2019ж. 27 мамыр күні «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының 180 жылдығана арналып шығарылған «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімін ашып, алғашқы болып сөз сөйлеген М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к.Әлбеков Тоқтар Кесімұлы болды. Сонымен қатар, тұсаукесерде: зерттеуші, шежіреші, кітапты шығарушы – Саттаров Сейітомар, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы, жазушы – Елубай Смағұл Абатұлы, «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев сыйлығының иегері, ақын – Әлімұлы Аманхан,жазушыМамытбек Қалдыбай, дінтанушы ғалым – Жандарбек Зікірия Заманханұлы, М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің ғылыми қызметкері – Елесбай Нұржұма, тарих ғ.д., профессор Смағұлова Светлана Одеповна, тарихшы-ғалым Әлімғазы Дәулетхан және т.б. сөз сөйлеп, Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалар жинағы туралы өз ойларын білдірді. Жинақтың тұсаукесеріне келген қонақтар мен оқырмандар қауымы жинақ туралы оң баға берді.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Жамбыл ақын Майлықожаның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын  берген екен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан-мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы / Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.

33,5 баспа табақ .  Таралымы 100 дана.  Сандық форматта ОҒК сайтында ұсынылып отыр.

Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды.

Бұл жинақ белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша және көп жылдар жинаған қолжазбалары негізінде бірлесіп жасалған еңбек. Сейітомар Саттарұлының жинаған Майлықожа ақынға қатысты қолжазба көшірмелері Орталық ғылыми кітапхана қорына өткізілді.

                   

 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Тәуелсіздік дәуірі

    Назарбаев Н. Ә.       Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2 ӘОЖ 323(574) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік

    Read More
  • Яссауи феномені кітабының тұсаукесері

    Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері

    Read More
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

    2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6