Menu

Еліміздің тарихында Алматының алар орны айрықша. Қаланың ерте замандардан қазіргі дәуірге дейінгі бастан өткерген бай тарихы бар. Біз мұны мақтан тұтамыз. Алматы XX ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасы болып, республиканың барлық саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басқару мекемелері орналасып, Қазақстан тағдырына қатысты маңызды шешімдер – «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» мен «Тәуелсіздік туралы заң» қабылданды. Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері де осы қалаға келді.

Жетпіс жылға жуық мемлекетіміздің астанасы болған Алматының тарихы мәдени шежіреге бай. Қаламыздың тамаша сәулеттік ғимараттары, көркем галереялары, әсем театрлары, концерттік залдары, тұңғыш университет, Ғылым академиясы – барлығы да Алматының құрамдас бөлігі.Асқақ Алатаудың бөктеріндегі әсем табиғат аясында үйлесім тапқан осы құндылықтарды ардақ тұтатын халқымыз Алматыны мәдени астанамыз деп әспеттейді.

Алматы күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Алматы – мәдени астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден «Алматы тарихы» 1-2 том(қазақ, орыc тілдерінде), «Алматы» энциклопедиясы, «Орта ғасырлардағы Жетісу өлкесінің астаналары», «Алматы - мыңжылдық тарихы»тағы да басқа әдебиеттермен таныса аласыздар.

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo