2017 жылдың 22-25 маусымы күндері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысымен Астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы болып өтті. Құрылтайға алыс және жақын шетелдердің 39 елінен қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, ғылым және білім, мәдениет пен спорт т.б. еңбек салаларынан делегаттар қатысты.
«Ұлттың ұлы жиыны» болған осы маңызды үлкен іс-шараға арнап «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы «Әлем қазақтарының Құрылтайы: қазақ диаспорасының бірлігі және тарихи отанымен байланысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге 1992 жылы өткен алғашқы Құрылтайдан бастап бүгінгі Құрылтайға дейінгі уақыттағы еліміздегі айтулы табыстар, этникалық көші-қон саясаты, диаспора және репатрияция мәселелері, елге оралған отандастардың ғылымның, мәдениеттің дамуына, еліміздің экономикасының өсуіне, көркеюіне қосып жатқан үлестері туралы жазылған ғылыми еңбектері, мұрағат қорынан құжаттар жинағы қойылды.
Көрменің бір бөлімі толығымен шетел қазақтарының тілі, әдебиеті, фольклоры, өнері және диаспораның мәдени мұраларына арналып Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Қытайдағы отандастарымыз, Европа, Австралия, Алтай, Иран, Түркия қазақтары, Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің әр облысында тұратын қазақтар жайында ғылыми еңбектермен, олардың тыныс-тіршілігі, өмір сүріп жатқан ортасындағы алатын орны, жеткен биіктері туралы баяндайтын көптеген материалдармен толықтырылды.
Атамекеніне оралған қандастарымыз қоғамның әр саласында еңбек етіп, сол салада еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жатыр. Әсіресе, олардың туған тілін қадірлей отырып жазған роман, повесть, тарихи жырлары мен атамекенге арналған өлеңдер жинағы да осы көрмеден орын алды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты