылым ордасы» РМК қарасты Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен жарыққа шығып отыр. Кітапқа академиктің өмір-баяны мен көптеген еңбегі және  Т.Ә. Бейісқұловқа арналған өлеңдер енген.

Шара барысында зерттеушінің ұлы Е. Т. Бейсқұлов келген қонақтарға әкесі жайлы слайд-шоу ұсынды. Сонымен бірге, Ғаббас Қабышұлы , Шәкен Күмісбайұлы , Талғат Айтбайұлы сияқты жазушылар автор жайлы әдемі естеліктер айтып, өз кезегінде отырысты ұйымдастырушы кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

                

                       

                       

 

Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловтың өмірбаянына аз-кем тоқтала кетсек:

Қаламгер 1932 жылғы 15 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданының (бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас ауданының) Қарлығаш ауылында дүниеге келген.

Бастауыш мектепті 1941 ж. Төңкеріс ауылында бітіреді, Фурманов (Есалы) ауылында жетіжылдық мектепте оқиды. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдайды. 1957 жылы желтоқсанда Талдықорған облыстық комсомол комитетінің комсол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары және бюро мүшесі қызметіне бекітіледі.

Қаламгердің ғылыми-шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, нақақтан атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен хикметін зерделеу, көпшілікке жеткізу. Бұл іске 40 жылға жуық өмірін арнады. 1970 жылы журналистік зерттеуден басталған бұл жұмыс ұзаққа созылды. Міне, осы бағытта бірсыпыра жұмыстың басы қайырылды. «Б. Майлин – публицист» (1979 ж.), «Қанатты қаламгер» (1983 ж.), «Дарын даралығы» (1994 ж.), «Бейімбетті атқан кім?» (2000 ж.) еңбектері жарық көрді, «Би аға» естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің арқасында «Қилы заман азабы» (2003 ж.) кітабы шықты. 2005 жылы «Бейімбет Майлин және ұлт өнері» атты деректі-публицистикалық эссесі баспадан жарық көрді.

Қалтасы қалың бизнес болмаса да туған ауылы Қарлығаштан 1941-1945 ж.ж. қан майданға қатысқан 91 адамның аттарын қашап жазғызып ескерткіш орнаттырған.

Т.Ә. Бейісқұловтың жарық көрген  еңбектері:

Әкелер даңқы жолымен. Публицистика. 1973, 4,55 баспа табақ.

Кеудесін оққа тосып. 1975, 2,1 б.т.

Б. Майлин публицист. 1979. 2,51 б.т.

Қанатты қаламгер (Б. Майлин). 1983, 8,12 б.т.

Би аға (естеліктер жинағы). 1991, 15,96 б.т.

Біздің ауыл Үшқайың. 1993, 7 б.т.

Желтоқсан ызғары (1986 жылғы көтеріліс жайында деректі-публицистикалық зерттеу-толғау). 1994, 10,9 б.т.

Дарын даралығы (Б. Майлин). 1994, 7,53 б.т.

Сарбиік сағасында (публицистикалық толғау). 1995, 5,88 б.т.

Қоштаспаймын, махаббат! Эпистолярлық повесть. 1999, 6,5 б.т.

Қаза мен аза. Роман-эссе. 2000, 25 б.т.

Бейімбетті атқан кім? 2000, 10 б.т.

Толғауы тоқсан тағдыр. Деректі-публицистикалық толғау. 2000, 7 б.т.

Үйгентас өңірі. Деректі-публицистикалық толғау. 2001, 11,5 б.т.

Таңшолпан жарқырап туды. Өткен күнде белгі бар. 2002, 10,75 б.т.

Қилы заман азабы. Бейімбет Майлин өмірі. 2003, 22 б.т.

Майлышат. Деректі-публицистикалық толғау. 2003, 7,5 б.т.

Бейімбет Майлин және ұлттық өнер. 2005, 7,4 б.т.

«Сарыарқа саңлағы» кітабына ғылыми редактор: 2007, 20 б.т.

Бестомдық жинағы. 2008 ж.

Жанталас өмір. 2009 ж., 17,2 б.т. 

 

Жаңалықтар

  • Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізіледі

  • РМК «Ғылым ордасында» тұрақты «Аманат» киноклубының ашылуы болды

    Байтенова Н. Ж. д-р филос. наук, профессор кафедры религиоведения и культурологии Рысбекова Ш. С. д-р филос. наук, профессор кафедры религиоведения и культурологии Нуршанов А.А. PhD

    Read More
  • Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар» атты әдеби-сазды кеш өткізілді

    Ақпан айының 9 жұлдызында ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырларым, жылдарменен жалғасыңдар»

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5