меню

Memlekettik tapsyrys

Телеуова 3.Құлаған үйдің құпиясы / Зияш Телеуова. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 144 бет.

ISBN  978-601-338-384-2

Жас өспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бірінші - «Ит жоғалған күн» оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертөлесіне біреулердің кіріп-шығып жүргенін көріп, сол есікке бақылау орнатады. Құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен діни секта мүшелері діни рәсімдерін өткізу үшін қамауда тұтқын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, құтқару әрекеттерін жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді.

Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы,үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткін- шектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көрініс- теріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

Шаймерденұлы Е. Сағым дәурен. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 400 б.

ISBN  978-601-338-370-5

     Ақын Ербол Шаймерденұлының «Сағым дәурен» жинағына 1995 жылы шыққан «Көңіл суреті», 2004 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» жыр жинақтарынан «Сенемін саған, жарық күн», «Тербеледі ой-бесік», «Жалғаса бер, жолдарым», «Жанымның жайып жапырағын» атты тараулары, 2006 жылы толықтырылып, қайта басылған «Жүректегі жазулар» кітабы және 2013 жылы шыққан алты томдық шығармалар

жинағының екінші томына енген және бұрын жарияланбаған бірнеше жырлары еніп отыр.

     Ақын Ербол Шаймерденұлының бұл жыр жинағы айшықты азаматтық үнімен, терең ой сарынымен, ақ адал сыршылдығымен ерекшеленеді. Адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстар шынайылығымен тартымды. Отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын ойлы өлең, отты жырлар жыр сүйер қауымның жүрегіне жол табар деп сенеміз.

      Дүниежүзі түркологиясының тарихы: Хрестоматия. 1-бөлім / Құраст. Ш.И. Ибраев, К.Н. Келімбетов. - Алматы:     Раритет, 2019. - 312 б.

ISBN  978-601-250-307-4

Ұсынылған хрестоматия түркология тарихына қатысты теориялық постулаттардың (соmpendium) жиынтығынан, түрколог ғалымдардың зерттеулері (scientist opus) мен есімнамадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұратын оқу құралы болып табылады. Хрестоматияға әртүрлі елдер мен дәуірлерге қатысты түркологтардың ғылыми еңбектерінен үзінділер енгізілген, оны білу болашақ түрколог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Хрестоматиядағы еңбектердің бір бөлігі бүгінде сирек қолданылатын библиография болғандықтан, барынша кең ауқымда ұсынылды, қалғандары қысқа нұсқада берілді.

Хрестоматия «Дүниежүзі түркологиясының тарихы» (Алматы, 2016) монографиясына негізделіп жазылған.

Хрестоматияға іріктелген ғалымдардың еңбектері сала ішіндегі зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды, сондықтан қолдарыңыздағы оқу құралы тек түрколог-студенттерге ғана емес, зерттеушілер мен оқытушылар үшін де, түркология мәселесіне қызығушылық танытқан қалың оқырман үшін де өзекті болары сөзсіз.

      История всемирной тюркологии: Хрестоматия. Часть 1. /Сост. Ш.И. Ибраев, К.Н. Келимбетов. - Алматы: Раритет,      2019. - 336 с.

   ISBN 978-601-250-306-7

Хрестоматия, состоящая из теоретических постулатов (compendium) по проблеме, научных исследований тюркологов (scientistopus), персоналий и использованной литературы, является учебным пособием для высших учебных заведений. В хрестоматию включены фрагменты научных трудов тюркологов различных эпох и стран, знание которых будет способствовать повышению профессиональной компетенции будущего специалиста-тюрколога. Часть трудов, вошедших в хрестоматию, уже стали библиографической редкостью и поэтому они представлены более обширно, некоторые даются в сокращенном виде.

Хрестоматия может применяться в сочетании с учебно-методическими ком­плексами по тюркологии, использоваться в качестве самостоятельной учебной книги, которая создана на основе персоналий, представленных в монографии «История всемирной тюркологии» (Алматы, 2016). Отобранные для хрестоматии труды ученых представляют собой теоретико-методологическую основу исследований, что делает издание актуальным не только для студентов-тюркологов, но также для исследователей, преподавателей и всех, кто интересуется проблемами тюркологии.

Аупбаев Ж.Табиғат терезесі. Тараз: «Сенім» Жамбыл баспа орталығы, 2019. - 272 бет, сурет.

ISBN  978-601-7820-42-8

 Айтулы журналист, қарымды қаламгер Жанболат Әлиханұлы Аупбаевтың «Табиғат терезесі» атты кітабына еніп отырған әрбір дүниені оқыған сайын толқисыз. Тебіренесіз. Күрсінесіз. Қуанатын тұстарыңыз да аз емес. Алайда табиғат анаңыздың тағдырына деген алаң  көңіліңіз байыз таппайды. Жанболаттың  жазуындағы табиғат таңғажайыптарынан жан жүрегіңізге ұя салатын таңдай қақтырарлық тағылымдар ғана санаңызға сәуле құйып, жылу дарытады. Жұбатады. Әлденеге үміттендіреді. Илан- дырады. Сендіреді.

«Табиғат терезесі» - Жанболат Аупбаевтың  қаламгерлік қарымын танытатын, оқырманның танымын дамытатын, табиғат анаға, туған жерге деген сүйіспеншілік сәуле дарытатын кітап.

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - ЕЛБАСЫ

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


блог333 1

Генеральный директор
РГП «Ғылым ордасы»
Тультаев Бауржан Тультаевич

gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

меню